You are here

Сәлеметсіз бе! Мен Хабиденова Гүлімжан ЖСН 860303400795 мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын. Қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап декреттік демалыстамын.12 айлық есептеу бойынша орташа табыс сомасы жалпы 695266 теңгені көрсетіп отыр.Ал соц.отчисление  есептелгені 31291теңге, төленгені 32688 теңгені құрап отыр екен.Бұл  жұмыс орнымнан берілген анықтаманың көрсеткіштері.Сіздерден білгім келгені, маған жүктілігіме және босануыма байланысты әлеуметтік төлем осы көрсеткіштермен есептесек қанша теңге  келеді екен? Жауаптарыңызды асыға күтемін.Рахмет.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Гүлімжан!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА)(осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

ӘТжб құқық - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

Сіздің жағдайыңызда 2013 жылдың қыркүйек айы мен 2014 жылдың тамыз айларын қоса алғандағы аралықтағы 12 айға төленген ӘА есепке алынатынын ескертеміз.

ӘТжб мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс (бұдан әрі - ОАТ) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 12-ге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ ӘТжб = ∑(АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ12) / 12

мұндағы:

АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

ӘТжб мөлшері ӘА есептеу объектісі ретінде есепке алынған ОАТ мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген ОАТ мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К = 126/30= 4,2).

Сондай ақ Заңның 26 - бабына сәйкес ӘТжб сомасынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және бірыңғай зейнетақы қорына аударылады.

ӘТжб мөлшеріне қатысты мәлімет құпия ақпарат болып табылады. Сондықтан нақты және толық ақпарат алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне немесе Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының өзіңіз тұратын жердегі бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет.

 Л. Хасенова 96 55 45

Сұрақтың нөмірі: 314132
25 қыркүйек, 2014 - 12:55 өзгертілді
Жауап: 

Жауабы.

 

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңымен реттеледі.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiстi әлеуметтiк аударымдар - 5 процент мөлшерінде белгiленген.

Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі жөнінде толық ақпаратты жергілікті салық органдарынан алуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

?. Омирбекова А.Р.

Саламатсыздарма менің қойайын деген сұрағым менің әйелім 12 ай болды жұмыс істеп жатқанына 24 ай толмады әйелім босанды енді бала 1 жасқа толғанға дейінтөленетін жәрдемақы қалай есептеледі жоқ жұмыс істемейтіндермен бірдей жәрдемақы төленеді ма? Осы сұрақтың жауабын берсеңіздер.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-2 бабына сәйкес бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер (бұдан әрі - ӘТбк) мөлшері Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) Сіздің жолдасыңыздың жұмыс берушісінің ай сайын аударып отырған әлеуметтiк аударымдары (бұдан әрі - ӘА) негізінде айқындалады.

ӘТбк мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін (бұдан әрі - ОАТ) табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ бк = ОАТ х ТАК

мұндағы:

ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.

Қордан төленетiн ӘТбк құқық - баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап туындайды.

ӘТбк  мөлшерін есептеу кезінде ОАТ мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 24 бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ = ∑(АТ1 + АТ2 + АТ3...... + АТ24) / 24,

мұндағы: АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Яғни Сіздің жолдасыңыздың атына ӘТбк құқық туындаған айдың алдындағы соңғы аударылған ӘА саны 12 айға аударылған болса, ОАТ сомасы анықтау барысында  24 –ке бөлінеді.

ӘТбк сомасынан ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып  қалады және жинақтаушы зейнетақы қорына жолданады.

Бұл ретте, ӘТбк ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

 

 

орынд: «МӘСҚ» АҚ бас маманы А.Жумажанова 

тел: 96-55-45

Менің анам 6 баласымен көп балалы ана еді. Кіші сіңілім туғанынан инвалид болып туылды анам сіңілімді 14 жасқа дейін бағып қақты ал 2002 жылы қайтыс болды. Анам күміс алқаға құжатын тапсырғанда балаңыз тірі болу керек дейді. Сонда қалай болғаны ?

Жауап: 

 

Жауабы:

Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің құзыретіне жатады.

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар, «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, жетінші және алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады (негіздеме: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 211-ІІ Заңы).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттау туралы» № 2676 Заңының 28-бабында, Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiлетіні көрсетілген.

Осыған орай, аталған белгілерімен марапаттау жөнінде, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімшілікке хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

 

 . Ергеш Е.

 

Салеметсыздер ме?Менің сіздерге қояр сұрағым менің анам 20 жылдан астам мектепте камту кызметкері болып жұмыс атқарды. Бырақ көпбалалы ана ретінде зейнеткерлікке жасынан ерте шығып қызыметің атқарып жүрді, енді міне жасы келіп зейнетке шығайын десе зейнеақысына ешқандай қосымша ақша қосылмайды дейді. Сонда анама еңбектік зейнетақы төленбейма?

Жауап: 

Жауап: Сіздің  сұрағыңызға байланысты келесіні хабарлаймыз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен камсыздандыру құқығы барлық азаматтарға бірдей белгіленген, осыған орай барлық адамдар жалпыға бірдей негізде қамтамасыз етіледі. Зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңына сәйкес зейнетақы мөлшерін арттыру жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Сіздің анағызға көп бала туып оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген үшін жеңілдік шартпен зейнетақы тағайындалған. Бұл ретте анағызға зейнетақы төлемі  жалпы зейнеткерлік жастан 5 жыл ерте тағайындалған. Осыған орай, зейнетақы төлемі бір-ақ рет тағайындалады және оны 58 жасқа толғанда қайта тағайындау немесе қайта есептеу қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 18 маусымда  № 841 Жарлығымен 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасы бекітілгенін хабарлаймыз.

Осы тұжырымдамадағы негізгі жаңа енгізулердің бірі базалық зейнетақы төлемді тағайындау тәртібін өзгерту болып табылады, ол азаматтар жалпыға ортақ белгіленген жасқа жеткен кезде, азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты төленеді.

Зейнетке шыққан азаматтар үшін қатысу өтілі есебімен зейнетақылық қамсыздандырудың ынтымақты және жинақ жүйелерінде біржолғы бастапқы зейнетақылық төлем төленеді.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем болатын адамдар үшін базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 % мөлшерінде белгіленетін болады, базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға 2 %-ға ұлғаяды және қатысу өтілі 35 жыл және одан көп болса, ең төмен күнкөріс деңгейінде белгіленеді.

Сонымен, енгізіліп отырған өзгерістер зейнеткерлер арасында кедейлікті азайтуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың еңбекке ынтасын күшейтуге және еңбек қатынастарын заңдастыруға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕӘҚКК сарапшысы  Ә.Аюпова

 

Саламатсыздар ма? Мен 2013 жылдың қазан айынан бастап жеке кәсіпкерлікпен (ағылшын тілінен репетитор) Қоңыр Мандоки атындағы "Қазақ тілі" қоғамында жұмыс жасадым. 2014 жылдың шілде айында каникул мезгіліне байланысты ЖК (ИП) тоқтаттым. Ал тамыз айында декреттік демалысқа шығуым қажет. Аудандық ГЦВП-ға барғанымда маған ЖК тоқтауына байланысты декреттік төленбейді деді. Не себепті? Мен 1 жыл бойы жұмыс жасадым, табыс келіп тұрды емес пе? Осының анық-қанығын білсем деп едім... Рахмет.

Жауап: 

«Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының № 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 405 заңына сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.

Жүктiлiкке және босануға байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) және жұмыс орнынан әлеуметтiк қатердiң басталуы алдындағы соңғы күнтiзбелiк он екi ай ішіндегі табыстары туралы белгiленген үлгiдегi анықтама (анықтамалар) негізгі құжаттар болып табылады.

Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген бүкіл кезеңге тағайындалады.

Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген жүктілікке жене босануға байланысты демалысқа шығу күні - әлеуметтік қатер куні болып табылады.

Әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген жағдайда жүктiлiкке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау мүмкін емес.

Сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкілетті орган Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті болатынын хабарлаймыз.

Жоғарыдағы Заңның 9 бабына сәйкес Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкілетті орган әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға, сонымен қатар әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және алу мәселелерi жөнiнде қажеттi түсiнiктемелер беруге мiндеттi.

Сіздің толық аты-жөніңіз және жеке сәйкестендіру нөміріңіз көрсетілмеген, сондықтан әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту себебін анықтау үшін Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласыңыз.

               орын.Д. Нұғыманова          

                тел.55-21-00 10477

Сұрақтың нөмірі: 313207
11 қыркүйек, 2014 - 15:37 өзгертілді

 Саламатсыздарма. Менің бір сұрағым бар еді  менің келіншегім балабақшада тәрбиешіболып жұмыс жасайды өкіметке өтеміз деп 2-3 айлықтарын кешіктіріп ақыры бермеді. Енді зейнетақы жарнасын әлеуметтік салықты аударганын сұрасақ айтпайды бухгалтері, әлеуметтік салық аударылмаған жағдайда не істеуге болады.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Министрдің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарап, төмендегіні хабарлайды.

Өтініште Сіз көрсетіп отырған жалақы мәселесіне қатысты заң бұзушылықтарды анықтау үшін Сіз жұмыс істейтін мекемеде (бұдан әрі - Мекеме) тексеру жүргізуді қажет етеді.

Осыған орай, Сізге жергілікті әкімдіктің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына аталған мекеменің тіркелген жері бойынша жазбаша түрде шағымдануыңыз қажет.

Сіздің арызыңыз негізінде мемлекеттік еңбек инспекторлары аталған мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, тексеру қорытындылары бойынша тиісті шаралар қолданады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің        9 - бабына сәйкес, азаматтардың құқықтарын қорғау сот органдарымен жүргізіледі.

Осыған байланысты, өздеріңіздің еңбек құқықтарыңызды қорғау мақсатында Сізге сот органдарына шағымдануыңызға болады.

Міндетті зейнетақы жарналарына қатысты, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 24 – бабына сейкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28 – бабының 1 – тармағына сәйкес есебіне жазылған өсімпұлды төлеудің толық және уақытылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.

Осыған орай, әлеуметтік салық аударымдарын және міндетті зейнетақы жарналарын алу үшін салық органдарына шағымдануыңыз қажет.     

Орындаған: Қайыпбаева А.

Тел.: 74-34-92

Сұрақтың нөмірі: 312639
21 тамыз, 2014 - 15:23 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме. Сіздерден сұрайын дегенім Полигонды аймақтарды декреттік жәрдемақы коэффициенті каншаны кұрайды.Газет басылымынан 5,7 немесе 6,2 дегенді оқыдым.  Сонымен қатар полигонды аймақтарды декреттік демалысқа шығу неше аптадан бастап және неше күнге созылатынын білсем деп едім.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) жұмыс берушіңіздің ай сайын аударып отырған әлеуметтiк аударымдар (бұдан әрі - ӘА) негізінде айқындалады.

ӘТжб мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін (бұдан әрі - ОАТ) еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне (бұдан әрі - ЕСК) көбейту арқылы айқындалады.

ЕЖК еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады. Мысалы : егер науқастық парағы 124 күнге берілетін болса онда ЕСК = 124/30= 4,2, ал 170 күнге берілетін болса, онда ЕСК = 170/30= 5,7.

ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ОАТ мөлшері ӘТжб құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 12 бөлу арқылы айқындалады.

«Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 Қаулысына сәйкес ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы қалыпты босанған жағдайда жиырма жеті аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік 170 күнге және асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда күнтізбелік 184 күнге беріледі.

 

орын. Суханова К

Сұрақтың нөмірі: 311872
7 тамыз, 2014 - 18:44 өзгертілді

  Саламатсыз ба, менің   сұрағым мынадай:  Мемлекеттік  қызметте   істейтін  жасы қырыққа  жеткен   әйел адамның    жазылмайтын ауруға  шалдыққаны  белгілі  болды. Оның   зейнетақы  қорында  1 млн  астам   ақша бар. Қайтыс  болардан  бұрын  ақшаны  мұрагерлікке     жазуына  бола ма,  және  ол  ақша мұрагерге    бұйыра ма? Мұрагер  күйеуі мен  баласынан   басқа  адам  мысалы   бауыры  болса   болады ма?    Жауабыңыз  үшін алдын ала  рахмет  

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Заңды мұрагерлер ҚР Азаматтық кодексінің 1061-1064 баптарында (Ерекше бөлім) көзделген кезектілік тәртібінде мұрагерлік етуге құқылы.

Мирас қалдырушы қайтыс болғанан кейінгі 6 ай ішінде мұрадан үміткер мұрагерлер мұраның ашылу орны бойынша мемлекеттік немесе жекеше нотариусқа тиісті өтініш берулері қажет. Өтініш қабылданғаннан кейін, нотариус мирас қалдырушы қайтыс болғаннан кейін 6 ай өткен соң мұраға құқық туралы тиісті куәлік береді.

 

Орын. : БӘҚК сарапшысы Суханова К.

 

Мен. Долда Ергенгуль 23.06.2014 жылы бала тууга байланысты декретке шыктым, осы аралыктан бери кужаттарымды тапсыра алмай журмин, себеби жумыс орнынан Берген аныктама кате болып шыга береди, осымен 11 аныктама апардым, енди тапсырдым ба дегенде депортаменттен кате деп кайтарды, енди не истеуге болады, бухгалтердин сауатсыздыгынан абден табанымнан тозып шаршадым. Осыган байланысты комек сураймын!!

Жауап: 

Құрметті Долда Ергенгуль!

 

Сәлеметсіз бе!  ЗТМО Павлодар облыстық филиалының ақпараты  бойынша 2014ж.23.06. берілген жүктілігіне және босануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағына байланысты Сіз 2014 жылғы 10 шілдеде  жүктiлiгіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына  әлеуметтік төлем тағайындауға жүгіндіңіз. 11 шілдеде іс макеті қалыптастырылып, ол  Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті қарауына әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін жолданған болатын. Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті 14 шілдеде аударылған әлеуметтік аударымдар табыстары туралы анықтамада көрсетілген соманың әлеуметтік аударымдарға сәйкес келмейтіндіктен іс макетін толықтыруға қайтарған.  16 шілдеде Сіздің табыстарыңыз туралы сәйкестікке келтірілген анықтама ұсынуыңызға  байланысты сол күні іс макеті Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне қайтадан жолданды.  Осыған сәйкес Сізге Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті жүктiлiгіне және босануына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімді 18 шілдеде бекіткен.  Әлеуметтік төлем 2014 жылғы 23 шілдеде Сіздің шотыңызға аударылатын болады.

 

 

Орынд.: «ЗТМО» РМҚК  маманы  Аушахманова М.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші