You are here

«Халықты жұмыспен қамту мәселелері» сұрақ-жауаптар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі делінген. Осы қаулыға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысушы үміткер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауылдық округі әкіміне жүгінеді .

Жауап: 

Сәлеметсізбе! Бүгінгі күні Өрлеу жобасының жүзеге асырылуы және шартты ақшалай көмекті (бұдан әрі – ШАК) көрсетудің тәртібі «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі. Аталған жоба пилоттық болып табылады және 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Жыл сайын оның пилоттық іске қосылуы жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті кең ауқымды көрсету және сәйкес құқықтық актілерге өзгерістер енгізу үшін бизнес-процесстерді жасауға мүмкіндік береді. Аталған қаулының аясында ағымдағы жылы ШАК көрсету параметрлері өзгертілді, нақтырақ айтсақ, құжаттар Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы қабылдана басталды.

Сонымен бірге, құжаттардың қабылдануы ассистенттер мен консультанттар арқылы жүзеге асырылатын болады. Проектті пилоттық түрде жүзеге асырудың 3 жылы ішінде бұл адамдарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің құзыретті мамандары үйреткен.

Осылайша, аталған өзгерістер жаңа нысандағы АӘК кедергісіз енгізуге мүмкіндік береді. 

Сұрақтың нөмірі: 343898
25 сәуір, 2017 - 20:24 өзгертілді

Құрметті Азамат Беймбектұлы!

      Елбасының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың соңында 2017 – 2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қабылданып, үстіміздегі жылдың 1-ші наурызынан бастап жаппай жүзеге асырылуы басталды.

      Бағдарламаның екінші бағыты ауылдық және қалалық елді мекендерде жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

Жауап: 

Құрметті Азамат Беймбектұлы!

      Елбасының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың соңында 2017 – 2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қабылданып, үстіміздегі жылдың 1-ші наурызынан бастап жаппай жүзеге асырылуы басталды.

      Бағдарламаның екінші бағыты ауылдық және қалалық елді мекендерде жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

      Қазіргі уақытта халыққа несие беру жұмыстарын ұйымдастыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері мен жергілікті атқарушы органдарымен несие беру туралы келісім шарт бекітілуде.

       Жалпы несие беру осы жылдың мамыр айнан басталады. Сонымен қатар несие алуға ниетті азамат кәсіпкерлік білімі болмаған жағдайда Бизнес – Бастау жобасы аясында бір ай мерзімде кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылады.

      Осы бағыт аясында мемлекеттік қолдау шаралары туралы, несие мөлшері, шарттары бойынша ақпарат алуға және Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жағдайда жергілікті жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығына, өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе ауыл әкіміне жолығуыңызға болады.

 

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР Д

Жауап: 

Сәлеметсіз бе,

 

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобасына қатысты мәселелер бойынша

 

1. мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы хабарлама болып табылады.

Бұл жағдайда, хабарландыру белгіленген нысандағы құжат болып табылмайды және жұмыс іздеп жүрген адамның тіркелгенін нақты түрде растау үшін көзделеді.

Сіз көрсеткен техникалық сипатқа ие мәселелер ақпараттық жүйені жетілдіру кезінде ескерілетін болады.

2. Көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет алу үшін жүгінген кезде құжаттар тізбесінің арасында оралман куәлігі көзделген.

Оралман куәлігі қатаң есептілік құжат болып табылады және оның статусын жеке сәйкестендіру нөмірімен растау үшін негіз болып табылады.

Осыған байланысты, оралмандарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде осы құжат жеке басты сәйкестендіру үшін қажет.

«Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартын бекіту туралы» ҚР ДСжӘДМ-нің 28.04.2015 ж. №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықпен бекітілетін №2 қосымшада «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қызмет көрсету кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына және Жастар практикасына, ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жолдаған кезде олардан ҚР ДСжӘДМ 14.06.2016 ж.

Жауап: 

Қазіргі таңда, Министрлік «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартына медициналық анықтаманы қосу мәселесі қаралатын болады.

 

Сәлематсыз ба, мен сияқты жасы елуден асқан азаматтарға жұмыс табу қиынға соғып тұр. Үйде үш адам жұмыссыз отырмыз. Әлеуметтік көмекті қалай алуға болады, жасыратыны жоқ, жылдың басында төрт ай алдым, содан кейін төлемей тастады, жолдасым әу бастан жұмыс жасаған жоқ, мен жұмыс жасап жүргесін ол адам бала тәрбиесімен үйде отырып қалған болатын. Енді жұмыс табылғанша әлеуметтік  көмек бола ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысына жұмысынан айырылған жағдайда төрт айға дейін әлеуметтік төлемдер төленеді.

Аталған төлем Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адам үшін отыз алты айдан бастап және одан да көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – алты айға тағайындалады.

Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесін жан-жақты қарастыру мақсатында Сізге тұрғылықты мекенжайыңызды және байланыс телефондарыңызды 74-35-39 телефонына хабарлауды ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 340351
27 қазан, 2016 - 17:55 өзгертілді

Саламатсызба! Біз ЖШС жұмыс орындарын аттестациялау бойынша мамандандырылған ұйымдардың тізіміне ену үшін қандай құжаттар тапсыру қажет? және кімге қайда жіберу керек екендігін білгіміз келеді. Жауап күтеміз...Рахмет!

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларының 9-тармағына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер, өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеу бойынша зертханаларының немесе сондай зертханалары бар ұйымдармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.

Сондықтан, Сіздің ұйымыңыз өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізетін болса, жоғарыда аталған  ақпараттарды ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігіне ресми түрде пошта арқылы жолдауыңыз қажет.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Министрлік халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді (7-баптың 16) тармақшасы).

«Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) 2016 жылы 14 шілдеде күшіне енді.

Бұйрықтың 1-қосымшасының 5-тармағына сәйкес Орталыққа қатысты уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган болып табылады.

Осыған орай, Жарғының 17-тармағында халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы жүйесіне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органы тағайындайтындығы көзделген. Яғни Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Саламатсыздарма! Мен Қызылорда облысы Жалағаш ауданының жұмыспен қамту орталығы қызметкерімін. Егер бір азамат 2015 жылы қараша айында жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2016 жылдың қаңтар айында тіркеуден шыққан болса, осы азаматқа аталған мерзімді көрсете отырып, (теркелген және шыққан) "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама бере аламынба? Алдын ала рахмет!

Жауап: 

Сәлеметсіз бе,

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 14-қосымшаның  («Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты)  9-тармағына және 6-тармағына сәйкес, жұмыссыз азаматты тіркеу туралы анықтама алу үшін көрсетілетін қызметті алушы алдымен, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «жұмыссыз азаматты тіркеу туралы» анықтама беруге өтініш береді және өтінішті бергеннен кейін  оған «жұмыссыз ретінде тіркелу туралы» анықтама беріледі.

Жалпы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыссыз азаматтардың еңбек нарығының біртұтас ақпараттық базасында қамтылған өзі туралы мәліметтерді тегін алуға құқығы бар.

Жоғарыда аталған Заң қабылданғанға дейін  жұмыссыз азаматтарға анықтаманы жергілікті атқарушы органдар (жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы) берген болса, қазіргі таңда Халықты жұмыспен қамту орталығы береді. 

Осыған орай, мемлекеттік қызметті алушы 2015 жылғы қараша мен 2016 жылғы қаңтар аралығындағы мерзімге анықтама алу үшін  жергілікті атқарушы органға жүгінгені жөн. 

Сұрақтың нөмірі: 336402
17 мамыр, 2016 - 18:02 өзгертілді

Саламатсыздарма! Мен Астана каласынан жумыс издеп жур едим. Али кунге деиин жумыс таба алмадым. Мамандыгым жогары. Павлодар облысында С.Торайгыров атындагы Павлодар мемлекеттік университетинде "Физика математика және ақпараттық технологиядар факультетинде "Физика және аспап жасау" кафедрасында Техника және технология бакалавры "Аспап жасау" мамандыгын 2013 жылы тамамдадым. Жумыс отилим бар.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша толық ақпарат алу үшін Сіз Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш бере аласыз.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында (мекенжайы: www.mzsr.gov.kz) Сіз жұмыс берушілердің дербес мәліметтері негізінде уәкілетті органдар ұсынған Астана қаласының еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының көрсеткіштерімен таныса аласыз, сондай-ақ өз мамандығыңыз бойынша жұмысшылардың кәсібі (мамандары) мен қызметкерлердің жұмысы тізбесінен таңдай аласыз.

Сонымен бірге, Сіз жұмыспен қамту жеке агенттік қызметтерімен пайдалануыңызға болады.

Сұрақтың нөмірі: 319550
31 желтоқсан, 2014 - 12:46 өзгертілді

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірі Т.Дүйсеноваға                                  Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Садовая көшесі №65 үйдің тұрғыны Ғ.Жеңісбекұлынан  тел: +77011763146

Жауап: 

Құрметті Галымжан Женисбекович!

Егер Сіз әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметке орналысқыныз келсе «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы                          23 шілдедегі N 453 Заңына сәйкес конкурсқа қатыса аласыз.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта, Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мәліметі бойынша деректер қорында, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-на және «Led System Media» ЖШС-не бағдарламашы мамандығы бойынша бос жұмыс орындары бар. Аталған мекемеге жолдама алу үшін және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысу сұрақтары бойынша Е. Брусиловский көшесі, 17/3 үй мекенжайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-не келуіңіз қажет.

орындаған: Жапалбаева А.М

Сұрақтың нөмірі: 317532
30 желтоқсан, 2014 - 16:17 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші