You are here

Сұрақ тақырыбы: 

1 тоқсан 2019 жылға 3 айға барлық жалақы 333696 тенгені құрайды. Қолға таза алатыны 283043 тенге. 20780 тенге әлеуметтік көмек алу үшін қай цифрдан есептелінеді. Отбасында бес адам. Жергілікті ЦОН дағы қызметкерлер 333696 тенгеден есептеп жан басына шаққандағы кіріс асып тұр деп құжаттарды қабылдамай кері қайтарды. Негізі жеке табыс салығы, 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынған таза кіріс 283043 тенгеден есептелінбейді ма?  Қайсысы дұрыс?

Жауап: 

Құрметті Мейрамкуль!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми сайтқа келіп түскен хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө Бұйрығына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) өтініш берушінің келісімі бойынша өтініш берушінің табыстарын орталық атқарушы органның автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріндегі деректермен салыстырып тексереді.
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
АӘК алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Яғни, бұл ретте отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде барлық табыстың шығысы (міндетті зейнетақы жарнасы) есептеледі.
Дегенменде, халыққа көрсетілетін әлеуметтік кепілдікті кеңейту мемлекеттік әлеуметтік саясаттың міндеттерінің бірі болып табылады.
Бұл іс-шаралар еліміздің экономикалық даму қарқына сәйкес мемлекетік бюджеттің мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кезең-кезеңімен өткізіледі.

Сұрақтың нөмірі: 360547
15 мамыр, 2019 - 19:43 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ассалумағалейкум менің сұрайын дегенім Мен 2010 жылдан бері қарай ауылда мектепте жұмыс істеймін. Өзім пәтер жалдап тұрамын. 2015 жылдан бастап танысымның үйіне пропискаға отырған едім. Қазір енді олар пропискадан шығарып жіберсе менің басқа пропискаға тұратын жерім жоқ. Олар 1 ай мерзімге срок беріп отыр. Енді не істеуге болады. 2015 жылдан "Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша кезекке тұрғанмын. Әлі кезегім келгені жоқ, жылжымайды бір орында тұр.Мүмкін кезегім келгенде үйлі болып пропискаға тұраалатын шығармын. Оған дейін не істеуім керек Қайда қалай пропискаға тұрам.

Жауап: 

Құрметті Алибек!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесіне сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттеріне мемлекеттік саясатты жасақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру кіреді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі (негіз: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы).
Тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй алу, тұрғын үй алуға кезекке тұру және т.б. мәселелері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі.
Сонымен бірге, тұрғылықты мекенжайға тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
Осыған орай, көтерген сауалыңыз бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360470
13 мамыр, 2019 - 20:41 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

         Саламатсыздар ма?  

Жауап: 

Құрметті Динара Балтабаевна!

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушінің тұрақты немесе уақытша тіркелген жері болмаған жағдайда Орталық немесе әкім атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мақсатында өтініш берушіні Тұрақты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына ықпалдасады.
Бірақ бұл қағидаға сәйкес объективті себептер бойынша (қауіпсіздік техникасына сай келмейтін құрылыстарда, тұруға арналмаған ғимараттарда тұратын немесе үй салып оның құжаттары рәсімделмеген жағдайда) тұра алмайтын адамдарды уақытша тіркеу қажет.
Бұл атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында өтініш берушілерге ықпалдасу шарасы болғандықтан, осындай мекемелерде уақытша тіркелген адамдар өздері және отбасы мүшелері үшін дербес жауап береді.

Сұрақтың нөмірі: 360365
2 мамыр, 2019 - 10:08 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба!Менің есімім Сымбат болады,жас отбасы.Уйде пропискада 8адам турамыз,оның 3-і 18ж толмаған балалар,2-і бала күтімінде,1-і жұмыссыз,2-і жалдамалы жұмыскер маған ай сайынғы ақшалай көмек шығама білейін деген едім?

Жауап: 

Құрметті Сымбат!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Материалдық игіліктердің тізімі, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтың болуы (аулалық учаскесі, мал жіне құс) өтініш берушімен АӘК-ке құжаттарды тапсырған кезде көрсетіледі, бұл ретте осы мәліметтердің дұрыстығын анықтау учаскелік комиссияның құзыретіне кіреді.
«Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №29 бұйрығының 2 тармағына сәйкес учаскелік комиссия – бұл атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша қосымша мәліметті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажеттігін ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 360296
30 сәуір, 2019 - 20:20 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба,

Мен, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Швецияда оқып жатырмын. Өткен жылы, яғни 12.08.2018 күін отбасымда екінші балам дүниеге келді(Швецияда). Сіздерден сұрайын дегенім, бала тууына байланысты берілетін Мемлекеттік жәрдемақыға қалай өтініш беремін? Ғаламтор арқылы өтініш беру үшін Электронды қол таңба(ЭҚТ) қажет екен. алайда менің ЭҚТ уақыты өтіп кетуіне байланысты өтініш бере алмадық. Елге қайту үшін жол ақы тым қымбат. Көмектесулеріңізді сүраймын. 

 

Құрметбен, 

Есбол

Жауап: 

Құрметті Есбол!
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына сәйкес бала туғанда берілетін жәрдемақы және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және құжаттарды үшінші адамдардың ұсынуы жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Максуда Комилжановна!

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау көзделген. Жәрдемақының ай сайынға мөлшері 16160 теңге
Ал атаулы әлеуметтік көмек «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының аясында жүргізіледі.
Бұл ретте аталған көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтар болсақ, аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен 70 пайызға дейін критерийі көтерілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген және үй шаруашылығын бірге жүргізетін адамдардың табыстарының жалпы сомасы есепке алынып, есептеледі.
Әлеуметтік көмек отбасына тағайындалып, төленетін ескере отырып, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуыңызға кеңес береміз.

Сұрақтың нөмірі: 360223
23 сәуір, 2019 - 19:10 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Уважаемая Лаура Алибековна !

Вопрос регистрации по месту жительства относится к компетенций Комитета миграционной службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
В этой связи, для получения компетентного ответа вам необходима обратиться в Комитет миграционной службы.

Сұрақтың нөмірі: 360193
30 сәуір, 2019 - 21:14 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Айнур Канатқалиқызы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын тағайындау барысында туындаған сұрақтарды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына сәйкес шартты ақшалай көмек тағайындаудың ең маңызды шарты, бұл жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) бейімдеу бағдарламаларына еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің қатысуын көздейтін әлеуметтік келісімшарт жасасу болып табылады.
Бұл ретте, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту белсенді шараларына тарту 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жүзеге асырылады.
Осылайша, жұмыс іздеуші адам тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз ретінде тіркелуге тиісті. Тіркелген уақыттан кейін он жұмыс күннің ішінде тұрақты жұмыс орындарын іздеу және кәсіби оқыту жолымен қамтамасыз етіледі.
Әрі қарай, егер өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде лайықты жұмыстар болмаған жағдайда Жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыс орындарына жолдау, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастырады.
Сонымен қатар, өзара жауапкершіліктің принціпі мемлекет ақшалай көмекті тек әлеуметтік келісім шартта көрсетілген міндетті орындаған жағдайда ғана, оның ішінде уақытша жұмыс орындарына орналасу болып табылады.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Айкүміс Садыққызы!
Әлеуметтік көмек бөліміндегі 360157 санды нөмірімен тіркелген сұрағыңыздың мәтіні (текст) көрсетілмеген. Сондықтан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қатысты сұрағыңыз болса мәтінін жолдау қажет екенін ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 360157
23 сәуір, 2019 - 19:07 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен 3 баланын анасымын. Озим жумыс жасамаймын, кишкентайыммен декреттемин, жолдасым орт сондируши болып жумыс жасайды, уйимиз жок, жалдаймыз,бирак колик кана бар, бизге акша болинеме???

Жауап: 

Құрметті Айтолқын Қанатқызы!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін отбасының барлық табысын есепке алу қажет екендігін және Сіз ұсынған ақпаратта табыс көздері көрсетілмегендігін ескере отырып атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.

Сұрақтың нөмірі: 360150
2 мамыр, 2019 - 09:56 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші