Жұма, 18 Мам 2012, 
АСТАНА күндіз 16.. 18, түнде 6.. 8.
EUR 188.22      USD 148.03      RUB 4.78      BYR 0.02     
ҚҰЛАҚТАНДЫРМАЛАР:

«Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» сұрақтар-жауаптар

Биздин касипорыннын 1 жумысшысы зейнетке шыккан, бирак жумысын жалгастырып жатыр, онымен енбек шарты кайта жасалынама жане де енбекке жарамсыздык  кагазы, енбек демалысы толенеме? енбек шарты канша уакытка жасалынады жане де кайта жасалынатын енбек шартының  улгисин кайдан алуга болады?  Кандай баскада ерекшеликтери бар? Рахмет.

Жауап: 

Аталған сұрақ бойынша Сізге "Еңбек құқығы және жқмыспен қамту мәселелері" бөліміне хабарласу қажет.

Сәлеметсізбе!Мен 4 баланың анасымын.Декреттік жәрдемақы тағайындауға 23.02.2012 жылы құжаттарымды тапсырдым.Құжат тапсырғанда құжат қабылдап отырған қыз менің еңбекақымды қате(бір 0-ін кемітіп)жаздыртып қабылдады.Соған байланысты жәрдемақы қате есептеліп аударылған.Еңбекақы жөніндегі анықтаманың қате толтырылғанын мен есепшотымды қарағаннан кейін білдім.Босануға байланысты жәрдемақыны қайта есептетіп ала аламынба???

Жауап: 

Сіздің құжаттарыңызды толық тексеріп, нақты жауап беру үшін аты-жөніңіз толығымен керек.

Менің анам Байкенжеева Пістекүл 1918 жылы 1-ші қаңтарда туылған. Көп балалы ана, күміс алқа иегері, 2-ші группа инвалид,1941-1945 жылдар аралыгында тылда жұмыс істеген. Күміс алқа льгодың қосқаннан кейін 2-ші группаның льгодың және тылда жұмыс істеген льгодтарың алып тастады, осы дұрыспа?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының 3-бабына сәйкес бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

Сол себептен Сізге, «Күміс алқа» белгісімен марапатталған көп балалы ана ретінде, 9 888 теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тиімді нұсқа ретінде тағайындалып төленуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

исп. Кокушева Ж.

Сәлеметсіз бе?       (1 сәуір күні жіберілген сұраққа қосымша)

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №414-1 заңының 6 бабының 1-1 тармағында: "Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің №2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстар да 1998 жылғы 1 қарңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдем ақы 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады" деп көрсетілген.

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдедегі № 414-I (“Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы”) Заңы негізінде қолданылатын нормативтік-құқықтық акт 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1930 қабылдынған ҚР Үкіметінің Қаулысы (“Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін бекіту туралы”) болып табылады.

Сіздің (екі рет жолдап отырған) 2-ші тізімге қатысты сауалдарыңызға толық жауап алу үшін (сондай-ақ қажет ететін құжаттар тізімін алу үшін) аумақтық әлеуметтік қорғау органына (Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне) немесе жергілікті Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталықтың бөлімшесіне баруыңыз қажет екенін хабарлаймыз.

 

орын. Омирбекова А.Р.

 

Мен, Ешаева Жүрсін, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ақтөбе әкімшілігі тұрғыны дүниеге алты бала алып келдім. Бірақ, бір балам он бір жыл бұрын он тоғыз жасында дүниеден қайтты. Тірі қалған бес балам бар. Бірақ алты баланың анасы ретінде күміс алқа алуым керек еді және төлем ретінде мемлекеттен берілетін жеңілдікке ие болуым керек еді. Қазір осы мүмкіндіктерден шеттетіліп отырмын. Бұл қаншалықты заңды? Менің осы жеңілдікке ие болу мүмкіндігім бар ма және ол үшін не істеуім керек? Алдын ала рахмет!

Жауап: 

2010 жылдан бастап «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады. (негіз: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» ҚР 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы).

Жоғарыда аталған заңнамаға сәйкес мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдар енгізеді.

 

 

 

Орынд. Г. Айдарова

Мен. Досжанова Қызсұлу, 26 ақпанда зейнетақы төлемі жөнінде сұрағыма  қызым Ә.Аюпова жауап берді,бірақ оған қанағаттанып отырғаным жоқ.Сіздерден өтінетінім, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2007-2008жылғы жолдауына сәйкес,менің зейнетақым 2007жылы 15АЕК көбейткенде,қанша болды,2008жылы 25АЕК көбейткенде қанша болды,Осыған және 2008жылы зейнетақы көлемі 29200 теңгені құрайды дегенді қалай түсінеміз,нақтылап түсіндіріп берсеңіздер,рахметті алдынала айтып отырмын.   

Жауап: 

Зейнетақымен қамсыздандыру заңының нормаларына сәйкес, Сіздің зейнетақы төлеміңіз 1990  жылдың мамыр айынан  бастап жалпы 25 жыл еңбек өтіліңіз   бойынша  және орташа айлық табысыңыз 235,91 сом есебінен  тағайындалған.

Зейнетақы мөлшерін арттыру Қазақстан  Республикасының Үкіметі  белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Осыған орай, Сіздің зейнетақы төлеміңізге жыл сайын арттырулар мен индекстеулер жүргізіліп отырған.

2007 жылы Сіздің зейнетақыңыз 8% арттырылып, 12991 теңгені құрады (12029х8%).

2008 жылы  9%  арттырылып,  14161 теңгені құрады (12991х9%).

2009 жылы 1,30%  арттырылып, 18410 теңгені құрады (14161х1,30%).

2010 жылы 1,25%  арттырылып, 23013 теңгені құрады (18410х1,25%).

2011 жылы 1,30%  арттырылып, 29917 теңгені құрады (23013х1,30%).

2012 жылы 1,09%  арттырылып, 32610 теңгені құрады (29917х1,09%).

Мұнан басқа, базалық зейнетақы төлемі 2012 жылы, 8720 теңгені құрады.

Бүгінгі күні Сіздің әлеуметтік төлемдердің мөлшері   51 218 теңгені құрап отыр (зейнетақы төлемі – 32610  теңге,  базалық зейнетақы төлемі – 8720 теңге және  арнай мемлекеттік жәрдемақы –9888 теңге).

Сіздің зейнетақы төлеміңізді есептеуде қолданыстағы заң нормаларының барлық шарттары мен талаптары сақталған.

 

 

 

 

 

 

Ә. Аюпова.

 

 

Батыр ана-Досжанова Қызсұлу ,Жаңақорған ауданы,Келінтөбе ауылының тұрғыны,Мен аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинаты мекемесінен 31.05.1990 жылы 102сом89тиын мөлшерінде зейнеткерлікке шыққанмын, жалпы еңбек өтілім 25жыл3ай, 2007-2008жылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес,Зейнетақы заңнамаларында белгіленген зейнетақы 2008 жылы 29200 теңгені құрайды делінген,бірақ 2008жылы менің зейнетақым 14161теңге төленіп,жоғарыда атап көрсетілген 29200теңгенің айырмасы 15039 теңге төлемақы  осы уақытқа дейін,5 жыл 2 айға төленген жоқ.Осы сұрақтарымның заңдылығын анықтап,маған ж

Жауап: 

Зейнетақы мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген зейнетақымен қамсыздандыру  жөніндегі заң негіздері бойынша жыл сайын  Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Сонымен қатар, зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтардан зейнетақы төлемдерінің арттыруы келесі тәртіппен жүргізілді:

1) зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 25 айлық есептік көрсеткішке шектеліп ескерілетін табысқа негізделіп;

2) егер зейнетақы төлемін жоғары айтылған нұсқаға сәйкес есептеген кезде арттырылған зейнетақы мөлшері алып  отырған мөлшерден аз болып шықса, зейнетақы мөлшері 9 пайызға арттырылды.

Зейнетақыны арттыруда табыстың жоғарғы шегінен басқа барлық мәліметтер зейнетақы іс - құжатынан өзгеріссіз алынды. Бұл орайда зейнетақының артуы зейнеткердің атқарған кәсібіне немесе лауазымына байланысты болмайды. Тиісінше, зейнетақының артуы барлығына бірдей емес, әркімге жеке жүргізілді.

Зейнеткерлік іс-қағаздарындағы құжаттар бойынша Сізге зейнетақы 1990  жылдың мамыр айынан  жалпы 25 жыл еңбек өтіліңіз   бойынша  және орташа айлық табысыңыз 235,91 сом есебінен  тағайындалған.

2008 жылы Сіздің әлеуметтік төлеміңіз 9 пайызға арттырылып  23 527 теңгені құраған ( зейнетақы төлемі – 14161 теңге, базалық зейнетақы төлемі –  4810  теңге және   арнай мемлекеттік жәрдемақы – 4556 теңге).

Бүгінгі күні Сіздің әлеуметтік төлемдердің мөлшері   51 218 теңгені құрап отыр (зейнетақы төлемі – 32610  теңге,  базалық зейнетақы төлемі – 8720 теңге және  арнай мемлекеттік жәрдемақы –9888 теңге).

Сіздің зейнетақыңызды есептеуде қолданыстағы зейнетақылық заң нормаларының барлық шарттары мен талаптары сақталған.

Ә. Аюпова.

1 сұрақ:  ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының 1 тармағында Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің орташа жалақысының 50 процентінен кем емес мөлшерде белгіленеді делінген. Егер еңбек шартында бұл жөнінде көрсетімеген болса, қызметкердің ешқандай ақы төлемеуге құқығы бар ма?

Жауап: 

Бұл сұрақтар бойынша Сізге "Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы" бөліміне хабарласу қажет.

Салеметсіздерме!Менің қояр сұрағыммен Жамбыл ауданының бір мектебінде жұмыс істеймін.Білімім арнаулы орта 2007-2009 жылы №4 Кәсіптік лицейде оқып Шағын бизнес кәсіпкері мамандығын  үздік бітірдім.2009-2011 ж.Алматы Экономикалық колледжіне түсіп экономист-бухгалтер мамандығын үздік бітіргенмін.оқуды бітірген сон тұрмысқа шықтым.Жоғарғы оқу орнына тапсырып улгермедім.Мектепке жұмысқа орналасқанда 9 сағат берген болатын.6 сағат экономика,3 сағат математика пәнінен.қыркуйек айынан яғни 01.09.2011 жылдан бастап 09.01.2012 ж аралығында жұмыс істеп декретке шықтым.Менің қыркуйек айындағы жала

Жауап: 

Жүктілігі және босануына байланысты бір реттік әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТжб) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) тағайындалады. ӘТжб мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (бұдан әрі - науқастық парақ) берілген күнге дейінгі соңғы 12 ай ішінде Сіздің атыңызға жұмыс берушіңізден Қорға түскен ай сайынғы әлеуметтік аударымдардың негізінде есептеледі.

Бұл орайда, ӘТжб науқастық парағы берілген күнге дейінгі соңғы 12 ай ішінде Қорға әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың мөлшерін тиісті коэффициентке көбейту жолымен анықталады. Сіздің жағдайда, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын Қорға әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады. Егер Сіз ӘТжб тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне өтініш берген күні 2012 жылдың қаңтары үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, онда ӘТжб есептеу кезінде 2011 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың қаңтары аралығындағы әлеуметтік аударымдар төленген табыстарыңыз ескеріледі.

Егер 2012 жылдың қаңтары үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түспеген болса, ӘТжб есептеу кезінде 2011 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейінгі аралықта әлеуметтік аударымдар төленген табыстарыңыз ескеріледі.

Ал коэффициент науқастық парағы берілген күндерге сәйкес анықталады, мәселен 126 күнге берілсе – 4,2, 140 күнге – 4,7, 170 күнге – 5,7, 184 күнге – 6,2 қолданылады.

Егер Сіз бен жұмыс берушінің арасында еңбек шарты жасалған және онда ақы мөлшері нақтыланған болса, онда Сіз жұмыс істеген кезеңдеріңіздің ақысын және олардан тиісті салықтар мен міндетті аударымдардың жасалуын талап етуіңізге болады. Сондай-ақ, жұмыс беруші қолданыстағы заңнама талаптарын өздігінен орындамаған жағдайда, салықтар мен міндетті аударымдардың толық төленуіне салық органдары арқылы қол жеткізуіңізге болады.

Айта кететін жәйт, Қорға нақты түскен әлеуметтік аударымдар туралы ақпаратты тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесінен алуыңызға болады.

орынд. МӘСҚ АҚ

Саламатсыздарма. Менін сіздерге қояр сұрағым баланың 1 жасқа дейін берілетін пособиесі айлықтың 40% төленеді делінген, соны тусіндіріп берулеріңізді сұраймын.  Өзім аудандық СЭС-те жетекші маман болып жұмыс істеймін.

Жауап: 

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТбк) мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) жұмыс берушіден түскен әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі – ӘА) негізінде (осы кезеңде ӘА үзіліс болуына қарамастан) анықталады.

Қордан төленетін ӘТбк бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде ай сайынғы ӘА төленген орташа айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады.

Бұл орайда, ӘТбк ең төменгі мөлшері осы тектес мемлекеттік бюджет есебінен жұмыс істемейтін әйелдерге бала санына орай бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыдан кем болмауы, ал ең жоғары мөлшері 10 еселенген ең төменгі жалақының 40 пайызынан аспауы тиіс.

Айта кетерлік жәйт, тағайындалған ай сайынғы ӘТбк сомасынан 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналары ұсталынып, Сіздің жинақтаушы зейнетақы қорыңызға жолданады.

орынд. МӘСҚ АҚ

 
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң блогы

Сауалдама

Мемлекеттік қызмет көрсетуді Сіз электронды түрде жиі қолданасызба?
Электронды мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттың толық және қол жетімді екеніне Сіз қанағаттанасызба

Оқиғалар күнтізбесі

Д С С Б Ж С Ж
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28
 
29
 
30
 
31
 
 
 
 
banner ois
ОДКБ
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы
  • баннер Президент Республики Казахстан
  • баннер Правительство Республики Казахстан
  • баннер Парламент Республики Казахстан
  • баннер Премьер-Министр Республики Казахстан
  • баннер Электронное правительство Республики Казахстан
  • баннер Парыз
  • баннер Дорожная карта
  • баннер ГЦВП
  • баннер ГФСС
  • баннер ГАК
  • баннер РНИИОТ
  • баннер Форум
  • баннер Рынок труда в СНГ
  • баннер csrkz.org
  • баннер База законодательства
  • баннер pa-academy
  • баннер stopdettrud
  • kiosh
  • Халық IPO