Менің әкем - Джаныспаев Сапарбек 91 жаста, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылындағы жалғыз соғыс ардагері. Анам осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған, мен әкемнің жалғыз қызымын, менімен бірге тұрады. 2009 жылы көзі көрмей құлағы естімей және жүрмейді қалды.
Тамақ ішкенде көтеріп апарамыз, моншаға апару тіптен қиын.
Жауап:
Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты бойынша, Ұлы Отан соғысының (әрі - ҰОС) ардагері Джаныспаев Сапарбек 2011 жылдың 14 желтоқсанынан қол-арба алуға есепте тұр екен және басқадай сұраныстар жасамаған.
Ал, 2011 жылы 9 мамыр айында ҰОС 66 жылдық Жеңіс күнін атап өту мерекесінде Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атынан 3 000 теңге көлемінде сыйақы берілген.
Бүгінгі күні, аз. С. Джаныспаев Бесқайнар селолық округі мамандарының тұрақты назарында.
Орынд. Айдарова Г.