You are here

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе.Мен асыраушысы жоқ анамын.3 балам бар.Озім бала күтімімен үйдемін.Баспанам жоқ.Маған уй алуға кандай мүмкіндік бар?Кайда барам?

 

Жауап: 

Құрметті Айдана Жанабайқызы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Министрлік әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің қызметі Қазақстан Республикасы «Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысы негізінде жүзеге асырылады, яғни тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Министрліктің құзіретіне кірмейді.
Тұрғын үй қатынастарын реттеу мен басшылық жасау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретінде.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғындарына тұрғын үй, нақты осы елді мекенде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтарға кезекке тұру тәртібі бойынша және барлық құжаттарды тапсырған сәттен бастап, белгіленген тізімдерге сәйкес жергілікті атқарушы органдармен беріледі.
Осыған байланысты, көтерілген мәселелер бойынша Сізге уәкілетті органға хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359728
22 сәуір, 2019 - 17:49 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мүгедектік табысқа жата ма?2топ мүгедектік алам..14те и 3жасар қыздарым бар.45000мүгедектік және 8000 алимент алам бар табысым осы.Сот орындаушыдан анықтама әкел дейді,ол алиментке 10жыл өтіп кеткен,архивте жоқ.Бірақта,ай сайын банктен 8000 тг аударады менің счетыма.Выписка неге болмайды банктен.Өзімнің денсаулығым жоқ,документтерді жинау өте қиын болып тұр.Әрине,өзімнің жүгіріп еңбек еткеніме не жетсін!!!

Жауап: 

Құрметті Айнур Мусировна!

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтар болсақ, аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен 70 пайызға дейін критерийі көтерілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген және үй шаруашылығын бірге жүргізетін адамдардың табыстарының жалпы сомасы есепке алынып, есептеледі.
Әлеуметтік көмек отбасына тағайындалып, төленетін ескере отырып, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуыңызға кеңес береміз.

Сұрақтың нөмірі: 359725
17 сәуір, 2019 - 18:12 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсызбе,  менде уш бала бар, квартира да турамыз куйеуымнын табысы жетпейды ,озым жакында ушыншы баланы босандым, сурауым бызге алеуметык комек береме

Жауап: 

Құрметті Ирода Ауезовна!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Одан басқа, табысы аз отбасылар үшін тұрғын үй көмегі қарастырылған. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер мен бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға кеткен шығындар шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артық болған отбасыларға тағайындалады. Тұрғын үй көмегінің көлемі мен көрсетілу тәртібі жергілікті өкілді органдармен анықталады.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар қиын өмірлік жағдайға түскен азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсете алады.
Осыған орай, АӘК алу үшін жергілікті жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына, тұрғын үй көмегімен бір реттік әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінуді ұсынамыз

Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсизбе! Мен жане менин жолдасым жумыс истемеймиз. Уш баламыз бар. Биз алеуметтик комек ала аламыз ба?

Жауап: 

Құрметті Асель!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359712
18 сәуір, 2019 - 17:04 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

2 және 4 жаста екі балам бар. Өзім жұмыс жасаймын. Қолыма алатын айлығым 66 мың теңге.Күйеуім жұмыссыз. Жұмыспен қамту орталығына тіркеліп қойды.Мен 2019 ж қаңтар айында Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырдым. 1 апта ішінде мақұлданды, ақпан айында 50 мың және наурыз айында 25 мың теңге алдым. Енді құжат тапсырып балаларыма 20 789 теңгеден жәрдемақы ала алмаын ба? 

Жауап: 

Құрметті Әсел Нұрланқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Осыған орай, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359709
25 сәуір, 2019 - 16:33 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салемметсізбе біз Узбекистаннан 2012жыл көшіп келгенбіз 2013 жыл қазақстан азаматтығын алдық ешқандай жəрдем ақы алған жоқпыз көшіп келген кезде үиім жоқ былтыр 240 мың алдым мал аламын деп сосын асп алдым жолдасым табысы жеп ішуге əрең жетеді үи кезегіне 2% бен қалай турсам болады 4 балам бар өтінем көмек тесіңіздерші павлодар облысында турам қысы суық көмір қымбат 10 тонна көмір жағамыз 

Жауап: 

Құрметті Багира Абдикаимкызы!

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі (негіз: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы).
Тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй алу, тұрғын үй алуға кезекке тұру және т.б. мәселелері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілетті органдар бекіткен үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
Аталған Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдайға тап болғанда ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдарға аталған заңнамаға сәйкес, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына соның ішінде жекелеген санаттағы азаматтарға қосымша көмек көрсету бойынша жеткілікті өкілеттілік берілген.
Осы орайда, тұрғын үй және қосымша әлеуметтік көмек көрсету мәселелерімен Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359703
8 мамыр, 2019 - 20:21 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

мен 25жастамын. 3 баланын анасымын. БКО,Чингирлау районында турамын. мен оз районыма карасты жумыспен камту мекемесине бардым. уйдеги енемнин 3 айлык зейнетакысы мен жолдасымнын 3 айлык табысын есептеди. мен озим жумыссызбын. маган есептеп берди. 3 балана тиеди деди. бирак 1 жылдык акшанын молшерин есептеп оны 4кварталга болди де, ар квартал 197 мыннан аласын. бирак бул акшага не мал устайсын немесе оз бизнесинди ашасын деди. мен мал устай алмаймын. себеби ипотекалык уйде турамыз енеме берген.онын ауласына кора-жай салуга азирге руксат берилмейди.

Жауап: 

Құрметті Мария!

Егер де отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көрсетудің критерийінен аспаса, Сізге атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) ұсынылуы мүмкін. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын отбасыларға төленеді.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Бұл ретте мемлекеттiк АӘК жәрдемақысын есептеу кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Олар еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн және жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін барлық табыстар.
Сонымен бірге, жиынтық табысты есептеу кезінде АӘК алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi.
Осыған орай, АӘК тағайындалу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Ақнұр!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақы отбасының жиынтық табысы болып есепке алынады.

Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсиздерме. Менин 2 балам бар жане жолдасым екеумиз де жумыссызбыз, алеуметтик комек ала аламыз ба?

Жауап: 

Құрметті Айдана!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға тағайындалады.
АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
Өтінішті қабылдау кезінде Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) немесе әкім «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы сұрау салуды және басқа да мәліметтерді алып қалыптастырады.
Осыған орай көтеріп отырған мәселеңіз бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына не бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Самат Қанатханұлы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасылар алатын жәрдемақыны, мүгедек балалардың аналары алатын мемлекеттік жәрдемақыны және степендияны алып тастау қарастырылған.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359643
19 сәуір, 2019 - 17:46 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші