You are here

Мысалы, 2000 жылы ІІ топтағы мүгедек деп танылған азаматың еңбек қабiлетiнен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің тағайындалуына құқығы барма?
Жауап: 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу жүргізілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушының құқығы бар. Мүгедектер 2005 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері (жұмысынан, асыраушысынан айырылу) бойынша қатер басталған кезде әлеуметтік аудармыдарға құқылы.

Сұрақтың нөмірі: 207654
6 қараша, 2007 - 00:00 өзгертілді
Зейнеткерлік жасқа толмаған азаматтарға, тұрақты тұруға Ресейге немесе ТМД өзге де мемлекеттеріне қоныс аударған Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы жинақтары қалай төленеді?
Жауап: 

Зейнетақы жинақтарының мақсаты болып кәрілік шақты қамтамасыз ету табылатынын ескерсе, олар Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнеткерлік жасқа толғанда беріледі. Осыған орай заңнама бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін немесе кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы жинақтарын төлеу көзделмейді. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдаланады. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 5-тармақшасы) Осылайша, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету кезінде зейнеткерлік жасқа толмаған азаматтарда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алу құқығы олар шетелдік мемлекеттің азаматтығын немесе азаматтығы жоқ тұлға мәртебесін алғаннан кейін туындайды.

Сұрақтың нөмірі: 207653
1 қараша, 2007 - 00:00 өзгертілді
Зейнетақы жинақтарын алған кезде неге табыс салығы алынады? Бұл ақша қайда жұмсалады?
Жауап: 

Міндетті зейнетақы жарналары жұмыс беруші есептеген табыстан ұсталынып отырады және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару кезінде оларға салық салынбайды. «Салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 146-бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері салық төлем көзіне салынатын табысқа жатады, осыған орай оларды төлеу кезінде зейнетақы жинақтарына салық салынады. Жеке табыс салығы бюджетке аударылады.

Сұрақтың нөмірі: 207651
29 қазан, 2007 - 00:00 өзгертілді
Менің күйеуім қайтыс болды. Оның жинақтаушы зейнетақы қорына аударған міндетті зейнетақы жарналары арқылы жиналған зейнетақы қаражаты қалды. Жинақтаушы зейнетақы қорынан мен оларды ала аламын ба?
Жауап: 

Жинақтаушы зейнетақы қорында міндеті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болғанда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағы). Міндетті зейнетақы жарналары арқылы жинақталған зейнетақы қаражаттан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесіне және Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен бекітілген кесте бойынша жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын оның мұрагері алуы үшін жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар табыс етілуі тиіс: 1. зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш; 2. мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және көзбен шолуға қажетті оның түпнұсқасы не нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі; 3. алушының қайтыс болуы туралы куәлігінің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі; 4. мұрагерлік құқығын растайтын куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі. Мұрагерлік құқығы туралы куәлікті нотариус береді.

Сұрақтың нөмірі: 207649
15 қазан, 2007 - 00:00 өзгертілді
Сіңірген еңбегі үшін педагогикалық қызметкерлерге зейнетақы тағайындау қарастырыла ма?
Жауап: 

Зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасы шеңберінде және 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Заңына сәйкес жеңілдік зейнетақылар қысқартылған. 1) Осы заңмен азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру ортақ негізде жүзеге асырылады, зейнетақымен қамсыздандыруда тең құқық принципі қабылданды. Зейнетақымен қамсыздандыру реформалау жүйесінің нәтижесінде 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада жүзеге асырылған жарналар мен зейнетақы төлемдерінің арасында өзара тікелей байланыс орнатуға негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді, өз қарттығын қаражатпен қамтамасыз ету әр азаматтың өзінің жеке жауапкершілігінде. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына зейнеткерлік жасты жекелеген санаттарға төмендетуде, соңымен қатар жеңілдік шартпен зейнетақымен қамсыздандыруда тұжырымдамалық енгізулер қарастырылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 207648
3 қазан, 2007 - 00:00 өзгертілді
Өтінемін кім 14 зейнет ақы қорын біледі? Үлкен рахмет!
Жауап: 

Сізге 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жайлы мәліметті ұсынамыз: 1. АҚ «ЖЗҚ «ҰларҮміт» 2. АҚ «АЖЗҚ «Сенім» 3. АҚ «АЖЗҚ «Отан» 4. АҚ «Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ» 5. АҚ «ГРАНТУМ ЖЗҚ» 6. АҚ ЖЗҚ «МЖЗҚ» 7. АҚ «ЖЗҚ «Нефтегаздем» 8. АҚ «ЖЗҚ «Капитал» 9. АҚ ЖЗҚ «Атамекен» 10. АҚ ЖЗҚ «Казахмыс» 11. АҚ «ЖЗҚ «БТА Қазақстан» 12. АҚ «ЖЗҚ «Қорғау» 13. АҚ «Д.А.Қонаев атындағы АЖЗҚ» 14. АҚ «Республика ЖЗҚ»

Сұрақтың нөмірі: 207647
26 қыркүйек, 2007 - 00:00 өзгертілді
Менің ауыр халдегі науқас қызым бар, қазіргі уақытта оны күтумен жүрмін, осыған орай жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ, ал қызымның емделуіне ақша қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорында менде біршама зейнетақы қаражатым жиналды. Маған қызымды емдеу үшін осы ақшамды алуға бола ма?
Жауап: 

Зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың негізгі мақсаты –азаматтардың кәрілік шағындағы әлеуметтік қамсыздандыруға деген конституциялық кепілдіктерін іске асыру. Осыған орай, жұмыскердің айлық табысынан ұсталып, азаматтардың жеке зейнетақы шоттарында жинақталатын міндетті зейнетақы жарналары – ол кәрілікті қамсыздандыру мақсатында жинақталатын қаражат. Осыған байланысты, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың оларды алуға мынадай жағдайларда құқығы бар: ер адамдар 63 толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда; төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: ер адамдар – жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде; әйелдер - жалы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа толғанда; 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы). Сонымен қатар, жеке азаматтар санаттарына, атап айтқанда, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, егер олардың мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын жалпыға ортақ зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төлеу көзделеді. Жоғарыда айтылғанның негізінде, Қазақстан Республикасы азаматтарының жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын зейнетақымен қамсыздандырудан басқа мақсаттарға алуы қолданыстағы зейнетақы заңнамасында көзделмейді.

Сұрақтың нөмірі: 207643
7 тамыз, 2007 - 00:00 өзгертілді
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі қай санаттағы азаматтарға тағайындалады?
Жауап: 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға, яғни еркектерге 63 жаста, әйелдерге 58 жаста жүзеге асырылады.

Сұрақтың нөмірі: 207637
11 шілде, 2007 - 00:00 өзгертілді
ТМД елдерінен Қазақстан Республикасында тұрақты мекен жайға көшіп келген азаматтарға қай уақыттан бастап зейнетақы төлемі тағайындау және төлеу жүзеге асырылады?
Жауап: 

1992 жылдың 13 наурызында Мәскеуде қол қойылған ТМД қатысушы–мемлекеттердің азаматтарының құқықтарына кепілдік жөніндегі келісімге сәйкес, бұрынғы Одақтың басқа елдеріне көшіп-қонған адамдарға зейнетақы тағайындау және төлеу тұратын елдің заңнамаларына сәйкес жасалады. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды қарау күні зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдарға берілген және қажетті құжаттар тапсырылған күн болып есептелінеді. Зейнетақы тағайындау үшін керекті тізбе құжаттар «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында анықталған. Сонымен қатар, аудандық (қалалық) МЗТЖО бөлімшелерінің бұрыштамасында қажетті ақпарат көрсетілген.

Сұрақтың нөмірі: 207638
11 шілде, 2007 - 00:00 өзгертілді
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден кім босатылады? Мен бұрын әскери қызметті атқарғанмын, еңбек сіңірген жылдарым үшін зейнетақы аламын, қазіргі уақытта жұмысымды азаматтық қызметте жалғастырып жатырмын. Осыған орай, мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналар аударуым тиіс пе?
Жауап: 

Зейнетақы реформасының негіз қалаушы қағидаттарының біріне жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барлық жұмыс істейтін азаматтардың міндетті түрде қатысуы жатады. Осыған байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден Заңның 9-бабының 1-3 тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар, атап айтқанда: ер адамдар 63 жасқа толғанда, ал әйелдер 58 жасқа толғанда; төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: ер адамдар – жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде; әйелдер - жалы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде; 3) 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 зейнетақы жарналарын төлеуден мүгедектігі мерзімсіз белгіленген жасқа толғанда босатылады. Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден мүгедектігі мерзімсіз белгіленген 1 және 2-топтағы мүгедектер босатылады. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-3, 3-1-тармақтары). 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегі, ішкі істер органдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін стажы бар әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ақшалай қаражаттың жиырма проценті мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгізіледі. Міндетті зейнетақы жарналарын аударудың дәл осындай тәртібі мемлекеттік қызметке 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін алғаш рет түскен әскери қызметшілер үшін де белгіленеді. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 4- тармақтары). Егер бұрынғы әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы ала отырып, еңбек етуін одан әрі жалғастырса, оларға басқа азаматтарға секілді салықтар және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы заңнама қолданылады. Осылайша, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Заң нормасы зейнетақысы еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалып, жұмысын жалғастырған зейнеткерлерге жалпыға ортақ зейнеткерлік жасқа жеткенше жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдерді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Сұрақтың нөмірі: 207623
4 қаңтар, 2007 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші