check

You are here

Саламатсыздарма? менің сұрағым 3 топтағы мүгедек азаматтарға мүгедегі туралы жәрдемақы қанша төленеді соны білсем деген едім алдын ала рахмет.

Жауап: 

Жауап:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектік тобы белгіленген адамдарға мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі - МӘЖ) мөлшері жыл сайынғы Республикалық бюджет туралы Заңымен тиісті жылға бекітілетін күнкөріс деңгейінің мөлшерімен есептеледі (негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы).

МӘЖ мөлшері мүгедектіктің тобына және ауру себебіне байланысты анықталады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 топ мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері –        16 664 теңге.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңына сәйкес мүгедектерге мүгедектік тобына және ауру себебіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – арнаулы жәрдемақы) тағайындалады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 топ мүгедектігі бойынша арнаулы жәрдемақының мөлшері – 1 269 теңге.

 

 

 

 

 

 

К.Суханова

Сұрақтың нөмірі: 321770
6 ақпан, 2015 - 11:42 өзгертілді

Саламатсызба! мен батыс казакстан орал каласынан жазып отырмын.Кызым Умирханова Акбота Темирхановна бес жаста мугедек  кулагы естимейди,диогниз:нейросенсорный тугаухость 3-4 степен .Менин кызымнын кулагы слухавой апаратпен естейди. Жана жана тили шыгып сойлеп келе жатыр. Логапедпен, дефиктологпен, соц педогогпен, сурдопедагок жумыс жасаймыз. Есту кабылетын дамыту ушин егер мумкиндик болып жатса бизге Алеуметтик кордан  видеокомпьютер керек еди.

Жауап: 

Жауап:

Сіздің сауалыңызды мұхият қарап, келесіні хабараймыз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектердің оңалту әлеуетін ескере отырып, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі ОЖБ) жасалады, ол организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және/немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын кешенді оңалту іс-шараларын айқындайды. 

ОЖБ-ға сәйкес мүгедектер Қазақстан Республикасының Үкіметі  айқындаған тізім және тәртіп бойынша протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.

Бұған қоса, мұқтаж мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, ымдау тілінің маманы, жеке көмекші қызметтері көрсетіледі.

Мүгедектерді жоғарыда аталған оңалту құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етудің тәртібі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысында айқындалған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары өз құзыреті мен құқықтары шегінде тиісті бюджеттер мен қайырымдылық қорлардың қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар  белгілей алады. 

Сонымен бірге, облыс, қала және аудан  әкімдері  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»  Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың басшыларын өз құзыреті шегінде тағайындайды.

Осыған орай, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органдарына хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

К. Суханова

 

 

Сұрақтың нөмірі: 321565
6 ақпан, 2015 - 11:41 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме!

Жауап: 

Төтенше және ең жоғары радиациялық қатерлі өңірлерде тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтарға зейнетақыға үстемақы көзделген (негізі: Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңы).

Ал, жоғарыда көрсетілген аймақтардан көшіп кеткен жағдайда, зенетақыға  қосымша төленетін үстемақының төленуі тоқтатылады.

Осыған байланысты, Семей қаласы  аталған аймаққа жатпайтындықтан (жоғары радиациялық қауiптi аймақ), Сіздің атаңызға экологиялық үстемеақы төлеуге заң негіздері жоқ.

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

ҚР Денсаулық сақтау

және әлеуметтік

даму министрі Т.Дюсеноваға

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

Тойтобе көшесі №17 тұрғыны

Сейдин Закірден

Жауап: 

Жауап:  Сәлеметсізбе Гульнар Зиябековна!

Зейнетақы  төлемдерінің  мөлшері туралы

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап  үзілістерге қарамастан, қатарынан  кез келген 3 жыл жұмыстың орташа  айлық табысының  мөлшері  болып  табылады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1-ші қантардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді (негізі: Қазақстан   Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы) (бұдан әрі – Заң).

Зейнетақы жарналарын төлеу жөнінде

Міндеттi зейнетақы жарналары  жұмысшының ай сайынғы тапқан табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленетіндігі жөнінде ескертеміз.

Бұған қоса айтатынымыз, мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды (негізі: Заңның 24 бабы, 8 тармақшасы).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу туралы толық мәлімет алғыңыз келсе жергілікті  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе облысыңыз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің  департаментіне  жолығуға  кеңес   береміз.

 

 

 

Орын. Байсабырова А.Қ.

 

Сұрақтың нөмірі: 321230
30 қаңтар, 2015 - 19:14 өзгертілді
Жауап: 


  
Сәлеметсіз бе,!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА) (осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

ӘТжб құқық еңбекке уақытша жарамсыздық парағында (бұдан әрі - науқастық парағы) көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ бк = ОАТ х ТАК мұндағы:

ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.

ӘТжб мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс (бұдан әрі - ОАТ) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 12-ге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ ӘТжб = ∑(АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ12) / 12

мұндағы:

АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

Сіздің жағдайыңызда ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ОАТ мөлшері ӘТжб құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 10 ай ішінде ӘА жүргізілген табыстар сомасын 12 бөлу арқылы айқындалады.

Табысты алмастыру коэффициенті жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К = 126/30= 4,2).

Сондай ақ Заңның 26 - бабына сәйкес ӘТжб сомасынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және бірыңғай зейнетақы қорына аударылады.

 

Орын: Жумажанова А.Б.

 

Сәлеметсіз бе Тамара Касымовна! Менің сәбиім "врожденная расшеление губы и мягкого , твердого неба" деген диагнозбен дүниеге келген. Менің сұрағым: туа біткен осы диагнозбен туылған мугедек балаларға өкімет канша ақша көлемінде көмек береді? Және қанша жасына дейін көмек береді? Және жалғызбасты анаға да көмек бере ме? Назар бөліп оқығанызға рақмет! Айгерім

Жауап: 

Жауабы.

 

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік жәрдемақылар туралы

Қолданыстағы заңнама аясында республикалық бюджет есебінен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

Жәрдемақылар мүгедектiктiң белгілеген бүкiл кезеңiне тағайындалады.

Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.

Осыған байланысты аталған жәрдемақылар мөлшері мүгедектік топқа байланысты (он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 24 336 теңге мөлшерінде, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі (1-3 топтағы) мүгедек балаларға шамамен  33 291 теңгеден 20 711 теңге дейін) жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, мүгедек баланы (18 жасқа дейін) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге ай сайын жалақының 1,05 ең төмен мөлшерінде (22 433 теңге) мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленеді.

Жергілікті атқарушы органдары тарапынан көрсетілетін көмек туралы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында «жалғызбасты ана» ұғымы жоқ. Осыған орай, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік кепілдемелер жалпы негізде қаралады.          

Алайда, облыс, қала және аудан әкімдері өз құзыреті шегінде бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына оның ішінде аз қамтылған отбасыларына материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетуге құқылы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен бірге, белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола аласыз.

Осыған байланысты, атаулы әлеуметтік көмекке және балаларға арналған жәрдемақыға үміткер болу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

?: Омирбекова А.

Сұрақтың нөмірі: 320960
28 қаңтар, 2015 - 16:02 өзгертілді

Менің әжем Бисенова Салима 1921 жылы  Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген.Соғыс жылдары тылда жұмыс жасаған,ашып айтсам паровозда көмір тасып,от жаққан.  Қазіргі таңда мемлекет  тарапынан 16000 теңге жәрдемақы алады.  Әжеміздің еңбек кітапшасын  архивтерден таба алмадық. Аудандық Зейнетақы бөлімі еңбек кітапшасының болмауына байланысты ешқандай көмек көрсете алмады. Тәуелсіздігіміздің туын тік көтерткен, осындай бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізді тірісінде бағаламасақ қашан бағалаймыз.Ең болмаса ең төмеңгі зейнетақыға шығарсаңыздар  екен деймін.

Жауап: 

Жауап:

ҚР-ның  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандару туралы» Заңының бұрынғы редакциясына сәйкес 5 және однда көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген аналар 53 жасқа толғанда 1998 жылдың 1 қаңтрына дейінгі 20 жыл еңбек стажымен жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы.

Егер әйел 58 жасқа толған кезде, бірақ 20 жыл еңбек стажы болмаған жағдайда, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажына пропорционалдық есеппен толық емес көлемдегі зейнетақы тағайындалады.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу  жөніндегі орталығының ақпараты негізінде, әжеңіздің зейнетақы ісіндегі құжаттар мұқият зерттеліп, төлем есептері ҚР заңнамаларына сәйкестігі тексерілді.

Қазіргі таңда әжейдің әлеуметтік төлемдері қолданыстағы заң нормаларына сәйкес есептелген.

Әжеңіздің еңбек стажы ескерілмеген жұмыс мерзімдерін растау үшін мұрағаттың анықтамасы немесе сот шешімі керек.

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 319884
9 қаңтар, 2015 - 18:33 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? Менің әкем 2008 жылы зейнеткерлікке шыққан еді. Ол кезде зейнетке шыққан адамға мемлекет бюджетінен төленетін бірреттік төлемақының бар екендігі жайлы көп адамдар білмеді. Бізде білмедік. Биыл, яғни 2014 жылдын шілде айында тұрғылықты жеріміз бойынша аудандық зейнетақы төлем орталығына (Зайсан ауданы ШҚО) барып өтініш жаздық. Олар өтінішті қабылдады. Келіңіз деген уақытында екінші қайтара бардық, олар біз бәрін санап қойдық енді орталықтан растау (подтверждение) келу керек соны күтіп отырмыз деді.

Жауап: 

Мемлекеттік кепілдік алушылардың өтініштерін қарау мерзімі мен тәртібі «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде
сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі
кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет
кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №341 қаулысымен реттелген.

Сіздің әкеніздің мемлекеттік кепілдікті төлеуге қатысты құжаттар топтамасын қарау туралы нақты ақпаратты деректердің (ТАӘ, туған күні) болмауына байланысты ұсыну мүмкін емес.  

орын. Г. Әйнекібай

Сұрақтың нөмірі: 318054
18 желтоқсан, 2014 - 15:24 өзгертілді
Жауап: 

Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомалары туралы мәліметтерді құрайды.

Осыған байланысты, міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызы түсуі туралы мәліметтерді ХКҚО-нан алғанда, Сіз міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомасын инвестициялық табысы қосылмағандығын көресіз.

Зейнетақы жинақтарының сомалары инвестициялық табысты ескергендегі БЖЗҚ-дан үзінділерінде ұсынылады.

Осыған орай, инвестициялық табысты ескергендегі зейнетақы жинақтары туралы үзіндіні алу үшін Сізге БЖЗҚ-на жолығуыңыз қажет.

орын. Д.Сыздыкова 

Сұрақтың нөмірі: 317510
8 желтоқсан, 2014 - 18:19 өзгертілді
Жауап: 

Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомалары туралы мәліметтерді құрайды.

Осыған байланысты, міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызы түсуі туралы мәліметтерді ХКҚО-нан алғанда, Сіз міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомасын инвестициялық табысы қосылмағандығын көресіз.

Зейнетақы жинақтарының сомалары инвестициялық табысты ескергендегі БЖЗҚ-дан үзінділерінде ұсынылады.

Осыған орай, инвестициялық табысты ескергендегі зейнетақы жинақтары туралы үзіндіні алу үшін Сізге БЖЗҚ-на жолығуыңыз қажет.

орын.Эксперт Д.Сыздыкова

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші