You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 
Саламатсызба!Мен ВУЗ-да жұмыс істеймін. Магистратура бітіргенмін. Менің інімде сол салада магистратура бітіріп, мен істейтін кафедраға келуде. Екеуміз бір кафедрада жұмыс жасай аламыз ба? біреулер айтады, бір кафедрада екулеріңіздің істеуіне болмайды дейді. Алдын- ала Сіздерге Рахмет!
Жауап: 

  Жауап: Мұндай тыйым тек қана мемлекеттік қызметшілерге қатысты ғана қолданылады. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. Жоғары оқу орындарында жұмыс атқаратын қызметкерлер мемлекеттік қызметкерлер санатына жатпайтындықтан, көрсетілген баптың нормалары оларға қатысты қолданылмайды. Осы орайда, ініңіз екеуіңіздің бір кафедрада жұмыс атқаруларыңызға ешбір тыйым салынбайды. Орынд. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 212031
6 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Саламматсызба!Менің сұрағым мынандай:ВУЗ-да жұмыс істемін 1 кафедрада апалы-сіңілі немесе апалы - інілі жұмыс ісеуге болама?
Жауап: 

 Жауап: Мұндай тыйым тек қана мемлекеттік қызметшілерге қатысты ғана қолданылады. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. Жоғары оқу орындарында жұмыс атқаратын қызметкерлер мемлекеттік қызметкерлер санатына жатпайтындықтан, көрсетілген баптың нормалары оларға қатысты қолданылмайды. Осы орайда, бір кафедрада туған туыстардың жұмыс атқаруына ешбір тыйым салынбайды. Орынд. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 212030
6 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Саламатсызба сіздерге қояр сұрағым, еңбекке жарамсыздық парағының узақтығы қанша айға созылуы мүмкін; яғни жұмысшы 4 ай бойы больничныйда болса , бұл адамға больничный төленеме? және ақысыз демалысты қанша уақыттқа дейін алуға болады.(безсодержание)
Жауап: 

 Жауап: Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебімен төленеді. Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін, оларды тағайындау және төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы. Екі айдан артық мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздықтың белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы №1171 қаулысымен бекітілген. Сонымен қатар, егер қызметкер осы тізбеге кірмеген аурумен екі айдан асатын уақыт бойы еңбекке жарамсыздық парағында болса, Еңбек кодексінің 54 бабы, 1-тармағы 17) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші онымен еңбек шартын бұза алады. Ал, жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша белгіленетінін хабарлаймыз. Орынд. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 211591
19 тамыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Саламатсыз ба? Ресей дипломымен (Горно-Алтайский государственный университет) Казахстанда настрофикациядан өтпей жұмыс істей алады ма? Басқа мемлекеттің дипломы Казахстанда қай жылдан бастап настрофикациядан өтуі керек? Екінші сұрағым: Ресей жұмыс өтілі (стаж) Казахстанда есепке алына ма?
Жауап: 

  Жауап: Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады. Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктерді беру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Осыған байланысты, осы сұрақтарыңызды ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолдағаныңыз жөн. Орынд. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 211590
18 тамыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіз бе. Студенттерді жазғы уақытша жұмысқа қабылдайды. Бірақ кейбір жердерде денсаулық сақтау кепілдігі жоқ. Бұған қалай қарайсыз?
Жауап: 

  Жауап: ҚР Еңбек кодексінде он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктеріне арналған жеке тарау көзделген. Осы тараудың баптарына сәйкес, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда (құрылыс, метталлургия кәсіпорындарында және т.б. ), еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, т.б. жұмыстарда қолдануға болмайды, белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады. Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №185-ө бұйрығымен бекітілген. Бұл құжат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz сайтында орналастырылған. Исп. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы.

Сұрақтың нөмірі: 211587
4 тамыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіздер ме? Мен институтты биыл Қызыл дипломмен бітірдім.Оқуыма 4 жылдық ақымды 'ҚазМұнайГаз' мекемесі төлеген болатын.Білгім келетіні: Осы мекеме мені жұмыспен қамтуы тиіс пе?Рахмет.
Жауап: 

  Жауап: Егер «ҚазМұнайГаз» Сізбен оқыту шартын жасаған болса, бұл мекеме Сізді жұмыспен қамтуға тиіс. Ал, бұл мекеме тарабынан Сіздің оқу ақыңызға қатысты тек қана демеушілік көмек көрсетілген болса, жұмыспен қамтуға міндетті емес. Исп. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы.

Сұрақтың нөмірі: 211586
30 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Саламатсыздарма! менин сиздерге коятын сурагым егер айел мугалим бала санымен зейнеткерликке шыкса, ол келеси оку жылында ол панге ммугалим жеткиликти болса толык сагат пен камтамасыз ету миндеттиме ?
Жауап: 

ҚазақстанРеспубликасының Еңбек кодексінің  240 бабына сәйкес қызметкерлерменеңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленгеннегіздермен қатар азаматтық қызметшілердіңҚазақстан Республикасының заңында белгіленгензейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартынтоқтатудың қосымша негізі болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің(қазыналық кәсіпорынның) басшысы не жауапты хатшысынемесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтынөзге де лауазымды адам зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптікжәне біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен оныңеңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуымүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 211147
28 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Ұжымдық келісім шарттың үлгісі барма? Осы емаіlға жибереаласызба?
Жауап: 

Қазақстан Республикасы еңбеккодексінде ұжымдық шарттыңүлгісі  қарастырылмаған.Бірақ ұжымдық шарттың мазмұны менқұрылымына  ҚазақстанРеспубликасы еңбек кодексіннің 284 бабының 1 тармағындаайқындалған ережелер енгізілуге тиіс. Ал осы баптың 2-шітармағы сәйкес тараптар айқындаған басқа дамәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілерініңөзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.

Қазбеков Думан Қабдуұлы  эксперт – бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 210366
13 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында ашылхан Халыққы Қызмет көрсету орталығында білімі жоқ, бірақ колледжде сырттай І курс студентә жүмыс жасауда. Ол адамға жұмыс жасауға болады ма? Ал менің
Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Айзада.  Сауалыңызға қатысты еңбекшартын жасасу үшін жеке басының куәлігі немесетөлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін  тууы туралы куәлігі),тиісті білімді, дағдылар  менмашықтарды  талап ететін  жұмысқа  қабылдау жағдайында еңбекшартын жасасу кезінде  білімі,  біліктігі туралы, арнаулы білімі  немесе кәсіптікдаярлығының  болуытуралы  құжат,  еңбек қызметін растайтынқұжат (еңбек стажы бар адамдар үшін, әскериесеп  құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметкешақырылуға жататын адамдар үшін, алдын ала медициналықкуәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекскежәне Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес осындайкуәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін, салықтөлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жекекод беру туралы куәліктердің көшірмелері қажетболатынын  хабарлаймыз.

Орынд.  МолдабековаШ.С.  бас мемлекеттік еңбекинспекторы, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 210684
10 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
МЕН АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТА 6 АЙ БОЛДЫМ, ЕНДІ ЖҮКТІЛІГІ МЕН БОСАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҚТЫМ, ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ ПАРАҒЫМДЫ 3 ПАЙЫЗДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР БОЛҒАН ЖОҚ ДЕП ТӨЛЕМЕЙОТЫР, АЛ МЕН ЕҢБЕКАҚЫМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМІ АРҚЫЛЫ КАРТОЧКАМЕН АЛЫП ТҰРДЫМ, ОЛ АУДАРЫМДЫ КІМ МАҒАН АУДАРАДЫ ЖӘНЕ КЕШІГІП АУДАРҒАН ЖАҒДАЙДА МАҒАН ТӨЛЕНЕ МЕ? РАХМЕТ
Жауап: 

Құрметті Гүлмайра!

2004жылғы 21 маусымда Қазақстан  Республикасы Үкіметінің № 683 қаулысымен бекітілгенӘлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінің8-тармағында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынаәлеуметтік аударымдар төленбейтін табыс түрлерікөрсетілген. Салық Кодексінің 144-бабының8-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебіненжүргізілетін қоғамдық жұмыстарды орындауғабайланысты төлемдерден әлеуметтік аударымдар төленуге жатады.Сол себепті, қоғамдық жұмыста болған мерзімдетөлеушімен, яғни жұмыспен қамту бөлімі әлеуметтік аударымдараударылуы тиіс. Кері жағдайда, өткен айларға әлеуметтікаударымдар жасауға болады.

Егер Сізресми түрде әлеуметтік төлем алуға құжатөткізбесеңіз, онда төлеушінің әлеуметтікаударымдарды жүзеге асырғаннан кейін ғана төлемалуға өтініш беріңіз. Әлеуметтік сақтандыружүйесінің мүшесі болмасаңыз, мезгілінен кешаударылған аударымдар ескеріледі. Егер құжат өткізіпқойсаңыз, онда тағайындалған әлеуметтік төлеммөлшері өзгермейді.

Исп.Нұрсулу Кемел- бас маман «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруқоры» АҚ wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210137
26 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші