You are here

Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі! Менің касібім мұғалім. ОҚО Созақ ауданы Жартытөбе ауылында Кемелұлы атындағы мектепте жұмыс істеймін. Маған биылғы жылы ЭЖЗҚ-нан келген хатта менің төлқұжат номерім мен СТТН номерім қате жазылған. Мен осы келеңсіздіктерде қалай жөндеуіме болады? Көмектессеңіздер екен.
Жауап: 

Құрметті Мұратхан!

Келеңсіздіктерді түзетуүшін жеке төлқұжатыңызбен, СТТН жәнеӘЖҚ-мен тұрғылықты жеріңіз бойыншаМЗТО-ның бөлімшесіне жолығуыңыз керек.

Орындаушы:Сарапшы - Бейсембаева Бахыт Кенжебайқызы

Сұрақтың нөмірі: 209913
23 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
18 жасқа толмаған баларға берілетін айлық ақы жөнінде толық білгім келеді.рахмет.
Жауап: 

ҚұрметтіСәуле!

       ҚазақстанРеспубликасының 2005 жылғы 28 маусымындағы «Балалыотбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»Заңына сәйкес бала тууына байланысты тағайындалатынжәне төленетін 35040 тенге көлемінде бiржолғымемлекеттік жәрдемақы әйелдің жұмыс істегеніненемесе істемегеніне  қарамастантөленеді.

        Егер сіз міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысыболсаңыз («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР №405 Заңы), яғни сіздің жұмыс берушіңіз сізүшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздіңмемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан келесіәлеуметтік төлемдер алуға құқыңызбар:

        Жүктілігі жәнебосануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтіксақтандыру жүйесіне қатысушыға бір рет төленедіжәне ол  әйелдіңсоңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшеріндетағайындалады.  Қалыптыбосанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициенткекөбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесеодан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар  өткізілген өңірлердетұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттеріқолданылады. Жаңа туған баланы асырап алғанжағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.

          Бір жасқатолғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайынаәлеуметтік төлем ай сайын төленеді жәнеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесініңқатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысыныңқырық пайызы мөлшерінде тағайындалады және балакүтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыданкем болмауы тиіс.

           Бұл әлеуметтіктөлем туу туралы куәлікте көрсетілген күннен бастапбала бір жасқа толғанға дейін төленеді жәнебұл кезеңде анасы жұмысқа шықса да жалғасабереді.

          Жұмыс істемейтінәйелдергереспубликалық бюджет есебінен бала күтіміне берілетін мемлекеттікәлеуметтік жәрдемақы 1-балаға – 5840 тенге, 2 балаға– 6424 тенге, 3 балаға – 7008 тенге, 4 және одан көп балаға – 7592 тенге көлеміндеберіледі.

         Бұлаталған төлемдер тағайындау үшін «Зейнетақытөлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-ніңтұрғылықты жердегі филиалына өтініш беру қажет.  

«Балалы отбасыларға мемлекеттікжәрдемақы төлеу туралы» ҚазақстанРеспубликасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңынасәйкес:

Отбасының орта есеппен жан басынашаққандағы табысы азық-түлік себетініңқұнынан төмен болған жағдайда 18 жасқадейінгі балаларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақытөленеді, жәрдемақының мөлшері ай сайын бірбалаға 1 АЕК (1168 теңге)құрайды.

Азық-түлік себетініңқұны ең төмен күнкөріс деңгейінен 60% құрайды және республика және өңірлербойынша тоқсан сайын есептеліп отырылады.

Отбасының жиынтық табысынаеңбекақы, әлеуметтік төлемдер түріндегі табыстар,кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінентүсетін табыс, балаларға және басқа да асырауындағыларғаалимент түріндегі табыс, жеке қосалқы шаруашылықтан,және басқа да табыстар ескеріледі.

Отбасы құрамындағыжиынтық табысты есептеу кезінде ата-анасының        (асырапалушылардың) туыстары – еңбекке қабілетті ата-анасынемесе зейнетақы алатын ата-анасы, атасы, әжесі, ағалары,әпкелері мен сіңлілері және басқа да туыстарыескерілмейді.

Балаларға арналғанжәрдемақы әкесі мен анасы (асыраушылары) бірінші, екінші топтағы мүгедекбаланың, сексеннен асқан қарттардың, үшжасқа дейінгі баланың күтімімен айналысқан жағдайларды қоспағанда,отбасындағы баланың еңбекке қабілетті ата-анасы (асыраушылары) жұмыс істемейтін,оқудың күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскерқатарында қызмет етпеген және жұмыспен қамтуоргандарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңдерге тағайындалмайды.

 Жәрдемақытағайындау мәселесі бойынша Сіз тұрғылықтыжеріңіздегі жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөліміне жолығып толық мәліметтералуыңызға болады.

Орын: Бақылаужәне әлеуметтік қорғау Комитетінің эксперті   Ж.С.  Қожахметова

Сұрақтың нөмірі: 210011
23 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Қазіргі жұмыс істеп тұрған заң бойынша ең жоғарғы зейнетақы 25 есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ол есептік көрсеткіш жыл сайын шамалы санға өсіріледі. Мысалы 30-дан 50 теңгеге дейін. Сонда ол 3 жылда 150 теңгеге дейін өсіп 2011 жылы 1400 теңге болғанда, ең жоғарғы зейнетақы 30 мыңнан сәл ғана асады. Ал ең төменгі зейнетақы 2,5 есе өссе, ол да осы шамаға жетеді: 12000х2,5. Сонда қайтадан теңгермешілік туындамай ма?
Жауап: 

ҚұрметтіҚұрақпаев Ахметхан!

Сіздің осы іспеттес сұрағыңызғабұған дейін де жауап берілген болатын.

Қосымша айтарымыз, зейнетақы мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасындақолданылып жүргензейнетақымен қамсыздандыружөніндегі заң кесімдерібойынша, ҚазақстанРеспубликасының Үкіметібелгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Үкімет барлықәлеуметтік мәселелерді мемлекеттің қаржылықмүмкіндіктеріне қарай жүйелі түрде қарайды.

Орындаушы: Сарапшы – СүлейменоваГүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209866
22 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Салматсыз ба, Қамбаров Талғат Үсенұлы!Менің Әлеуметтік Жеке кодымның (СИК) өзгеруіне байланысты, жұмыс орнына өзгертілген СИК тапсырылмай қалып, аударылған әлеуметтік төлемдер мекемеге қайта қайтарылған. Ана жүктілігіне байланысты барлық құжаттарды қаладағы әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне (горсобес) өткізгенмін. Осы уақытта соц страх. бойынша төленетін төлемдердің түспегені анықталып, мекеме қайта аударды. Енді ГОРСОБЕСің айтуы 'Астанадан келген хабар бойынша Сізге жүктілік жөнінде төлем төленбейді' деген жауап келді дейді. Ендігі кезекте міндетті мемлекеттік айтулы төлемді қалай алуыма болады? Жауабыңызға алдын ала Рахмет.
Жауап: 

ҚұрметтіГүлжамал!

«Міндетті әлеуметтіксақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының23-1-бабына сәйкес, жүктілігі және босануы жағдайынатөленетін әлеуметтік төлем әйелдің соңғы12 айда әлеуметтік аударымдар аударылған табысының орташамөлшерінде тағайындалады.

Әлеуметтік аударымдардыжұмыс беруші ай сайын аударуы тиіс және бұл аударымдарҚорға әйелдің ресми түрде төлем алуғақұжаттар тапсыруынан бұрын түсуі керек. Әлеуметтіктөлемдердің мөлшеріне әсер ететін орташа айлықтабыс аударылған әлеуметтік аударымдар арқылыанықталады және бұл аударымдар жеке код арқылыжүзеге асырылады. 

Қазіргі таңдағынормативті-құқықтық заң актілерінесәйкес, ресми түрде төлем алуға құжатқабылданғаннан кейін белгіленген әлеуметтік төлемніңмөлшері өзгермейді. Демек, егер Сіз ресми түрде төлемалуға құжат бермесеңіз ғана Сіз үшінқайта аударымдар жасалуы мүмкін. Сонда ғана әлеуметтіктөлем алуға құқылысыз.

орын: Қамбаров Талғат Үсенұлы - Әлеуметтікқамсыздандыру және сақтандыру департаментінің бас сарапшысы

Сұрақтың нөмірі: 210019
21 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі! Менің Касібім мұғалім. ОҚО Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында Кемелұлы атындағы орта мектепте жұмыс істеймін. Маған 2008 жылдың қаңтар айында ЖЗҚ-нан келген хатта менің төлқұжат номерім, СТТН номерім дұрыс көрсетілмеген, ал ЭЖҚ номері дұрыс. менің не істеуім керек. Қайда барып Өзімнің төлқұжат. СТТН номерлерімді дұрыстатуым керек. Көмектессеңіздер екен.
Жауап: 

Құрметті Мұратхан!

Келеңсіздіктерді түзетуүшін жеке төлқұжатыңызбен, СТТН жәнеӘЖҚ-мен тұрғылықты жеріңіз бойыншаМЗТО-ның бөлімшесіне жолығуыңыз керек.

Орындаушы:Сарапшы - Бейсембаева Бахыт Кенжебайқызы

Сұрақтың нөмірі: 209899
19 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі!Менің кәсібім мұғалім.Павлодар облысы,Баянауыл ауданында істеймін.Мен 2007 жылдың қараша айында балам дүниеге келді .Сұрағым: Мемлекет тарапынан бір жолғы жәрдем ақы мен балаға бір жасқа дейінгі жәрдем ақша алып жүрмін.Декреттік демалысқа шығу жәрдемін алдым.Елбасының жолдауында көрсетілгендей бір жылға дейін жалақының 40 % -ын алып жүрген жоқпын,ала алам ба? Осыған нақты жауап берулеріңізді сұраймын.
Жауап: 

Құрметті Жанаргүл!

           Егер сіз міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысыболсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сізүшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздіңмемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала біржасқа толғанға дейін оның күтіміне байланыстытабысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтіктөлем алуға құқыңыз бар. Бұләлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдіңсоңғы 24 айдағы орташа табысының 40 % мөлшеріндежүзеге асырылады.

Белгіленген әлеуметтік төлемдерденЖинақтаушы зейнетақы қорларына 10 пайыз көлеміндеміндетті зейнетақы жарналары аударылатын болады.

           Әлеуметтік төлемніңмөлшері бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтікжәрдемақыдан кем болмауы қажет.

            Қазір, Сізге Мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын бала бір жасқатолғанға дейінгі күтіміне байланысты 8436 тенгекөлемінде әлеуметтік төлем тағайындалғанжәне төленуде.

орын: Қамбаров Талғат Үсенұлы - Әлеуметтікқамсыздандыру және сақтандыру департаментінің бассарапшысы

Сұрақтың нөмірі: 209699
12 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі!Менің Касібім мұғалім. ОҚО Созақ ауданы 'Созақ' мектеп-гимназиясында жұмыс істеймін.Мен 2006-2007 тамыз айына дейін бала бағуға байланысты еңбек ақысыз демалыстаотырдым. 2007 жылдың 1 тамызынан жұмысқа түстіп 2008 1 сауірден декреттік демалысқа шықтым. Сұрағым: Менің жалақым ештеңе ұсталмағанда 35 мың теңге (зейнетақы және салық). Алдынғы жылдары декреттік демалыстағы ақшамызды төлерде соңғы жұмыс істеген 4 айдың орташа жалақысын есептеп төлейтін. Қазір мен бар жоғы 8 ай жұмыс істеген жалақымның орташасын табу үшін 12 айға болуде. Осы дұрыс па?.Бірінші есептеумен 120000 теңгедей ақша алум тиіс болса, бұл жолы маған 63 мың теңге есептеп отыр.Осыған нақты жауап берсеңіздер.
Жауап: 

Құрметті Зағира!

            Егер сіз міндетті әлеуметтіксақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз,яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшінәлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қорынан келесі әлеуметтіктөлемдер алуға құқыңыз бар:

        1. Жүктілігі және босануыжағдайына төленетін әлеуметтік төлемдерміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінеқатысушыға бір рет төленеді және ол  әйелдің соңғы он екіайда тапқан табысының орташа мөлшеріндетағайындалады.  Қалыптыбосанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициенткекөбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесеодан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар  өткізілген өңірлердетұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттеріқолданылады. Жаңа туған баланы асырап алғанжағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.

             Бұлжағдайда, алынатын орташа айлық табыс мөлшері, егер осы айдағыәлеуметтік аударымдар Қорға түскен болса, әлеуметтікқатер басталған айды қоса, соңғы он екі айдағы ай сайынғы табыстықосу және шыққан соманы он екіге бөлу жолыменайқындалады.

           2. Бір жасқатолғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайынаәлеуметтік төлем ай сайын төленеді жәнеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесініңқатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысыныңқырық пайызы мөлшерінде тағайындалады және балакүтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыданкем болмауы тиіс.

           Бұл әлеуметтіктөлем туу туралы куәлікте көрсетілген күннен бастапбала бір жасқа толғанға дейін төленеді жәнебұл кезеңде анасы жұмысқа шықса да жалғасабереді.

            Егер бұрындекреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдарыжүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін  жүктілігі, босануы жәнеаналық  кезін міндеттіәлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланыстыәйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтік  төлемдерден міндетті зейнетақыжарнасын ұстау арқылы зейнетақы жинақтауы оданәрі жалғасады.

орын: Қамбаров Талғат Үсенұлы - Әлеуметтікқамсыздандыру және сақтандыру департаментінің бассарапшысы

Сұрақтың нөмірі: 209698
10 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
мен Түркіменістаннан 2002 көшіп келдім. биыл 2008ж. жасым 63 ке толуына байланысты зейнеткерлікке шығуым керек. менің Қазақстандағы жұмыс өтілім 5 жыл. зейнетақы мөлшерін есептеуде менің жұмыс өтілім есептеледі ме және мен алатын зейнетақы мөлшері қай шамада болады.
Жауап: 

Мәскеу қаласында 1992 жылғы 13 наурызда қол қойылған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасындағы келісім-шарт бойынша азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы туралы кепілдеме қабылданған.

Яғни, бұл ретте зейнетақы азаматтарға сол тұрып жатқан елдегі қолданылатын шарттар бойынша жүзеге асырылады.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР-ның 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9 - бабының 1 тармағы бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда және жасы 63-ке толғанда тағайындалады.

Бұл ретте зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың зейнетақы есебі үшін тапсырған табыс мөлшері мен еңбек стажына қарай тағайындалады.

З ейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

Орындаушы: Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209570
9 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің жасым 55-те. Төрт балам бар, күйеуім ерте қайтыс болған. Көп балалы ана ретінде неге зейнеткер жасын төмендетпейді. Бізді басқа зейнеткерлермен теңестіріп қойған. Ең болмаса зейнеткер жасын неге 56 жастан бастап бермейді? Мен сияқты балаларын жалғыз тәрбиелеп, өсіріп жатқан аналар қаншама. Осындай аналарды неге ешкім ойламайды? Ең болмаса зейнеткер жасын қысқартып (58 жастан) жеңілдіктер бермей ме?
Жауап: 

“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 3-тармағы бойынша, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға құқылы.
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада ынтымақты зейнетақыға негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік (бөліп таратушы) жүйесінен, жүзеге асырылатын міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері арасында өзара тікелей байланыс белгіленуін көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшу жүзеге асырылуда.
Ынтымақты жүйенің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп ауыстыру зейнетақы реформасының стратегиялық бағыты болып табылады. Жаңа жүйе төлемінің барабарлығы тікелей қатысу кезеңіне тәуелді.
Сонымен қатар, зейнетақы жасын төмендету мәселесін демографиялық тенденцияларға (халықтың қартаюы) жұмыспен қамтудың ауқымы мен нысандарының өзгерістеріне (заңсыз және ішінара жұмыспен қамтудың таралуы), зейнетақымен қамсыздандыруға арналған мемлекеттік шығын үлесінің көбеюіне қарай қоғамның еңбекке қабылетті мүшелеріне түсетін ынтымақты жүктеме әсерінің позициясынан қарау қажет екендігін айта кеткен жөн.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі уақыттағы қолданыстағы зейнетақы жасының көрсеткіштері халық санағының деректері есебімен есептелген, негізді белгіленген. Сонымен қоса, ұзақ мерзімді жетістіктерде зейнетақы жүйесінің тұрақты дамуы мақсатында концептуалдық өзгертулер енгізу орынсыз және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының зейнеткерлік жасты анықтауға қатысты ережелерін күшінде қалдыру керек деп санаймыз.
Орындаушы: Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209437
7 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы арнаған Жолдауында алдағы 3 жылда зейнетақы 2,5 есе өседі делінген. Ал ең жоғарғы зейнетақы 25 есептік көрсеткіштен аспаса, 3 жылдан соң барлық зейнеткерлердің зейнетақысы бір деңгейде бола ма?Биыл ең жоғарғы зейнетақы 26200 теңге болды. Себебі не?
Жауап: 

Биылғы жылы ең жоғарғы зейнетақы 21900 теңге (1168 х 25 х 75%)
Ал базалық зейнетақы төлемімен (4210 т.) қоса есептегенде 26110 теңге.
Осыған орай, зейнетақының ең жоғарғы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты жыл сайын артып отырады.
Елбасының 2008 жылығы Жолдауына сәйкес тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25% , 2010 жылы – 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% -ға дейін өсірілетін болады.
Бұл ретте, алып жүрген зейнетақы мөлшерлері жеке-жеке арттырылады, сондықтан зейнетақы мөлшерлері бір деңгейде болуы мүмкін емес.
Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209407
3 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші