You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Мен мемлекеттік мекемеде декреттік демалысқа кеткен қызметкердің орнында уақытша қызметкермін, ағымдағы жылдың қыркүйек айында осы мекемеге жұмысқа орналасқаныма толық 1 жыл толды. Енді мендегі мәселе, тұрақты орындағы қызметкер биылғы еңбек демалысын алып тастаған, оның орнында уақытша жүрген мен биыл еңбек демалысына шыға аламынба? Қандай да бір төлемақы алуға құқығым барма? Рахмет!

Жауап: 

Құрметті Ақбота Жалғасбайқызы!

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес жұмыскердің тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.

Кодекстің 91-бабына сәйкес  жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;

4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.

Осыған орай, Сіз нақты жұмыс істелген уақытыңыз үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шығуға құқылысыз.

Жұмыс беруші құқығыңызды шектеген жағдайда,  Сіздердің жұмыс берушінің орналасу мекен-жайы бойынша еңбек инспекциясына хабарласуыңызға құқығыңыз бар.

 

 

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №745 Жарлығы негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы жоғары тұрған орган тарапынан шешім қабылдануда. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2018 жылы орталыққа қосымша штат бірлігі енгізіп, қызметкерлер санын ұлғайтылған.

Жауап: 

Құрметті Ақмарал Пернебековна!

 

ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Бұл жағдайда,  жұмыс беруші еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге және жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлеуге міндетті (Кодекстің 53-бабының 1-тармағы).

Бұл жағдайда, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға шектеулерді сақтау қажет, нақтырақ айтсақ көзделген негіз бойынша мына жағдайларда еңбек шартын бұзуға жол берілмейді: жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен (Кодекстің 54-бабының 2-тармағы).

Сонымен қатар, «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес соттар жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты еңбек шарты бұзылған адамдарды жұмысқа қайта алу туралы істерді қарай отырып, жұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту шын мәнінде жүргізілген-жүргізілмегенін, заңнамалық актілерде көзделген жұмыскерлерді босату тәртібінің сақталған-сақталмағанын, олардың орнына басқа адамдардың алынған-алынбағанын тексеруге міндетті делінген.

ҚР заңнамасына сәйкес халық жұмыспен қамту орталығының қазметкерлері қасқартылуға шектеу қойылған нормалар жоқтығын атап өтейміз.

 

Сұрақтың нөмірі: 352535
1 қараша, 2018 - 17:35 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен, Баялиева Шынар Жанатбайқызы 2014 жылдың 16 мамырынан бастап, "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" МКҚК-да есепші  қызметінде 2018 жылдың 4 қаңтарына дейін жұмыс атқардым.

Жауап: 

Құрметті Шынар Жанатбаевна!

 

Еңбек демалысына шығуына қатысты:

ҚР Еңбек кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 22-баптың 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-баптың 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші оны беруге міндетті.

Аталған құқық пен міндет егерде Кодекстің 91-бабына сәйкес қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажы болған жағдайда пайда болады (бұдан әрі – жұмыс стажы). Жұмыс стажына:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;

4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.

Ескету: Бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына кірмейді.

Сонымен қатар, еңбек демалысы қызметкерге жұмыс стажы толық болмаған жағдайда да берілуі мүмкін. Атап айтсақ, Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Жоғарыда айтылғандарға орай:

  • жұмыс стажы барларға (12 ай нақты жұмыс кезеңі болғанда) еңбек демалысы толық беріледі, егерде оның бөлуін қызметкердің өзі қалағаның және жұмыс берушінің келісімен қоспаған жағдайда;
  • егерде қызметкерде жұмыс стажы болмаған жағдайда, онда қызметкердің арызы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен қызметкерге аванспен еңбек демалысы немесе нақты жұмыс істелген уақыт үшін еңбек демалысының бөлігі берілуі мүмкін.
  • егерде еңбек қатынас тараптардың пікіріне сәйкес демалыс кестесінде басқаша белгіленбесе (бөліктерге бөлу немесе жұмыс істелген уақыт), жұмыс беруші өз еркімен міндеттеме алып бекітілген демалыс кестесі шеңберінде қызметкерге толық еңбек демалысын беруге міндетті.

 Бұр ретте, демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті болатын (93-баптың 2-тармағы).

Жұмыс орнының қысқартылуына қатысты:

Кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Бұл жағдайда,  жұмыс беруші еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге және жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлеуге міндетті (Кодекстің 53-бабының 1-тармағы).

Бұл жағдайда, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға шектеулерді сақтау қажет, нақтырақ айтсақ көзделген негіз бойынша мына жағдайларда еңбек шартын бұзуға жол берілмейді: жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен (Кодекстің 54-бабының 2-тармағы).

Сонымен қатар, «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес соттар жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты еңбек шарты бұзылған адамдарды жұмысқа қайта алу туралы істерді қарай отырып, жұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту шын мәнінде жүргізілген-жүргізілмегенін, заңнамалық актілерде көзделген жұмыскерлерді босату тәртібінің сақталған-сақталмағанын, олардың орнына басқа адамдардың алынған-алынбағанын тексеруге міндетті.

Осы орайда, жұмыскерді жұмысқа қайта алу мәселесі татуластыру рәсiмдері арқылы ұйымдағы келісу комиссиясы (Кодексің 159-161-баптары), ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша сот тәртібімен шешілуі тиісті.

 

Сұрақ тақырыбы: 

Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына дейін (Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы)қандай бұйрық болды? Нақтырақ 2017 жылы 4 - мамыр күні қандай лауазымдық нұсқаулық қолданыста болды.

Жауап: 

Қазыргі кезде Қазақстан Республикасы  Мәдениет  және  спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығымен  (Әділет минінде № 15495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары қолданыста.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мәдениет ұжымдарының қызметкерлерінің үлгілік біліктілік сипаттамалары қолданыста болған.

Мәдениет саласының уәкілетті мемлекеттік органы болып  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі саналады.

Сондықтан, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша түсініктеме алу үшін мәдениет саласының уәкілетті мемлекеттік органына жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақ тақырыбы: 

мен педколледжді «Балаларға 10 жасқа дейін білім беру» мамандығы бойынша бітірдім яғни «мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі, мектепке дейінгі топ, бастауыш сынып мұғалімі» деген біліктілік берілді. енді келесі менің жоғарғы білімім Зұлқарнай Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетінде  «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді деген жогарғы оқу орның тамамдадым. қазіргі танда мен мектеп ішіндегі толық күнді шағын орта тобында тәрбиеші болып жұмыс істеймін.

Жауап: 

Қазіргі кезде Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 (Әділет минінде № 13181 болып тіркелген) және де Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 (Әділет минінде № 13181 болып тіркелген) бұйрықтарымен реттеледі.

Осыған байланысты, жалақы төлеу мәселесі бойынша өзіңіз жұмыс жасайтын ұжымның біліктілік комиссиясына негіздеме құжаттарды (білім жөніндегі дипломның, бұйрықтың көшірмелерін және т.б.) ұсына отырып жүгінуіңізге болады.

Шешімді ұжымның біліктілік комиссиясы қабылдайды.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес Министрлік қосымша түсініктеме алу үшін білім саласының уәкілетті мемлекеттік органы – ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізді ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы (Әділет министрлігінде 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сипаттама) қолданыста.

Осы Сипаттамаға сәйкес «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі» лауазымына біліктілікке қойылатын талаптар қарастырылған.

 

 

 

 

 

Олар:

жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының тәрбиешісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, осы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы диагностикалық құралдарды меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы әдістерді ізденуі, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде жеке өзіндік әдістерді болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі бірінші деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық немесе техникалық кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуындағы диагностика элементтерін меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуде заманауи әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану мақсатындағы ізденістерді жүзеге асыру тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 351615
1 желтоқсан, 2011 - 07:42 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

1) Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар есебінде тұрған жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа мамандығы бойынша жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына жіберген кезде орталықтың маманы бос жұмыс орнының талабына сәйкес келетін бірнеше адамды жұмысқа жолдауы қажет пе әлде бір ғана адамды жолдауы керек пе?

Жауап: 

1) Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар есебінде тұрған жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа мамандығы бойынша жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына жіберген кезде орталықтың маманы бос жұмыс орнының талабына сәйкес келетін бірнеше адамды жұмысқа жолдауы қажет пе әлде бір ғана адамды жолдауы керек пе?

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28 бабына сәйкес жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті. Бұл ретте, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушіге ұсынып отырған бос жұмыс орындарына бірнеше адамды жолдауына болады. Ал жұмыс беруші жұмысқа орналасуға ниетті азаматты әңгімелесу барысында оны жұмысқа қабылдау не болмаса бас тартуға құқылы.

 

 2) Азаматтық қызметші болып табылатын конкурстық  (мысалы: мектеп мұғалімдері,) негізде орналасатын бос жұмыс орындарына орталықтың жолдамасы қажет пе? Сонымен қатар орталықтық жолдамасын беруге негіз қайдан алуға болады.

Конкурстық негізде ұйымдастырылатын бос жұмыс орындарына арнайы біліктілік талаптары белгіленеді және конкурстық комиссия арқылы үміткерлер анықталады. Осыған орай, конкурсқа қатысатын жұмыссыз азаматқа орталықтың жолдамасын беру қажеттілігі жоқ. 

Сұрақтың нөмірі: 351610
27 қыркүйек, 2018 - 14:48 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба? 2017 жылғы 2 қыркүйекте мектептің физика пәнінің мұғалімі жүктілікке және бала тууға байланысты демалысқа кетуіне байланысты орнына уақытша ҚР еңбек кодексінің 30-бабы, 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес мұғалім қабылданған болатын. Ол бұйрықта да, еңбек шартында да көрсетілген, таныстырылған, еңбек шартының  1 данасы өзіне берілген.

Жауап: 

Құрметті Рүстем Асқарұлы!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодекстің 51-бабы 2-тармағына сәйкес егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа, еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті.
Бұл орайда, аталған нормадағы кепілдік уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына атқарып отырған қызметкерге таратылмайды.
Осыған орай, қарастырып отырған жағдайда Сіз тарапыңыздан заң бұзушылыққа жол берілмегенін атап өтеміз.

Сұрақтың нөмірі: 351573
11 қыркүйек, 2018 - 09:23 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе?

Мен кәсіптік және техникалық колледжде оқытушы болып қызмет жасаймын.

Қояр сұрағым мынадай:

1.Менің диплом бойынша біліктілігім - физика пәні мұғалімі. еңбек стажым 13 жыл болды. 

осы жылдар ішінде физика пәнінен жүктеме аз болуына байланысты математика пәнінен сағаттар алып жүрдім. маған кейде сенің дипломың сәйкес келмейді деп айтады, сол себептен сұрайтыным мен физика пәні мен қатар математикадан сабақ беруге болама?

2.Колледжде оқытушылардың жұмыс уақыты қалай болады?

Жауап: 

Құрметті Гүлмира! Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N338 Бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгілеген.
Аталған Біліктілік сипаттамаларына сәйкес арнайы пән оқытушысына келесі біліктілік талаптары қойылады:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман үшін:
бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман үшін:
бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 5 жыл болуы; немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Бұл сұрағыңыз бойынша қосымша түсініктеме алу үшін Сізге Білім жә»не ғылым министрлігіне жүгінуіңіз қажет.
2-ші сұрағыңыз бойынша:
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 8-б. 3-т. сәйкес жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді деп көрсетілген.
Кодекске сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы оның оқыту жүктемесмен және білім беру ұйыдарының оқыту-тәрбиелеу жұмысының жоспарларымен айқындалады.
Оқытушының жұмыс уақытының ұзақтығы сабақ кестелерімен, сондай-ақ мектептің жұмыс жоспарларымен белгіленеді.
Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Еңбек кодексімен белгіленеді.
Жоғарыда атап өткендей, Еңбек кодексінің 68-б. 1-т. сәйкес мүндай қызметкерлер үшін қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс, ал оңірлік салалық келісімдерде көзделген ережелерге сәйкес – аптасына 36 сағаттан аспауға тиіс (Білім және ғылым министрлігінің ҚР Еңбекминінің тәріздес сауалына 2017 жылғы 8 қарашадағы № 5174-1-11357//11-5 түсініктемесіне сәйкес).

Сұрақтың нөмірі: 351508
7 қыркүйек, 2018 - 20:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасы Президентінің 19 маусым 2018 жылғы №702 жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала қатарына енуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы негізінде А3 3-1 (облыстық маңызы бар қала) блогымен айлық жалақы алатын қызметкер 2018 жылғы 19 маусымнан бастап А3 2-1 (республикалық маңызы бар қала) блогімен айлық жалақы төленуін талап ете аладыма?

Төленуге тиісті болса, бұл жағдайдың заңдылығын қалай дәлелдеуге болады?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары еңбегіне ақы төлеу А3 2-1 буыны бойынша анықталған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, қызметкер аталған буын бойынша жалақы төленуін талап ете алады деп есептейміз.

Сұрақтың нөмірі: 351494
3 қыркүйек, 2018 - 17:24 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме!

Жауап: 

Медициналық-әлеуметтік және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері облыс, қала әкімдерінің басқару құрылымына енетінін ескере отырып, аталған мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, басшыларын тағайындау, олардан азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді талап ету, мемлекеттік сатып алу тапсырыстарын өткізу, сонымен бірге штаттық бірлік бөлу жергілікті атқарушы органдар құзырына жататынын хабарлаймыз.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штаттық нормативтері бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері сақтала отырып қалыптастырылады (негіз: «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы).
Сонымен бірге, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтеріне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері бөлігінде логопед маманы қарастырылған.
Осы орайда, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілерге қосымша ақы төлеу мәселесі Қазақстан Республикасының «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен реттелген.

Сұрақтың нөмірі: 351340
7 қыркүйек, 2018 - 19:37 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші