check

You are here

Жауабымды алдым, рахмет! Бірақ та осы есептеген 6800 теңгедей зейнетақымды қашаннан бері алуым керек еді? Ал осы екі жыл бойы алған 4800теңге зейнетақым дұрыс па және толық болмаса оның айырмашылығын қайтара ма? Осы айдан бастап қана жол ақыммен қосқанда 7400теңгедей беріпті, қалған алдыңғы айларды, алдыңғы жылды аз мөлшерде алдым, соны не істеу керек? Және де менің ҚХР-дағы еңбек өтілім 25 жыл болан!Жауаптарыңызды күтемін және сіздермен қалай хабарласуға болады?
Жауап: 

Алдыңғы берілген жауапқа қосымша

2007 жылы зейнетақыңыз 1908 теңгені құрайды (5 жыл х 7236 т. / 20 жыл = 1908 теңге).

2007 жылы зейнетақыңыздың жалпы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақы төлемімен (3000 т.) қоса есептегенде 4908 тенгені құрайды.

Ал 2008 жылдан бастап зейнетақыңыз1975 теңгені құрайды (5 жыл х 7900 т. / 20 жыл = 1975 теңге). Зейнетақыңыздың жалпы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақы төлемімен ( 4210 т.) қоса есептегенде 6185 тенген і құрайды.

Сондықтан Сіздің жалпы зейнетақы төлеміңіз 2007 жылы – 4908 теңгені, ал 2008 жылы 6185 теңгені құрады.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209324
26 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен алты перзен өсірдім Жасым 58 ге мамырда толады. 1997 жылға дейін Совхоз ұжымда жұмыс істедім. Менің зейнетақым қанша болады ?
Жауап: 

Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң кесімдері бойынша зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек стажы мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін есептеу аталған заңның 14 бабына сәйкес белгіленген орташа айлық табыстың 60 пайызы есебінен жүргізіледі. Әйелдерге қажетті еңбек стажы 20 жыл. Ал еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін есептеледі.

Бұл ретте әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209325
26 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Жауабымды алдым, бірақ осы жауаппен қайда баруым керек? Жауаптарыңызды күтемін, Сіздермен қалай хабарласуға болады?
Жауап: 

Сіз Министрліктің сайтына сұрақ қойған болатынсыз, осыған орай зейнетақы іс құжатыңыз бойынша Сіздің өзіңізге толыққанды жауап берілді.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 207581
25 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
сәлеметсіздер ме? ана жүктілігіне байланысты берілетін жәрдем ақылар туралы білгім келген еді. жұмыс істейтін ана жүктілігіне байланысты демалыс біткен соң жұмысқа шықса, оған 40% жалақы есебінен жәрдем ақы төленеді ме? жұмыс істейтін анаға 1-ші бала, 2- балаға .... төленетін жәрдемақылар беріледі ме? Сосын білейін дегенім босанғанға дейін және босанғаннан кейін төленетін жәрдемақыдан басқа қандай көмек бар. Жауап күтемін. Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Омартай!

Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан келесі әлеуметтік төлемдер алуға құқыңыз бар:
1. Жүктілігі және босануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттері қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
2. Бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады және бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан кем болмауы тиіс.
Бұл әлеуметтік төлем туу туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап бала бір жасқа толғанға дейін төленеді және бұл кезеңде анасы жұмысқа шықса да жалғаса береді.

Егер бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарнасын ұстау арқылы зейнетақы жинақтауы одан әрі жалғасады.

Сонымен қатар, жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджет есебінен бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 1-балаға – 5840 тенге, 2 балаға – 6424 тенге, 3 балаға – 7008 тенге, 4 және одан көп балаға – 7592 тенге көлемінде беріледі.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін 35040 тенге көлемінде бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы әйелдің жұмыс істегеніне немесе істемегеніне қарамастан төленеді.

орын. Қамбаров Талғат Үсенұлы - әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы

Сұрақтың нөмірі: 209353
24 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен зейнетке шығуға жақында наурыз айында өтініш бердім. Жасым 58 ге 2007 тамызда толған ал мен әлі де еңбек етіп жүрмін. Зейнетақымды есептеуге 2007 тамызына дейінгі жалақымды есептеп, 1998 жылдан кейінгі стажым косылмады. Орташа зейнетакым канша болуы тиіс , Жауап күтемін.
Жауап: 

Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң кесімдері бойынша зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек стажы мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін есептеу аталған заңның 14 бабына сәйкес белгіленген орташа айлық табыстың 60 пайызы есебінен жүргізіледі. Әйелдерге қажетті еңбек стажы 20 жыл. Ал еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін есептеледі.

Бұл ретте әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209299
23 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма ? Мен Усербаева Тамара 2007 қараша айынан декреттемін. Жумуска тускенге дейін айлыгынан 40 пайыз сакталады дегенді естіп, выплатной центрге барсам ондағы мамандар бала бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы/7008 тенге + 500 / сол әлеуметтік төлем деп шығарып салды.Мұнысы қаншалықты дұрыс ? Толық жауап берсеңіздер өтініш.Жауаптарыңызға Рахмет .
Жауап: 

Құрметті Тамара Алмахамедовна!

Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алуға құқыңыз барю. Бұл әлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының 40 % мөлшерінде жүзеге асырылады.

Белгіленген әлеуметтік төлемдерден Жинақтаушы зейнетақы қорларына 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарналары аударылатын болады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан кем болмауы қажет.

Әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-нің тұрғылықты жердегі филиалына өтініш беру қажет.

орын. Қамбаров Талғат Үсенұлы - әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы

Сұрақтың нөмірі: 209320
23 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен Абдразиқызы Маулида, 1948 жылғымын, 1994 жылы Қытай халық Республикасынан көшіп келгенмін. Келгелі жұмыс істеген емеспін. Бірақ та ҚХР-да 20 жылдай еңбек өтілім бар. Зейнетақымды ешқандай өтіліме қарамастан 4800 теңге деп белгілеп берген еді. Осы жылы ештеңе қоспай осы зейнетақыны алудамын. Зейнетақының ең төмен мөлшері қанша және менің зейнетақымның мөлшерін анықтап берулеріңізді өтінемін! Жауаптарыңызды күтемін!
Жауап: 

Қытай Халық Республикасымен зейнетақымен қамсыздандыру жөнінде келісім болмағандықтан Сізге, сол елдегі еңбек стажыңызды ескеріп зейнетақы төлемін тағайындауға заңды негіз жоқ.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9 - бабы бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады.

Ал 20 жыл стажы болмаса толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына пропорциялы үлес ретінде есептеу қаралған.

Осыған орай, зейнетақы іс құжатыңыз бойынша 2007 жылғы 22 қаңтардан бастап Сізге толық емес көлемде қарттық зейнетақы 5 жыл, яғни б ала күтіміне жасаған уақытыңыз (1987-1989 ж.т. балаларыңыз) есебінен тағайындалған.

Зейнетақыңыз 2008 жылдан 1975 теңгені құрайды (5 жыл х 7900 т. / 20 жыл = 1975 теңге)

Бұл ретте 2008 жылғы республикалық бюджетте белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшері 7900 теңгені құрайды .

Зейнетақыңыздың жалпы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақы төлемімен ( 4210 т.) қоса есептегенде 6185 тенген і құрайды.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209214
22 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен Абдразиқызы Маулида, 1948 жылғымын, 1994 жылы Қытай халық Республикасынан көшіп келгенмін. Келгелі жұмыс істеген емеспін. Бірақ та ҚХР-да 20 жылдай еңбек өтілім бар. Зейнетақымды ешқандай өтіліме қарамастан 4800 теңге деп белгілеп берген еді. Осы жылы ештеңе қоспай осы зейнетақыны алудамын. Зейнетақының ең төмен мөлшері қанша және менің зейнетақымның мөлшерін анықтап берулеріңізді өтінемін! Жауаптарыңызды күтемін!
Жауап: 

Құрметті Маулида Абдразиқызы!

Сіздің зейнеткерлік іс құжатыңыз бойынша толыққанды мәлімет алған соң Сізге қосымша хабарланатын болады.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209075
15 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Қамбаров Талғат Үсенұлы! Менің сізден сұрайтыным мен ОҚО Түркістан қаласының тұрғынымын, 1998 жылдын Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ де қызмет істеймін. Қазіргі таңдағы жалақым 22000-23000 мың теңге (таза қолма тиетіні) енді, 2008 жылдың 10-қаңтарынан декреттік демалысқа шықтым. Сұрақ менің туғанға дейін және туғаннан кеиінгі алатын декереттік жәрдем ақымның көлемі және айлығымның 40% пайызы қандай мөлшерде болдады. Осыған жауап беруіңізді сұраймын. Мен барлық құжаттарды қаладағы әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне (Горсобес) өткізгенмін. Олар менін декреттік жәрдемпұлды 70 000 теңге деп отыр ал менің есебімде 115 500 теңге болу керек деп ойлаймын. Сол себептен сізге хабарласып отырмын аныын айтсаңыз. Қалалық әлеуметтік қамсыздандырудағылардан сұрасам біз білмейміз деп жауап қатты.
Жауап: 

Құрметті Айгүл Дөненбайқызы!

2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі, босануы және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне әлеуметтік төлемдер жүргізіледі.

Жүктілігі және босануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттері қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.

Жүктілігі және бала тууына әлеуметтік төлемдер мөлшерін анықтау кезінде егер айлық табыс әлеуметтік аударымдарды есептеу обьектісінің ең жоғарғы шекті көлемінен артық болса (ең төменгі еңбек ақының 10 еселенген мөлшері) онда есептеуге жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы аударымдары жасалған табыс алынады..

Бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады және бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан кем болмауы тиіс.

Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтіктөлемдерден міндетті зейнетақы жарнасын ұстау арқылы зейнетақы жинақтауы одан әрі жалғасады.

Сізге 29 552 тенге (7036,11*4,2) көлемінде жүктілігі және босануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем тағайындалған, 10.01.2007 – 10.01.2008 уақыт аралығандағы орташа айлық табыс 7036,11 тенге көлемінде есепке алынған.

Сонымен қатар, сізге бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем 7138 тенге көлемінде тағайындалған, 28.01.2006-28.01.2008жж. уақыт аралығындағы орташа айлық табыс 8309,72 тенге көлемінде есепке алынған.

орын. Қамбаров Талғат Үсенұлы - әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы

Сұрақтың нөмірі: 209318
11 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Бейнеуден хат жолдаган Есбергенова Сауле есимди уй шаруасындагы айел тиисти жардемакыдан (пособиеден) болек, казирги кымбатшылыкка байланысты берилетин косымша 584 тенге комекти бир-ак рет, ягни акпан айында коп балалы ана ретинде (5 баласы бар) 1638 тенгени алгандыгын айтады. 'Бул бир жолгы комек пе, алде алдагы уакытта тагы да бериле ме?' дейди окырман. Осыган тусиник бере кетсениз.
Жауап: 

Құрметті Майра!

Есбергенова Сәуленің атап отырған қосымша материалдық көмекті төлеу жөніндегі сұраққа Министрлік құзыретті емес.

Осы сұрақ бойынша жергілікті атқарушы органдарға жолығу қажет, себебі бұл көмек түрі жергілікті бюджет есебінен азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты төленеді.

Әлеуметтік нормативтер бөлімінің жетекші маманы –

Сәлемова Гүлзира Ермұханбетқызы

Сұрақтың нөмірі: 208960
8 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші