You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіздер ме! Біздің кәсіпорынға оралмандар жұмысқа тұруға келеді.Төлқұжаттарында ҚР Азаматтығына құжаттарды тапсырды деген штамп қойылған.ТСН-ібар немесе ТСН және ӘЖК бар.Зейнетақы қоры олармен зейнетақы шартын жасай алмаймыз дейді.Сонда оларазаматық алғанша 3-6 ай,одан да ұзақ мерзім жұмысқа орналаса алмай ма?Зейнетақы шартын жасау үшін шетел азаматының қоныстану ыхтияр хаты керек дейді.Азаматтыққа құжаттарын тапсырып қойса,қоныстану ыхтияр хатын алмайды ғой.Кәсіпорын жоғарыда айтылған құжаттармен оралмандарды жұмысқа алуына бола ма? Зейнетақы шарты неге олармен жаалынбайды? Жауаптарыңызды тезірек берсеңіздер.Ол өте маңызды.Жауаптарыңызға алдын-ала рахмет.
Жауап: 

 Жауап: «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 11-тармағына сәйкес оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес оралмандар жұмыспен қамтылудағы нысаналы тобына жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі №1342 қаулысына толықтырулар енгізу туралы ҚАЗАҚСТАН Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы №524 қаулысына сәйкес оралман куәлігімен Әлеуметтік жеке код алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған Заңның 29-3 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар оралмандардың жұмысқа орналасуына, біліктіліктерін аттыруға және жаңа мамандықтар игеруіне көмек көрсетулері тиіс. Сол себепті, оралман ұсынатын төлқұжатына қосымша оралман куәлігімен жұмысқа орналасуына және зейнетақы шартын жасасуға мүмкіндіктері бар екендігін хабарлаймыз. Орынд. М.Тоқсамбаев, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 217472
21 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіздер ме!Жеке компанияға ЖШС (ТОО)қырғыз азаматын директор н/се бас.директор қызметіне алу үшін қандай құжаттар қажет.Қайда барып арыз беру керек?Газет жураналдарға хабарландару беру керек пе?,
Жауап: 

 Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 26-бабының 4-тармағына сәйкес Еңбек шартын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді делінген. 'Халықты жұмыспен қамту туралы' Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысында белгіленген. Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 217301
20 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіздер ме! Менің қоятын сұрағым: 2009 жылдың 1 наурызынан бастап маған жұмыс берушінің кінәсынан бос тұрып қалу уақытына 50% ақы төлену белгіленді. 15 сәуірде жұмыстан маған уведомление жіберді менің еңбек шартым бір жылға яғни 19 мамыр 2009 жылға дейін жаалған сол еңбек шартыммың мерзімінің бітуіне деп қағаз жіберген. Алайда мен 10 сәуірде жүкті екенімді емханадан біліп, есепке тұрдым.15 сәуірде жұмысқа емханадан жүкті әйелдер есебінде тұрғаны жөнінде медициналық анықтама апарып бердім. Менен басқа қызметкерлердің барлығы да жұмыста. Ендігі менің жағдайы не болмақ Осы сұрағыма толық жауап берсеңіз! Рахмет!
Жауап: 

 Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 185-бабының 2-тармағына сәйкес егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті. Яғни, жұмыс берушіңіздің әрекеттері аьалған нормаларға қайшы келеді. Бұл орайда Сізге жұмыс орныңыз орналасқан жердегі Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек инспекциясына шағымдануыңыз қажет. Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 217299
20 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Мен күзет (секьюрити) серіктестігінде 2004 жылдан күні бүгінге дейін күзет қызметкері болып жұмыс жасаймын. Жұмыс кестесі 1 тәулік жұмыс,3 тәулік демалыс.Өзім ауылдық жерден қалаға келіп үй жалдап жатамын. Жоғарыда көрсетілген 3 күн демалысымда үйде бос жатпай қосымша табыс табу мақсатында өзім жұмыс жасап жатқан мекемеде қызметке уақытша шықпай жүрген немесе еңбек демалысындағы адамдардың орнына өзімнің бастамаммен қызметке шығайын деп серіктестік басшысынан сұрасам,ол кісі 'үстеме (сверхурочный) уақытың көбейіп кетсе,заң бұзылады', - деп маған рұқсат бермейді.Сол дұрыспа және оның заңды жолын қалай жасауға болады?Жауап береді деген сенімдемін
Жауап: 

  Жауап: Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен қатар беріледі. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы – қызметкердің өтініші бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс береді. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлермен жасасуға тыйым салынады. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты, осы Кодекстің 54-бабында көзделген негіздерден басқа, еңбек шарты осы жұмыс өзі үшін негізгі болып табылатын қызметкермен жасалынған жағдайда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін. Орынд. Ш. Молдабекова, гл.эксперт

Сұрақтың нөмірі: 217298
16 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Саламатсыз ба! Сізден төмендегі мәселе бойынша түсіндірме беруіңізді сұраймыз: Кәсіпорын заң талаптарына сәйкес, өз жұмысшыларын ҚР ЕК-нің 312 бабына және ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 12.03.2004 жылғы №243 бұйрығына сәйкес міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өткізген. Осы тексеру қорытындысымен жазылған актіде кәсіпорынның бас механик-энергетигін денсаулығына сәйкес тұрақты түрде басқа жұмысқа ауыстыру қажеттігі көрсетілген. Жоғарыда аталған №243 бұйрықпен бекітілген нұсқаудың 6 тармағына сәйкес, тұрақты түрде басқа жұмысқа ауыстыру туралы мед. комиссия шешімін кәсіпорын міндетті түрде орындауға тиіс. Ары қарай, кәсіпорын жұмысшыны оның басқа жұмысқа ауысыуна қарсы болғанына және мерзімдік тексеру қорытындысымен келіспеуіне байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаған болатын. Осы сараптама яғни дәрігерлік консультациалық комиссиясымен (ВКК), аталған қызметкерді биікте және жоғарғы кернеуде жұмыс істеуге шектеу қойылып бас энергетик болып қызмет атқаруына болады деген қорытынды берілген. Осыған орай, қызметкермен еңбек қатынасын ары қарай жалғасытыруы үшін Сізден: - аталған екі дәрігерлік қорытындының қайсысысының басым заңды күші бар екендігін және кәсіпорын қайсысын орындауға тиіс екендігін, - мерзімдік тексеру қорытындысы негізінде кәсіпорын қызметкерге басқа қызметке тұрақты түрде ауысуға жасаған ұсынысан, қызметкер қарсы болуына байланысты, кәсіпорын онымен ҚР ЕК-нің 51 бабының 6 тармағына және 59 бабын басшылыққа ала отырып, ВКК қорытындысына қарамастан еңбек шартын тоқтату құқы бар жоқтығын түсіндіріп беруіңізді сұраймын. Алдын-ала рахмет. Жауап береді деген сенімдемін.
Жауап: 

  Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу үшін қызметкердің осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысымен расталған болуға тиіс делінген. Яғни, мұндай медициналық әлеуметтік сараптаманың қорытындысы болмаса, қызметкермен еңбек шартын бұзу заңсыз болып табылады. Көрсетілген жағдайда медициналық-әлеуметтік сараптаманың мұндай қорытындысы болмағандықтан, бұл қызметкермен еңбек шартын бұзуға ешбір негіз жоқ. ҚР Еңбек кодексінің 222-225 баптарына сәйкес мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы орнатылады. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс. Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мерекелік күндерде жұмысқа тарту, егер мұндай жұмыс оларға медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынған болса, іс-сапарға жолдау тек олардың жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі. Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 217384
15 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіздер ме? Мен Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де 2 жыл лаборант қызметінде жұмыс істедім. Мені 12 апталық жүктілікпен жұмыстан босатып жіберді (жұмысқа уақытша алынғансын деп), осы іс-әрекеттері заңды ма? Мен 2 айдан соң 4 айлық жүктілікпен басқа жұмысқа уақытша келісім шартпен орналастым. Мен декреттік еңбек ақыма 2 ай жұмыссыз жүрген күндерімді ХҚТУ-дан өндіріп ала аламын ба?
Жауап: 

 Жауап: Жүкті әйелдермен еңбек шартын бұзу қолданыстағы еңбек заңнамасына қайшы келеді. Атап айтқанда, егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытындыұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартыныңмерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті. Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 217294
15 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Салематсыздарма.Менін жолдас балам Еңбек биржасында тіркелген.Анда санда жумысқа шақырады басқа ештеңе көмек жоқ дейді?.оларға ай сайын 4500тенге беру керек емеспе?
Жауап: 

 Жауап: «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарға жұмысқа орналасу бойынша жәрдем көрсетеді. Лайықты жұмыс ұсыну мүмкін болмаған жағдайда Сізге кәсіби оқуға, біліктілігіңізді жоғарылатуға немесе қайта даярлануға, немесе біліктілігіңізді арттыруға, немесе қоғамдық жұмыстарға жолдама беріледі не әлеуметтік жұмыс орнына орналасу ұсынылады. Осыған орай, егер аталған азамат Астана қаласында тұратын болса, Иманбаев көш., 68 а, мекен-жайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығуы қажет. Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін келесідей құжаттарды табыс ету қажет: жеке бас куәлігі (паспорт), әлеуметтік жеке кодтың берілуі туралы куәлік, еңбек қызметін растайтын құжаттар, салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Сонымен қатар, Министрліктің сайтында (WWW.enbek.kz) Сіз республиканың еңбек нарығындағы өңірлік жұмыспен қамту органдары ұсынған бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтерге ие бола аласыз және кәсіптер мен мамандықтар тізбесінен өз мамандығыңыз бойынша жұмыс таңдай аласыз. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы заңнамамен көзделмеген, бірақ сонымен бірге егер Сіздің отбасыңыздың жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінен төмен болса, Сізге аз қамтылған азамат болып табылатын жұмыссыз ретінде мемлекеттік атаулы көмек көрсетілуі мүмкін. Бұл жөніндегі нақтырақ ақпаратты Сіз өзіңіздің тұратын жеріңіздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан ала аласыз. Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 217272
7 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Саламатсыздар ма?! Мен, Әбдіров Махамбетияр,(қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі) 11 наурыз 2009 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінен өз өтінішім бойынша жұмыстан шықтым. Жұмыстан шығуымның негізгі себебі, мектеп директоры тарапынан қысым жасалуы болды. Бірақ, ұжымның 70% (пайызы) менің жұмыстан әділетсіз кетуіме қарсы болып, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің бастығының атына мені өз қызметімде қалдыруын жазбаша түрде өтініш жасады.Дегенмен, өтініш мектеп директоры тарапынан қанағаттандырылмады.Сұрақ: Ұжым өтінішін шешу кімнің құзырында? Алдағы уақытта мен кімге жүгінуіме болады? Алдын ала рахмет.
Жауап: 

Өкінішкеорай,  бұл жағдайда  еңбек шартын өз  өтінішіңіз бойынша  бұзғаныңызға орай,еңбек заңнамасын бұзу фактісі жоқ болып есептеледі. Осыған байланыстыұжымыңыздың да  Сіздіжұмысқа қайта алу жөніндегі өтініші дежүрмейді.

      Кезінде мектеп директоры Сізді жұмыстан шығармақ болғанкезде, Сізді не себеппен, яғни заңда көзделген қандай негізбен  (яғни, қысқарту, лауазымыналайық емес және т.б.) жұмыстан шығармақболғанын талап етуіңіз керек еді, және  заңсыздық орын алғанда  еңбек және әлеуметтік қорғауоргандарына  шағымдануғаболар еді.

       Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы.

Сұрақтың нөмірі: 216835
7 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәламатсыздар ма?! Мен 2005 жылдың маусым айынан бастап мектеп директоры болып жұмыс істедім. 2008 жылдың қараша айынан бастап аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы болып тағайындалдым. Ендігі қояр сұрағым: менің директорлық стажым мемлекеттік қызмет стажыма қосылып есептеле ме? Лауазымдық қызметте болсаң, ол уақытың мемлекеттік стажға қосылады деп естіп едім. Заңдылығын түсіндіріп жіберсеңіздер. Алдын-ала рахмет!
Жауап: 

Бұл сұрағыңыздыҚазақстан Республикасының мемлекеттік істер агенттігінежолдағаныңыз жөн.

   Орынд. Ш. Молдабекова, бассарапшы

Сұрақтың нөмірі: 216830
2 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Мен мектете программист болып жұмыс жасаймын.2008 жылы туберкулездің ашық түрімен ауырып 9 ай ем алдым.Енді қайтадан мектепке өз жұмысыма баруға бола ма?
Жауап: 

Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20қазандағы N 766 бұйрығымен бекітілген   «Халықтың декреттелгентобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізуережесіне»  сәйкес өкпетуберкулезінің жұқпалы  түрінешалдыққан жұмыскерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

Орынд. Ш. Молдабекова, гл.эксперт

Сұрақтың нөмірі: 216827
17 наурыз, 2009 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші