check

You are here

"Еңбек"
Бөлімдер:
21 маусым, 2019 - 12:11 өзгертілді
Жаңа форматағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

 Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2019 жылдың 1 маусымында аз қамтылған отбасылар қатарындағы 1270,2 мың азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.   Республика  бойынша  аталған көмектің бір айда 1 алушыға шаққандағы орташа мөлшері  14413,5 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  49,4  пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

Шартты  және шартсыз ақшалай көмектер

  Өңірлік  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдар-ламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2019 жылдың 1 маусымында  шартсыз ақшалай көмек (ШАК)  171,9 мың адамға,  шартты ақшалай көмек (ШАК) 1098,3 адамға  тағайындалды.    Республика бойынша  шартсыз ақшалай көмектің (ШАК)  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 13958,3 теңгені, ал шартты ақшалай көмектің (ШАК)  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 13981 теңгені құрады.

Еңбек нарығы

Облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында 241,6 мың адам жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өтініш жасаған. 2019 жылдың 1 маусымына  жұмыспен қамту органдарында 169,9 мың адам  тіркелінген. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 161 мың адам немесе уәкілетті органдарға жүгінгендердің жалпы санының 60 пайызы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 15,7 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 13,4 мың білім беру ұйымдарының түлегі жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

2019 жылдың өткен кезеңі бойынша 45,9 мың адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды, 16,5 мың адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді.

Жаңа форматағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

  Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2019 жылдың 1 мамырында аз қамтылған отбасылар қатарындағы 692,8 мың азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.   Республика  бойынша  аталған көмектің бір айда 1 алушыға шаққандағы орташа мөлшері  12509 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  60  пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

Шартты  және шартсыз ақшалай көмектер

     Өңірлік  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2019 жылдың 1 мамырында  шартсыз ақшалай көмек (ШАК)  152,9 мың адамға,  шартты ақшалай көмек (ШАК) 539,9 адамға  тағайындалды.  Республика бойынша  шартсыз ақшалай көмектің (ШАК)  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 12604,3 теңгені, ал шартты ақшалай көмектің (ШАК)  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 12616,1 теңгені құрады

Еңбек нарығы

Облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында 219.3 мың адам жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өтініш жасаған. 2019 жылдың 1 мамырына  жұмыспен қамту органдарында 160.7 мың адам  тіркелген. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 128.3 мың адам немесе уәкілетті органдарға жүгінгендердің жалпы санының 64.4 пайызы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 14,3 мың жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 11.6 мың білім беру ұйымдарының түлегі жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

2019 жылдың өткен кезеңі бойынша 41.3 мың адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды, 9.7 мың адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді.

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші