You are here

                                                               Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

                                                               министрі  Т. Дуйсеноваға

                                                               ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы,

                                                               Фурманов көшесі, 15 үй тұрғыны

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Ауталипова Орынбасар!

Зейнетақы төлемдерін тағайындаудың және арттырудың негізгі өлшемдері болып азаматтар зейнетақыны тағайындау кезінде ұсынатын еңбек стажы мен орташа айлық табыстың мөлшері болып табылады.

Зейнетақы іс-құжаттарыңыз бойынша зейнетақы төлемінің тағайындалуы мен төленуінің дұрыстығына тексеру жүргізілді.

Бұған дейінгі қолданыста болған зейнетақы туралы заңның талаптарына сәйкес Сізге  жасыңызға байланысты зейнетақы 1991 жылдың қыркүйек айында  56 жыл 7 ай еңбек стажыңызбен (оның ішінде экологиялық стажы) және 1989 жылдың  қазанынан 1991 жылдың қыркүйегін қоса алғандағы мерзімнің яғни  537,7 сом орташа айлық мөлшеріне сәйкес тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес зейнеткерлік іс-қағазыңыздағы құжаттар негізінде зейнетақы төлеміңіз жыл сайын арттырылып отырған.

Бүгінгі таңда алып отырған зейнетақы төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 54 919 теңгені (зейнетақы төлемі – 40 524  теңге, базалық зейнетақы төлемі – 10 450 теңге, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 3945 теңге) құрайды және олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес дұрыс есептеліп, арттырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

 

 

 

 

Саламатсыздар ма?!Сіздерден сұрайын дегенім "9 мамыр жеңіс күніне" орай тыл ардагереріне берілген сыйақы туралы болмақ,Менің әжем тыл ардагері ретінде сол көмекке үміткер болған,алайда бізге жеткен ақпарат бойынша әжем "алтын алқа" иегері ретінде тыл ардагеріне берілетін бір реттік мерекелік сыйақыдан қағылады екен.Және сый ақының көлемі қанша?Осы туралы толық ақпаратты білгім келген.Жауаптарыңызға алдын-ала рахмет!

Жауап: 

 

Қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік органдар туралы» заңнамаға сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға материалдық қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Сондықтан, мереке күніне біржолғы материалдық көмек төлеуді жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

БӘҚК сарапшысы Ж.Сина
 

Сұрақтың нөмірі: 307577
26 мамыр, 2014 - 15:54 өзгертілді

жұбайым биыл елу жасқа келеді екі бала өмірге әкелді,1981 жылдан жұмыс өтілі бар,неше жастан зейнетке шығады?рахмет

Жауап: 

Сәлеметсіз бе! 

 

Бүгінгі күні, зейнетақы төлемдері республикада әйелдерге 58 жаста тағайындалады.

Бұл ретте, 2018 жылғы 1 қаңтардан әйелдер 58,5 жасқа жеткенде зейнетке шығады яғни, зейнетақы жасының ұлғайуы кезең-кезеңмен 10 жыл бойы 6 айдан қоса отырып жүзеге асырылады (негізі: ҚР-ның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11- бабы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

 

Сұрақтың нөмірі: 307349
21 мамыр, 2014 - 15:36 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме?! Мен Құрманғазы ауданында мұғаліммін 2013 жылы төртінші балалы болдым.Сіздерден сұрайын дегенім мен балам 1 жасқа толғанша жұмыс орнымнан 40 пайыз мөлшерінде төлем алуға құқылы болдым ба? Мен сол ақылай көмекті алған жоқпын ,неге? Осы сұрағымның жауабын алғым келеді.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес ай сайын төленетін бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер (бұдан әрі - ӘТбк) мөлшері Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) жұмыс берушіңіздің ай сайын аударып отырған әлеуметтiк аударымдар (бұдан әрі - ӘА) негізінде айқындалады.

Егер Сіздің жұмыс берушіңіз Қорға ай сайын ӘА аударып отырған болса, онда Сіз ӘТбк төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімшесіне қажетті құжаттармен өтініш білдіруге құқығыңыз бар.

ӘТбк мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін (бұдан әрі - ОАТ) табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген ОАТ мөлшері ӘТбк құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 24-ке бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Айта кетенін жағдай Қордан ӘТбк тағайындау баланың туу туралы күәлігінде көрсетілген туған күннен бастап 12 айға дейін, яғни бала бір жасқа толғанға дейін тағайындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд: «МӘСҚ» АҚ бас маманы А.Жумажанова 

тел: 96-55-45

Сұрақтың нөмірі: 307227
19 мамыр, 2014 - 16:19 өзгертілді

Саламатсыздар ма! Мен Бейнеу ауданының мектебінде мұғалім болып жасаймын. Қазір декреттік демалыстамын. Мен 2013 жылдың 1 желтоқсанынан бастап декреттік демалысқа қалдым, үшінші балама. Қазір шамамен 14000 тг жасқа дейінгі төлемақы аламын. Жұмыс жасаған кездегі жалақым 50000 тг. Жалақымның 0,4 пайызын алуым керек еді.  Мұндай төлемақыны алу үшін қандай құжат керек, әлде басқа маман иелері мен басқа аудан мұғалімдері ғана ала ма?

Жауап: 

«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың жәрдемақы алуға құқығы бар:

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы;

2) бала күтiмiне берілетін жәрдемақы, егер бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiн жүзеге асыратын адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылмайтын жағдайда бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және ай сайынғы бала күтіміне берілетін жәрдемақы – тиiстi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгеруi ескерiле отырып төленедi. 

Жоғарыдағы  Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде төленеді:

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы:

бiрiншi, екiншi, үшiншi балаға – 31,40 айлық есептiк көрсеткiш;

төртiншi және одан кейiнгi балаларға – 52,35 айлық есептiк көрсеткiш;

2) бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы:

бiрiншi балаға - 5,76 айлық есептiк көрсеткiш;

екiншi балаға - 6,81 айлық есептiк көрсеткiш;

үшiншi балаға - 7,85 айлық есептiк көрсеткiш;

төртiншi және одан кейiнгi балаларға - 8,90 айлық есептiк көрсеткiш;

Айлық есептiк көрсеткiш 2014 жылға 1852 теңге мөлшерінде белгіленген.

Егер бала күтiмiн жүзеге асыратын адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылса, онда «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындалады.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту жолымен айқындалады.

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерi, егер әлеуметтiк қатер жағдайы басталған ай үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтiк аударымдарда үзiлiс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициентi - 0,4 болады.

Бұл орайда, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемнiң ең жоғары мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнiң қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтiк төлемнiң ең төмен мөлшерi бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi жөнiндегi ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

Осыған байланысты, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлем және ай сайынғы бала күтіміне берілетін жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бір негізде ғана жүргізіледі.

 

 

Орын.: ЗТМО маманы Лукпанов Р.

 

                 

Сұрақтың нөмірі: 307135
15 мамыр, 2014 - 11:18 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? Мен Саликов Зейнилгабиден Куттыбадамович. Акмола обл Бұланды ауданы Макинск қаласында тұрамын. 1940 жылы 8 июль күні туылдым.  1953 жылы колхозда өгіз айдадым. 1954 жылы тың игеруге қатысып тіркеуші болып істедім. Еңбек стажым 1955 жылдан басталды. 48 жыл стажым бар, 15 жыл колхоз совхозда механизатор болып, 33 жыл Макин Поршень Сақина заводында наладчик болып еңбек еттім. Осы уақыттарда "Лауреат Государственной Премии", "Орден Знак Почета".

Жауап: 

Зейнетақы тағайындау кезінде ұсынатын еңбек стажы мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табысын негізге ала отырып жүзеге асырылады (негізі: ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы).

Егер азаматтардың қажетті еңбек стажы болып, бірақ зейнетақы есептеуге арналған орташа айлық табыс төмен деңгейде болса, зейнетақы төлемі кепілдендірілген ең төменгі мөлшерде тағайындалады.

Зейнетақы ісіңіздегі құжаттар мұқият зерттеліп, төлем есептері  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестігі  тексерілді.

 Жасыңызға байланысты зейнетақы 2003 жылдың шілде айында толық еңбек стажыңызбен және 3 109 теңге орташа еңбекақыңыз есепке алынып тағайындалған.

Бұл ретте еңбек стажыңызбен және айлық табысыңыздан есептелген зейнетақы төлеміңіздің мөлшері республикалық бюджет заңында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болған. Сондықтан, заң нормаларына сәйкес, Сізге кепілдендірілген ең төменгі зейнетақы тағайындалған.

Қазіргі кезде, Сіздің алып отырған зейнетақы төлемдеріңіз қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес есептелген.

          Зейнетақы мөлшерлерін қайта қарау үшін зейнетақы алушы тек зейнетақыны тағайындауда ұсынған құжаттарды толықтыратын табысы туралы құжаттарды тапсырған жағдайда ғана мүмкін (негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 Қаулысы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 306624
4 мамыр, 2014 - 12:16 өзгертілді

Менің сіңлімнің қызы 13 жасында 2011 жылы 6 ақпан күні анасынан жетім қалды. Әкесі 2002 жылы ажырасып басқа отбасында тұрады, онда 3 баласы бар. Қызымен бірге тұрмайды.Маған "опекунство" беруге де келісімін бермей, тек қол хат (доверенность) берді.Ол баласының анасынан айырылғандығы жөнінде зейнетақысын тағайындаудан да бас тартты, анасы бар кезінде алимент төлемеген, сол 2002 жылдан бері тек жылына бір - екі рет сыртқы киім алып берген.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру органдары қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн. Осыған орай, қорғаншылық алуыңызға тұрғылықты жері бойныша білім бері басқармасына хабарлауңыз қажет.

Сонымен қатар, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы).

Алимент алу жөнінде сот органдарына  жолығуыңызға болады. 

 

 

 

БӘҚК сарапшысы  Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 306524
13 мамыр, 2014 - 16:28 өзгертілді

Менің шешем 1939ж туылған, соғыста қаза болған жауынгердің баласы! Қазіргі кезде көп балалы ана ретінде, пенсияға жәрдем ақы алып отыр. Неге "Тыл"дарға берілетін жәрдем ақыны қосып ала алмайды? Әлде екеуін бірге алуға болмай ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді (негізі: ҚР «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы).

  Сіздің анаңыз туралы толық мәлімет болмағандықтан (туған жылы, аты-жөні, тұрақты мекенжай) толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалына жолығуына болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 306395
28 сәуір, 2014 - 10:08 өзгертілді

Менің шешем 1939ж, соғыста қаза болған жауынгердің баласы! Қазіргі кезде көп балалы ана ретінде, пенсияға жәрдем ақы алып отыр. Неге "Тыл"дарға берілетін жәрдем ақыны қосып ала алмайды? Әлде екеуін бірге алуға болмай ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді (негізі: ҚР «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы).

  Сіздің анаңыз туралы толық мәлімет болмағандықтан (туған жылы, аты-жөні, тұрақты мекенжай) толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалына жолығуына болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 306394
28 сәуір, 2014 - 10:09 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме? Сұрағыма жауап бергендеріңіз үшін рахметімді айтамын. Бірақ бұл заңда неге сол жерде өмір сүріп жатқан жұмыссыз азаматтарға төлемдер қарастырылмаған? Өмір бойы сол ауамен дем алып, сол суды ішіп жүрген азаматтарға неге төленбейді?

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұрған және тұратын азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақы төленеді (негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының  1992 жылғы 18 желтоқсандағы  № 1787 Заңы  12 бабы).

Бұл төлем бір жолғы, яғни ақшалай өтемақы бір рет қана беріледі, осы аталған өтемақыны алу үшін, тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығуыңызға болады.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселе бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БӘҚК сарапшысы Ж.Сина

Сұрақтың нөмірі: 306334
28 сәуір, 2014 - 17:24 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші