Құрметті Әсемгүл! «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХІІ Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабына сәйкес 5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аумақтарда тұратын халық аймақтар бойынша қосымша еңбекақы алуға және жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы.
Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарына сәйкес:
Төтенше радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Абай ауданындағы Сарыжал селолық Кеңесiнiң, Бесқарағай ауданындағы Долон және Бөденелi селолық Кеңестерiнiң, Жаңасемей ауданындағы Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады.
Ең жоғары радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңасемей аудандарының елдi мекендерi, Павлодар облысының Май ауданындағы Ақжар және Малдар селолық Кеңестерi жатады.
Жоғары радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Шұбартау, Новошульба, Бородулиха, Шар, Жарма, Аягөз аудандарының елдi мекендерi, Семей және Курчатов қалалары, Қарағанды облысының Егiндiбұлақ ауданы, Павлодар облысының Май ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Таврия, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандары, Өскемен және Лениногорск қалалары жатады.
Ең төмен радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Мақаншы, Yржар, Таскескен, Көкпектi, Ақсуат аудандарының, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының, Павлодар облысы Лебяжi ауданының, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Тарбағатай аудандарының елдi мекендерi жатады.
Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аймаққа Павлодар облысының Баянауыл ауданы жатады.
Юсупова А.Е. – Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы