«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, зейнетақы азаматтардың еңбек стажы мен айлық табысын ескере отырып тағайындалады.
Сонымен бірге, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіліп отырады.
Осыған орай, 2008 жылдан бастап зейнетақы мөлшерін арттыру Қ азақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1243 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.
Бұл ретте, зейнетақы төлемін арттыру екі нұсқа бойынша жүргізілді:
- зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 25 айлық есептік көрсеткішке шектеліп ескерілетін табысқа негізделіп;
- егер зейнетақы төлемін жоғарыда айтылған нұсқаға сәйкес есептеген кезде арттырылған зейнетақы мөлшері алып отырған мөлшерден төмен болған жағдайда, зейнетақы мөлшері 9 пайызға арттырылады.
Сізге ең тиімді нұсқа зейнетақыңызды 9 пайызға индекстеу болды.
Зейнетақы мөлшерін арттыру, азаматтардың зейнетақы ісіндегі құжаттарға сәйкес жүргізілді.
Сонымен қатар, Елбасының биылғы жолдауына сәйкес, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін 2009 жылдан зейнетақы төлемдердің мөлшерін 25%, 2010 – 25 %, 2011 – 30 %, сондай-ақ 2011 жылға қарай базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 % дейін көтеру көзделіп отыр.
Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы
Айтанаева Сағира Ермекбайқызы