You are here

Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі: Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін екі ай қоғамдық жұмыс істедім.Сосын Арал қаласы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі жанындағы маман Құмарова Эльза әр онкүндікте жұмыссыздар тізімінде тұру үшін қойылатын қолды қойғызбай,бір ай жұмыссыз болдым.Сол уақытта жұмыс жасады деп кірмеген кірісті есептеп,енді атаулы көмек ала алмай отырмын.Осынысы дұрыс па?Қазір жасым елуде.5 баланың анасымын.Денсаулығым нашар.Анықтамамды көрсетсем де ,маған стройкадан ауыр жұмыс ұсынып отыр.Істемеген жағдайда тіркеуден шығарып,әлеуметтік көмек бермейміз деп отыр.Күйеуім де жұмыссыз.Қажетті көмекті сіздерден күтемін.Халықты зар қақсатып,ары бері сандалтып отыр.Бұл халыққа қызмет етушілер қызметтерін дұрыс көрсетіп отырған жоқ.Қазіргі айтып отырған мәселе тек менің емес,қаншама халықты күйзелтіп отырған мәселе.Сіздердің жауаптарыңыз күтеміз.Рахмет
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Мағрипа Әбдіхалықова! «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті алуға жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтардың құқығы бар. Сондай-ақ, ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның атқарушы органы қабылдайды.Жоғарыда аталған Заңның 8 бабына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шегінде жүзеге асырылуына байланысты Сізге Қызылорда облыстық жұмыссыздықты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне шағымдану қажет.Орындаушы: Жүсіпбекова Гүлзат Қойшыбайқызы – Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің эксперті

Сұрақтың нөмірі: 211342
12 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Қамбар Үсенұлы мен 2007 жылдың науырызында жүктілікке байланысты демалысқа шығып,2008-дің наурызында қайтадан жұмысқа шықтым.Қазір мен екінші рет жүкті болуыма байланысты демалысқа шықсам,менің еңбекақым 40000 теңге.Маған қанша ақша тиесіді екенін есептеп берсеңіз.
Жауап: 

Құрметті Құндыз!

Жүктілік пенбосануға байланысты төленетін әлеуметтік төлемніңмөлшері соңғы он екі айда тапқан орташа айлықтабысқа байланысты есептеледі. Орташа айлық табыс еңбеккежарамсыздық парағы берілген күннен соңғы он екіайдағы әлеуметтік аударымдар жасалған табыстананықталады. Сіздің әлеуметтік төлеміңіздіңмүмкін болатын мөлшері: (12 айдағы орташа айлық табыс /12 * 4,2) Нақты әлеуметтік төлемнің мөлшерінанықтау үшін Мемлекеттік әлеуметтік зейнетақытөлеу жөніндегі орталықтың тұрғылықтыжеріңіз бойынша бөлімшесіне баруыңыз қажет.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210480
20 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Қамбар Үсенұлы мен 2007 жылдың науырызында жүктілікке байланысты демалысқа шығып,2008-дің наурызында қайтадан жұмысқа шықтым.Қазір мен екінші рет жүкті болуыма байланысты демалысқа шықсам,менің еңбекақым 40000 теңге.Маған қанша ақша тиесіді екенін есептеп берсеңіз.
Жауап: 

Құрметі Күндыз!

«Міндеттіәлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 23-1-бабына сәйкес, жүктілігі жәнебосануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемәйелдің соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдараударылған табысының орташа мөлшерінде тағайындаладыжәне қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс4,2 коэффициентке көбейтіледі.

Орташаайлық табысты есептеуде еңбекке жарамсыздық парағыберілген күннен бастап соңғы 12 ай қолданылады. Мысалы,еңбекке жарамсыздық парағы 2008 жылдың 1 тамызынан басталса,онда 2007 жылдың 1 тамызынан бастап орташа табыс есептеледі. Сіздіңжағдайыңызда, еңбекке жарамсыздық парағы берілгенкүннен 2008 жылдың наурызына дейін табыс қосылады да, 12-гебөлінеді. Бұл табыс 4,2 коэффициентіне көбейтіледі.Толық сома туралы ақпаратты Мемлекеттік зейнетақы төлеужөніндегі орталықтың бөлімшесінен алуыңызғаболады.  

Орынд. НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыруқоры» АҚ бас маманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210875
20 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің балдызым бүгінде бірінші баласымен үйде декретте отыр. Алайда екінші балаға тағыда аяғы ауыр. Сонда қызмет орнынан екінші қайтара декреттік демалысты ақшасымен ала ала ма
Жауап: 

Құрметті Нұртай!

2008 жылдың 1қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшінміндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Осыған орай,жүктілік пен босану жағдайына берілетін әлеуметтіктөлемді жұмыс орны емес, Мемлекеттік әлеуметтіксақтандыру қоры жүзеге асырады. Бұлтөлемнің мөлшері соңғы он екі айдаәлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табысқабайланысты анықталады. Сіздің хабарлауыңызша,соңғы он екі айда жұмыс жасаған жоқ, табыскөзі болған жоқ. Демек, сіздің балдызыңызғажүктілік пен босану жағдайына әлеуметтік төлемберілмейді. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғыәлеуметтік төлем алуына құқығы бар.Бұл төлемнің ең кіші мөлшері екінші баланыңкүтімі үшін 6424 теңгені құрайды. Соныменқатар, баланың туылуына орай берілетін бір реттік әлеуметтікжәрдемақы алуына құқылы.

НұрсулуКемел- «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210457
18 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма? Мен екі баланың анасымын, мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Екі балама 6400 теңге көлемінде бір жасқа дейін төленетін жәрдем ақыны алып отырмын. Қалалық горсобеске барсам 40%-ті 700 тенгені курайды. Ол ақша менің пенсионный фондыма құйылып жатыр дейді. Жауабыңызға алдын-ала Рахмет. Түркістан қаласы.
Жауап: 

Құрметті Қасиет!

Бір жасқа дейінгі балакүтіміне берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерісоңғы 24 айдағы әлеуметтік аударымдар жасалғанорташа айлық табысты 40 пайызы көлемінде анықталады.Осыған орай, соңғы 24 ай баланың туылған күніненбастап кері есептеледі. Сізге беріліп жатқан әлеуметтіктөлемнің мөлшері минималды көрсеткіштеболғандықтан, екінші баланың күтімі үшін 6424теңге көлемінде алып отырсыз. Сонымен бірге, 2008 жылдың 1қаңтарынан бастап ай сайын әлеуметтік төлемнен 10 пайыззейнетақы жарнасы жасалуда.

НұрсулуКемел- «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас маманыwwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210442
12 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер! сіздерге сұрағым ең төменгі зейнет ақы кімдерге беріледі?, отыз жылдан астам еңбек істеген азаматша соңғы жылдық жалақысы 12-14000 шамасында қазір зейнеткер ақысы ең төменгі болып белгіленген осы дұрыспа?, егерде қайта есептеуге берсем қандай заңдылықтарға сүйеніп құжаттарды қозғай алам?. зейнет ақы есептеу үлгісін бере аласыздарма?
Жауап: 

           ҚұрметтіСайлау!

«Қазақстан Республикасындазейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы      20 маусымдағы ҚазақстанРеспубликасының заңы (бұдан әрі –Заң) бойыншазейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың зейнетақыесебі  үшін тапсырған табысмөлшері мен еңбек өтіліне қарай тағайындалады.

Заңға сәйкес зейнетақытөлемдерін есептеу үшін 1998 жылғы 1қаңтарға дейінгі еңбек өтілі есепке алынады.

Зейнетақы төлемдерініңмөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістергеқарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастапқатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлықтабыс негізге алына отырып, жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Заңның 13бабына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан басталғанкезеңге ұсынылған орташа айлық табыстың есебінензейнетақы төлемдерінің мөлшері жинақтаушызейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзегеасырылған табысқа сәйкес анықталады. 

Сол себепті, заңмен талап етілгенеңбек өтілі бола тұра ұсынылған орташаайлық табысы төмен болса, не мүлдем табыс ұсынылмасаең төменгі зейнетақы мөлшері тағайындалады.

Іс жүзіндегі заңдылыққасәйкес зейнетақы мөлшерін қайта қараузейнеткердің алғаш рет зейнетақы тағайындау үшінтапсырған 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгіеңбек өтілі және алғаш тапсырғанкезеңнің (жалдардың) айлық табысы жайлы қосымшақұжаттар ұсынылған жағдайда ғана мүмкін болады. 

Зейнетақы мөлшерін басқажылдардың айлық табысынан қайта қарау үшін,өкінішке орай,  заңды негізжоқ екенін хабарлаймыз.

Сіздің мысалда, 12-14000 шамасындағыжалақы үш жылдың емес, тек соңғы бір жылдыңорташа жалақысы болғандықтан зейнетақы мөлшерінесептеп шығару мүмкін емес. Сондықтан, қойғансұрағыңызға нақты жауап алу үшінбарлық құжаттарыңызбен тұрғылықты жеріңіздегі Бақылау жәнеәлеуметтік қорғау Комитеті Департаментініңзейнетақы тағайындау жөніндегі мамандарына жолығып,қажетті кеңес алуыңызға болады.

Орын. Жүсіпбекова ГүлзатҚойшыбайқызы – Бақылау және әлеуметтікқорғау Комитетінің эксперті

Сұрақтың нөмірі: 210495
12 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме?! Мен сіздерге сұрақ қоюдағы негізгі мақсатым: мен 2000 жылдан бері I топтағы мүгедікпін. Осы уақытқа дейін жергілікті РАЙСОВЕС-тен өзіме тиесілі атаулы жәрдем ала алмай жүрмін. Қазіргі таңда 16000 теңге зейнетақы ғана аламын. 2008 жылы 16 май номер жиырмасыншы Караван газетіндегі 'Непередвидимые обстаятельство' мақаласында жазылған 'Три года назад государство и лично Призидент страны проявили о них заботу. и разрешили тем, кто не может жит, передвигатся и существовать без помощи другого человека иметь индивидульного помощника. Государство решила платить помощникам зарплату из своего, государственного, кармана.' Осы аталған төлемақыны қалай алуымызға болады? Жолдары қандай? Сонымен қоса бізге РАЙСОВЕС тағы қандай көиек беруге тиісті? Біздің Аягөз аудандық РАЙСОВЕС-тен қандай да бір ақпарат алу мүмкін емес. Барсақ айғайлап қуып шығады. Сонда жарымжан адамның ешкімге керегі болмағаны ма? ;(
Жауап: 

Құрметті Бауыржан!

«Қазақстан Республикасындамүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүріп-тұруықиын бірінші топтағы мүгедектерге жекекөмекшінің қызметтері  медициналық-әлеуметтік сараптаубөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдерге сәйкесмүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізіндекөрсетіледі.

Жеке көмекшінің қызметін көрсету жергіліктіатқарушы органдардың құзыретіне жатады, сол себептенСіз осы мәселе жөнінде тұрғылықты жеріңізбойынша жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөліміне жолығып,  мынадай құжаттардыұсынуыңыз қажет:

1) өтініш;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратынқұжаттың көшірмесі;

3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынанүзіндінің көшірмесі.                        

Ал мүгедекті оңалтудың жекебағдарламасын медициналық-әлеуметтік сараптау бөліміненалу қажет.

Сонымен қатар, «ҚазақстанРеспубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі№ 39 Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдары мемлекеттіктапсырыс қаражаты есебінен, оңалтудың жеке бағдарламасынегізінде мүгедектерді кресло-арбалармен, санаторлық-курорттықемдеумен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарымен, соның ішіндепротездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалыққұралдарымен және міндетті гигиеналыққұралдарымен (несепқабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер)қамтамасыз етеді.        

Орын: Бақылаужәне әлеуметтік

        қорғау Комитетініңэксперті   Г.Б. Ерғалиева

Сұрақтың нөмірі: 210438
9 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен жоғары білімді мұғаліммін.2007-2008 оқу жылында 1қыркүйектен бастап мұғалім болып жұмыс істеп жатырмын. Қазір маған 12 айға толмады деп кезекті еңбек демалысына ақы төлемей жатыр. Осы дұрыс па?
Жауап: 

Құрметті Гүлмира! 2007 жылғы 15 мамырдағыҚазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұданәрі – Кодекс) 239-бабының 1-тармағына сәйкесмемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілергелауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруғаарналған жәрдемақы төлене отырып,ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтынжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық
қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақыкүнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Азаматтық қызметшілердіңжекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарымен неғұрлымұзақ мерзімді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысыбелгіленуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 53-бабының1-тармағына сәйкес педагог қызметкерлержалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортабілімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгібілім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін ұзақтығыкүнтізбелік 56  күн; оқу-әдістемелік қызметкерлеріқамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарыныңпедагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн ақытөленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтіккепілдіктерін иеленеді.

Кодекстің 100-бабының 2-тармағынасәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердіңтынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығыннығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктерінеарналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысысақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санынаберіледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынақұқық беретін жұмыс стажына нақтыжұмыс істелген уақыт, қызметкер нақты жұмысістемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысытолық немесе ішінара сақталған уақыт, қызметкер еңбеккеуақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс істемегенуақыт, қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақтыжұмыс істемеген уақыт қосылады            (Кодекстің 104-бабы).

Кодекстің 105-бабына сәйкесқызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшінжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімібойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысықызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісімбойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақытөлеу ол басталардан үш күнтізбелік күннен кешіктірілмейжүргізіледі.

Осыған байланысты, орташа жалақыңызсақтала отырып, лауазымдық жалақы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төленеотырып, тараптардың келісімі бойынша нақты жұмыс істегенуақытыңыз үшін немесе толығымен жыл сайынғы ақылыеңбек демалысы берілуі тиіс.

Толық ақпарат алу үшінсауалыңызды Қазақстан Республикасы Білім жәнеғылым министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.  

Сұрақтың нөмірі: 210031
29 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Талғат Үсеұлы Қамбаров. Мен Жеке Шаруашылық Серіктестікте жұмыс істеймін,келесі айда декреттік демалысқа шығайын деп отырмын.Стажым 1жыл,алатын айлығым 45000 мың көлемінде. Менің сізге қоятын сұрағым: Үкімет тарапынан қанша алатынымды есептеп берсеңіз және қандай құжаттар өткіземін. Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Жауап: 

Құрметті НазираБекбергеновна!

«Міндеттіәлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 23-1-бабына сәйкес, жүктілігі және босануыжағдайына төленетін әлеуметтік төлемәйелдің соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдараударылған табысының орташа мөлшерінде тағайындаладыжәне қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс4,2 коэффициентке көбейтіледі.

Егер Сіз үшінәлеуметтік аударымдар соңғы 12 айда 45000 теңгеденжасалып отырса, онда Сіздің жүктілігі және босануыжағдайына алатын әлеуметтік төлеміңіздіңмөлшері 45000*4,2=189 000 теңгені құрауымүмкін.

Жүктілігіне жәнебосануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланыстытабысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдітағайындау үшін өтінішке:

     1) жеке басын куәландыратын құжат;

     2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардытіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы,не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

     3) еңбекке жарамсыздық парағы;

     4) салық төлеушінің куәлігі;

     5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қосаберіледі.

Төлемніңнақты мөлшерін және жұмыс берушіңіздіңәлеуметтік аударымдарды уақытылы және толықкөлемде аударғаны туралы ақпаратты алу үшін Зейнетақытөлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтыңтұрғылықты жеріңіз бойынша құрылымдықбөлімшесіне баруыңыз керек.

орын: Қамбаров Талғат Үсенұлы - Әлеуметтікқамсыздандыру және сақтандыру департаментінің бассарапшысы

Сұрақтың нөмірі: 210027
28 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі! Менің Касібім мұғалім. ОҚО Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында Кемелұлы атындағы орта мектепте жұмыс істеймін. Маған 2008 жылдың қаңтар айында ЖЗҚ-нан келген хатта менің төлқұжат номерім, СТТН номерім дұрыс көрсетілмеген, ал ЭЖҚ номері дұрыс. менің не істеуім керек. Қайда барып Өзімнің төлқұжат. СТТН номерлерімді дұрыстатуым керек. Көмектессеңіздер екен.
Жауап: 

Құрметті Мұратхан!

Келеңсіздіктерді түзетуүшін жеке төлқұжатыңызбен, СТТН жәнеӘЖҚ-мен тұрғылықты жеріңіз бойыншаМЗТО-ның бөлімшесіне жолығуыңыз керек.

Орындаушы:Сарапшы - Бейсембаева Бахыт Кенжебайқызы

Сұрақтың нөмірі: 209915
24 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші