You are here

Саламатсыздарма?! Менің сіздерден сұрайтын сауалым:1) Жақында әкем қайтыс болып еді,соған байланысты анама асыраушысынан айрылғаны туралы жәрдемақы төлене ме?Егер төленер болса бір реттік пе әлде тұрақты түрде беріліп тұрады ма?! 2) Әкем мұғалім, Зейнет жасына жетпей қайтыс болып еді,екі ай көлеміндегі жалақысын алған жоқ болатын!Анам барып мекетептен сұраса ол жалақысы берілмейді дегенді мектеп директоры айтады,бұл қаншалықты заңды???? Әкемнің айлығы берілуі керек пе,егер берілмейтін болса қандай себептермен?? 3) Әкемнің Зейнетақы жинақтаушы қорына өзінің жалақысынан белгілі көлемде ақша аударған,сол қаражатты анам яки болмаса балалары қалай алуға болады?!Аударылған ақшаны алар болсақ,ай сайынғы зейнетақы ретінде төлене ме әлде толық соммасын алуға мүмкіндік бар ма?!4)Әкемнің қайтыс болғанына байланысты мемлекеттен бір реттік өтемақысы 'жәрдемақы' төлене ме?! Құрметті ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІнің қызметкерлері осы сұрақтарыма жауап берсеңіздер екен!!!!!Егер мүмкін болса ертерек менің e-mail-ме жіберіңіздерші.....АЛЛАҺ разыболсын көмектеріңізге!!!!!!
Жауап: 

 Асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы бойынша«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13 бабына сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Егер Сіздің анаңыз зейнеткерлік жасқа толмаса, онда еңбекке жарамсыз болып саналмайды. Сондықтан, бұл жәрдемақыға оның студент және оқушы балалары ғана құқылы. Еңбекке жарамсыз болып 18 жасқа толмаған балалар саналады.Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін жергілікті Зейнетақы төлеу орталығына хабарласу қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарды алу сұрағыңыз бойыншаЖинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жарналарын алу тәртібі «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 Қаулысымен белгіленген. Аталған Қаулының 10 тармағына сәйкес Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар: 1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн: зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш; қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін: зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады. Қайтыс болғанда төленетін біржолғы жәрдемақы жайлы Әкеңіз зейнет жасына жетпей қайтыс болуына байланысты мемлекет тарапынан бірмезгілдік жәрдемақы, өкінішке орай, төленбейді. Бұл төлем зейнеткер немесе мүгедек қайтыс болған жағдайда қарастырылған. Жалақы мәселесі бойыншаҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 138 - бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.Сіздің мәселеңіз жеке дауларға жатады, ал қызметкермен жұмыс берушінің арасындағы жеке даулары тараптардың келісімімен және (немесе) сот арқылы шешіледі.Осыған орай, Сізге сотқа шағымдану қажет.Орындаушы: Жұмағұлов Бағдат Сәдуақасұлы - Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Бас сарапшысы, Жүсіпбекова Гүлзат Қойшыбайқызы –сарапшы.

Сұрақтың нөмірі: 212473
28 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма! Мен мекеменің кадр меңгерушісімін. Менің бір қызметкерім пенсияға шыққалы отыр еді. Сол себепті менің тарапымнан қандай құжаттар дайындалуы қажет. Жауабыңызға көп-көп рахмет!
Жауап: 

 Сізге кадр меңгерушісі ретінде ешқандай қағаз дайындауыныздың қажеті жоқ.. Әр зейнеткер құжаттарын өзі жинап, жергілікті зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аудандық/ қалалық бөлімшесіне, өтінішпен қоса тапсырады.Орындаушы: Инсебаева Ақсая Абуталиқызы

Сұрақтың нөмірі: 212459
24 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма!мен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласының тұрғынымын, менің қоятын сұрағым,менің бір балам бар жасы 1 жаста некеде тұрмағанмын жалғыз ілікті (мать одиночка)әйелдерге баласы кәмілет жасқа толғанша төленетін жәрдемақы төлеу қарастырылғанба?
Жауап: 

 Құрметті Гулсара! “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 – ІІІ (бұдан әрі - Заң) Заңына сәйкес 2006 жылдың қаңтар айынан бастап отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді.Осы Заңның 5-бабы, 2-тармағына сәйкес, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін, өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады: балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтініш, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі, отбасының құрамы туралы мәлімет, отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындалуы мен төлеу, оның ішінде телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлемдері тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті өкілетті органдармен атқарылады. Бұдан басқа облыс, қала және аудан әкімдері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы.Осыған орай, балаңызға арналған жәрдемақыны тағайындау және басқа көмектер туралы мәселені қарау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға баруыңызға болады.орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің экспертіКөшкімбекова Раушан Жанабайқызы

Сұрақтың нөмірі: 212458
18 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма? мен Туркменістаннан көшіп келген оралман. президенттің қыркүйектің 2 н дегі шығысында айтылғандай 'Кроме того, предусматривается награждение многодетных матерей, родивших и воспитавших 7 и более детей подвеской «Алтын алка» и родивших и воспитавших 6 детей подвеской «Кумыс алка»'. менің 7 балам бар. маған «Алтын алка» тиесілі ме, және қандай құжаттар жинау керек?Рахмет.
Жауап: 

 Құрметті Ырысгүл!«Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен марапаттау туралы сұрақтар Министрліктің құзырына жатпайды.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес он және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген, оныншы баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте аналар «Алтын алқа», сегіз және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген, сегізінші баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте аналар «Күміс алқа» белгісімен марапатталады.Облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің ұсынуы бойынша көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттауды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құзыретіне жатады.

Сұрақтың нөмірі: 212457
17 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен 2000ж бастап 2006 ж дейін мектепте мұғалім болып істедім, білімім жоғары. Содан кейін 1 жыл басқа жұмыс орнында істедім. Қазір семья жағдайына байланысты жұмыс істемегеніме жылдан асты. Биыл екінші балаға жүктімін. Маған жүктілікке байланысты демалыс ақы(декреттік) төлене ме? Төленсе қандай мөлшерде есептеледі? Қандай құжаттар қажет? Алдын-ала рахмет!
Жауап: 

 Құрметті Алмагүл!ҚР-ның «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушыларына міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктілігі және босануы бойынша, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда алынған орташа айлық табысты 4,2 коэффициентіне, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтаған кезде - 5,7 коэффициенті, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 6,2 коэффициенті қолданылады.Кірістің орташа айлық мөлшері, әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:1) жеке басын куәландыратын құжат;2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);3) еңбекке жарамсыздық парағы;4) салық төлеушінің куәлігі;5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қоса беріледі.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.Табысты ауыстыру коэффициенті - 0,4 болады.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:1) жеке басын куәландыратын құжат;2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;4) салық төлеушінің куәлігі;5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;6) отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса беріледі.Сондай-ақ, мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болып табылмайтын тұлғаларға (жұмыс жасамайтын) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) – 35040 теңге мөлшерінде бала туғанда берілетін жәрдемақы, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне 1 балаға 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 5840 теңге, 2 балаға 5,5 АЕК – 6424 теңге, 3 балаға 6 АЕК – 7008 теңге, 4 балаға 6,5 АЕК – 7592 теңге жәрдемақы төленеді.Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін тұрғылықты жеріндегі тиісті уәкілетті органға мынадай құжаттар:1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);5) отбасының құрамы туралы мәлімет (бала күтімі жөніндегі және балаларға арналған жәрдемақылар үшін).Аталған әлеуметтік төлемді тағайындау және кеңес алу бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жергілікті бөлімшесіне хабарласуыңызға болады. Орынд. Мейірбеков М.М.

Сұрақтың нөмірі: 212154
12 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Қайырлы таң! Менің 8 тамызда жазған сұрағыма қашан жауап бересіздер? Қанша күн күтуім керек? Жауабыңызға рахмет.
Жауап: 

Құрметті Венера! Сіздің қойған сұрағыңызға жауаптың кешіктірілуіне кешірім сұрай отырып, Сізден сұрағыңызды қайта жолдауыңызды сұраймыз. Себебі, Министрліктің веб-сайттындағы техникалық ақауларға байланысты кейбір сұрақтардың мазмұнын оқу мүмкін болмай отыр.Тағы да кешірім өтінеміз. Бізді түсінгеніңізге алдын-ала рахмет!ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сұрақтың нөмірі: 212373
11 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Нұрсұлу менің сұрағыма жауап бергеніңізге көп рахмет.Сізге тағы сұрағым бар еді, мен 'Cенімді Құрылыс' компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасаймын.Менің естігенім өндірісте жұмыс жасайтындар жүктілік демалысқа 9 аптадан бастап шыға беруіне болады деп.Егер мен қазір жүктілік демалысыма шықсам,маған 6 айға дейінгі еңбекақым төленеме?Сіздің жауабыңызды күтем.Рахмет.
Жауап: 

 Жауабы: Құрметті Құндыз!Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесiн бекіту туралы» № 859 бұйрығына сәйкес, жүктiлiгi және босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағы босанғанға дейiн ұзақтығы 30 аптадан бастап 70 күнтiзбелiк күн және босанғаннан кейiн 56 күн (босану ауыр немесе екi және одан да көп бала туған жағдайда - босанғаннан кейiн 70 күнтiзбелiк күн) мерзiмге беріледi. Демек, жүктілікке байланысты демалыс тек жүктіліктің 30-аптасынан бастап беріледі, кейінгі босану алдындағы және одан кейінгі мерзімде жұмыс істейтін әйелге әлеуметтік төлем берәледі.Еңбек Кодексінің 211-бабына сәйкес, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға жүкті әйелдер жіберілмейді. Егер Сізді жұмыс берушіңіз медициналық қорытынды негізінде зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстырып, еңбекке жарамсыздық парағын алған уақытқа дейінгі табысыңыздан әлеуметтік аударымдар жасаған жағдайда, Сізге жүктілік және босану жағдайына байланысты әлеуметтік төлем беріледі. Нұрсулу Кемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас маманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211313
1 тамыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме ? шілде айының 23-і күні сұрақ жолдап едім, жауабы әлі жоқ. Ал орыс тіліндегі сұрақ-жауап бөлімінде күнбе күн жауабы беріліп отырылады, мемлекеттік тілдегі өтініштер мен жүгінімдерді қарау мерзімі заңда басқаша жазылған ба? Әлде мемлекеттік тілдегі өтініштерді қарайтын маман тапшы ма? Мүмкін қазақ тіліндегі өтініштердің әлеуметтік сипаты да жоқ шығар.
Жауап: 

 Құрметті Айнұр! Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс (бала үш жасқа толғанша жалақы сақталмай берілетін демалыс) біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Орынд. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 211187
25 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыз ба? Мен(1) 2008 жылдын сәуір айына дейін жумыс істеп, 2-3 ай үзілістен кейін басқа жұмысқа орналастым.Сонымен бірге,(2) менің зейнетақы қорым Ұлар Үміт зейнетақы қорында жиналуда. Осы жағдайлар менің жүктілікке байланысты берілетің әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеуде өз әсерін тигізе ме? Олай болса, қандай? Жауабыңызға алдын-ала рахмет.
Жауап: 

Құрметті Гүлмария!

Жүктілікжәне босануға орай берілетін әлеуметтік төлеммөлшері Сіздің еңбекке жарамсыздықпарағының берілген күнінен бастап соңғы 12 айдатапқан орташа айлық табысыңыздың көлеміндеанықталады. Орташа айлық табыс соңғы 12 айдаәлеуметтік аударымдаржасалған табыс қосылып, 12-ге бөлу арқылыанықталады. Демек, орташа айлық табысты анықтауда біріншікезекте әлеуметтік аударымдардың жасалуы қарастырылады. ЕгерСіздің табысыңыз 10 еселенген ең кіші жалақыданкөп болса, онда есепке міндетті зейнетақы жарналары алынады.Бұл жағдайда, Сіздің қандай зейнетақықорында екеніңіз маңызды емес. Соңғы 12 айдаәлеуметтік аударымдар жасалуда үзілістер болса, онда осыайлардағы табыс 0-ге тең болады.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211185
24 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен алла жазса 2009 жылдың ақпан айында жүкті болуыма байланысты декреттік демалысқа кетпекпін. Сұрағым: босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі мерзімге берілген еңбек демалысынан кейін жұмыс орынымнан 2009 жылдың кезекті еңбек демалысын талап ете аламын ба ?
Жауап: 

Құрметті Айнұр! ҚазақстанРеспубликасының  Еңбеккодексінің 192-бабына сәйкес әйелге, қалауы бойынша,жүктілікке және босануға байланысты  демалыстың алдында немесе  тікелей одан кейін не балаға  күтім жасауға  арналған демалыс (бала үшжасқа толғанша жалақы сақталмай  берілетін демалыс) біткен  соң жыл сайынғы  ақылы еңбек демалысы беріледі.

Орынд.Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы 

Сұрақтың нөмірі: 211135
23 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші