check

You are here

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ханымға. Сіз 5 қазан күні телевизордан берген сұқпатыңызда менің зейнетақы жөнінде берген сұрағыма, 9918 тенгемен есептелмейді, 11000 тенгемен есептелуі керек, бұл жерде бір кілтипан бар мен тексеремін деп уәде берген , Ерғазы ағайға көмектесемін деген едіңіз,  содан толық жауап келген жоқ

Жауап: 

Саламатсыз ба, Ерғазы ағай!

 

Зейнеткерлердің зейнетақысын тағайындауда және оған арттыруларды есептеуде қолданыстағы зейнетақы заңнамалары нормаларының барлық шарттары мен талаптары сақталады және барлығына бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі (“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң)).

Бұл ретте негізгі көрсеткіштер азаматтардың зейнетақы есебі үшін тапсырған табыс мөлшері  мен еңбек өтілі болып табылады. 

Зейнеткерлік іс-құжаттарыңызды талдау нәтижесінде, Сізге зейнетақы төлемі 2003 жылғы 5 тамыздан бастап 37 жыл 10 ай еңбек өтіліңіз және 18 154,86 теңге мөлшеріндегі орташа табысыңыздың (01.01.2000ж.-31.12.2002ж. аралығы) есебінен тағайындалған.

Заңнамаға сай зейнетақы мөлшеріне ұсынған Сіздің орташа айлық табысыңыздың төмен деңгейі зейнетақы мөлшеріне әсер еткен.

Бүгінгі таңда, әлеуметтік төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 58 188 теңгені құрайды (зейнетақы төлемі –46 223 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 11 965 теңге).

Бас сарапшы М.Исмагулова 

Сұрақтың нөмірі: 341504
29 қараша, 2016 - 11:39 өзгертілді

Тамара Дүйсенова ханымға, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Егінді ауылынан 1940 жылы туған Толысбаев Ерғазыдан, 2016 ж 7-қыркүйекте тікелей телеарнадан берген сұхбаттыңызда зейнетақы жөнінде қойған сұрағыма толық жауап ала-алмай отырмын.

Жауап: 

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру азаматтардың барлық санаттарына зейнетақымен қамсыздандырылуға тең құқық беруге негізделген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, барлық зейнетақы алушылар үшін бірыңғай зейнетақылық төлемдерді тағайындау және арттыру тәртібі қолданылады.

Зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады. Сондай ақ, зейнетақы мөлшерін арттыру зейнетақы ісіндегі құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Зейнеткерлік іс-құжатыңыз бойынша зейнетақы төлеміңіздің тағайындалуы мен төленуінің дұрыстығына тексеру жүргізілді.

Сізге қолданыстағы заң нормаларына сәйкес жасыңызға байланысты зейнетақы мөлшері 2003 жылдың тамызынан бастап 37 жыл еңбек өтіліңіз үшін және 18 154,86 теңге орташа айлық табысыңыз есебінен тағайындалған.

Мұнда азаматтың атқарған қызметі және жұмысының шарттары зейнетақы мөлшерінің арттырылуы мамандығына немесе атқарған қызметіне тәуелді емес.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдеріңіздің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын арттырылып отырды.

Бүгінгі таңда, Сіздің әлеуметтік төлемдеріңіздің мөлшері 58 188 теңгені құрайды (зейнетақы мөлшері – 46 223 теңге; базалық зейнетақы төлемі –11 965 теңге).

Зейнетақы төлемдеріңіздің мөлшері қолданыстағы заң нормаларына сәйкес тағайындалып төленуде.

Алайда, қазіргі уақытта Сіздің зейнетақы мөлшеріңізді қайта қараудың заңды негізі қарастырылмағандығын қосымша хабарлаймыз.

Орынд: ЕӘҚКК сарапшысы Аюпова

Сұрақтың нөмірі: 339837
7 қазан, 2016 - 18:25 өзгертілді

Сәлеметсіз бе! Зиянды немесе өте зиянды жерде жұмыс жасағаны үшін 5% мекеме төлейтін зейнет ақы қоры туралы анықтап берсеңіз!

Жауап: 

Cәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Еңбек құқығы мәселелері » айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

Құрметті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сарапшы мамандары!

 

Жауап: 

Министрлікпен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына медициналық-әлеуметтік мекеменің қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы есебінен МӘМ мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы іске асыру тетігіне қатысты хат (түсіндірме) 2016 жылғы 7 маусымдағы               № 14-1-24/3689-и шығыс нөмерімен жолданған болатын.

Осыған орай, көтеріп отырған сауалыңызға толық жауап алу үшін Сізге Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгіну қажет.

орын. сарапшы С.Ирахметов

Сұрақтың нөмірі: 338340
8 тамыз, 2016 - 10:19 өзгертілді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 24.02.2016 жылғы «Медициналық – әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту» туралы №139 бұйрығына сәйкес стационарлық үлгіде тұратын арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға киім-кешектерді қандай әдіспен сатып алуға болады.

Жауап: 

Қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарында орналасқан қаражат есебінен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама және ерекшелігі кодтарын көрсетпей мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын орналастыру мүмкіндігін қарастыру бөлігінде мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС электрондық сатып алу жүйесінің (бұдан әрі – веб-портал) функционалын пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Осылайша, веб-порталда «Қаржыландыру көздері» ашық жолағында «Жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттiк мекемеге беретiн ақша есебiнен» белгісі қосылды.

Жүйенің жетілдіруі МӘМ қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларға санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді.

орн. сарапша С.Ирахметов

Сұрақтың нөмірі: 337549
5 шілде, 2016 - 16:36 өзгертілді

Таныс адам 1 топпен мүгүдекпен пенсияга шыкты жумысынан ауруыны байланысты пенсия алып отыр. Жасы 50де. Ендиги  сурагым 1-2-3 топтагы мугудиктер осы кунге дейн зейнетакы корына кордагы жиынтыгын кайтарып ала алама.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

Біріншіден, таныс адамыңыздың жынысын көрсетпепсіз: ол еркек па әлде әйел ма?

Екіншіден, міндеттi зейнетақы жарналары  жұмысшының ай сайынғы тапқан табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленетіндігі жөнінде ескертеміз.

Үшіншіден, Сіздің  көтерген сұрағыңыз бойынша мәлімет үшін төмендегіні хабарлаймыз.

Бірынғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі – Қор) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін  Қордағы жинақталған зейнетақы қаражаты бар мынадай тұлғалардың алу құқығы бар:

-          еркектер 63 жасқа, ал әйелдер - 58 жасқа толғанда;

-          егер мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда бірінші және екінші топ мүгедектері;

-          әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет атқарған азаматтардың құқығы бар кезде;

-          Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қордан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

-          еркектер елу бес жасқа, әйелдер – 50 жасқа  жеткен кезде және барынша төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болғанда.

Қордағы  жинақталған  зейнетақы қаражаттарының  жеткілікті және алушының құқығы болған  жағдайда, оған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру туралы зейнетақы  аннуитетi шартын жасасуға құқығы пайда болады. 

Бұдан  да  толық түсінік алу үшін жергілікті жерлеріңіздегі  Қорға жолығуларыңызға  болады.

 

Орын. Байсабырова А.Қ.

Сұрақтың нөмірі: 335346
7 сәуір, 2016 - 16:49 өзгертілді

Қайырлы күн!

Мен, 2015 жылы 13 қазанда 35 аптада қан қысымының жоғары (140-160ммртст) болуына байланысты жедел босану жасалды (35 апта).

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

        Мүгедектікті белгілеу, медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

        МӘС жүргізу үшін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) берген жолдамасы (088/у нысаны) негіздеме болып табылады.

        Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

          Пациенттерді МӘС-ға уақтылы және негізді жіберу медициналық ұйымның ДКК-ның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

        Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, МӘС-ке жолдау мәселесі бойынша Сіз тұратын жеріңіздегі медициналық ұйымға емдеуші дәрігерге жолығуыңыз қажет.

 

Орындаушы: Сарапшы Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 335204
7 сәуір, 2016 - 11:32 өзгертілді

Сәлеметсізбе. Әрбір адамға өзінің зейнетақы қорындағы жинақ ақшасын зейнет жасына жетпей алуына бола ма?

Жауап: 

Сәлеметсізбе Шынар Серікқызы!

Біріншіден, міндеттi зейнетақы жарналары  жұмысшының ай сайынғы тапқан табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленетіндігі жөнінде ескертеміз.

Екіншіден, мәлімет үшін төмендегіні хабарлаймыз.

Бірынғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі – Қор) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін  Қордағы жинақталған зейнетақы қаражаты бар мынадай тұлғалардың алу құқығы бар:

-          еркектер 63 жасқа, ал әйелдер – 58 жасқа толғанда;

-          егер мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда бірінші және екінші топ мүгедектері;

-          Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қордан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

-          еркектер елу бес, ал әйелдер – 50 жасқа  жеткен кезде және барынша төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болғанда.

Қордағы  жинақталған  зейнетақы қаражатыңыз  жеткілікті және құқығыңыз болған  жағдайда, Сізде сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру туралы зейнетақы  аннуитетi шартын жасасуға құқығы пайда болады. 

Үшіншіден, Қордағы жиналған сомаларыңыз  құпия болып табылатындықтан, ол жөніндегі мәліметті  Сіз  тек жергілікті жеріңіздегі  Қорға жолығып,   ала аласыз.

Жоғарыда аталғанға сәйкес, Қордағы міндетті зейнетақы жарналарын алу құқығы тек ғана зейнетақымен қамсыздандыруда қолданылады және оны зейнеткерлік жастан ерте басқа мақсаттарға алу үшін қолданыстағы заңнамамен қарастырылмаған.  

 

 

Орын. Байсабырова А.Қ.

Сұрақтың нөмірі: 334249
2 ақпан, 2016 - 18:51 өзгертілді

Сәләматсыздар ма?!

Мен Б. Құспанова өмірге жеті бала дүниеге алып келдім. Үлкенім 1959 жылы туылған болса, кенжем 1979 жылғы болатын. Бірде теледидар қарап отырып, бір бағдарламадан жеті бала не болмаса одан да көп бала дүниеге алып келген аналар болса, алайда олардың балалары 8 жастан асып дүниеден озса, оларға белгілі бір шекте зейнетақысына қосымша қаражат төленеді деп жауапты мамандардан естіген едім.

Жауап: 

Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің құзыретіне жатады.

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар, «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, жетінші және алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады (негіздеме: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 211-ІІ Заңы).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттау туралы» № 2676 Заңының 28-бабында, Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiлетіні көрсетілген.

Осыған орай, аталған белгілерімен марапаттау жөнінде, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімшілікке хабарласуыңыз қажет.

орын. эксперт К. Суханова

Саламатсыз ба Тамара Дүйсенова.

Жауап: 

Сіздің әкеңіз Хабдрашийн Хуатбек, 2005 жылдың 6 желтоқсаннан бастап «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілде №414 Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушысы ретінде 18 671 теңге алып келеді.

Аталған Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.

Ынтымақты зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 11-бабында айқындалған тәртіппен Қазақстанда және Қазақстанмен шартты қатынастарда болған басқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі есепке алынады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі №327 «Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің күшін жою туралы» қаулысына сәйкес Келісімнің 2014 жылғы 9 қазанда күші жойылғанын хабарлаймыз.

Осының негізінде, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Монғолия Республикасындағы еңбек өтілі есепке алынбайды.

 

 

 

 

 

орынд. Ғ. Иманғали

тел. 743298

 

Сұрақтың нөмірі: 325628
10 сәуір, 2015 - 17:21 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші