check

You are here

 

Запись на трудовой книжке

16. 1983.03.29.   Принят на должности главного экономист управление с/х-в  Ленинского рика. (райисполкома) 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Максат Аманжолович!

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнетақы мөлшерін есептеу еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар мұрағаттақ құжаттар немесе сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.
Сондықтан, еңбек өтіліне қатысты мәліметтер еңбек кiтапшасында уақытылы енгізілмеген жағдайда не болмаса сәйкес келмеушіліктер анықталған жағдайда мұрағатқа немесе мәлiметтерді растату үшін сотқа шағымдануға болады.
Бұдан басқа, іс - құжаттардың негізінде тағыда толық зерттеп, кеңес алу үшін Сізге еңбек кiтапшаңыздың түпнұсқасымен тұрғылықты жеріңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментіне жолығуды ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 350000
19 маусым, 2018 - 14:40 өзгертілді

Сәлеметсізбе?! 

Жауап: 

Құрметті Теңдік сәлеметсіз бе!

ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) тағайындалады.
Аталған әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.
Осы орайда, әлеуметтік төлемге құқық басталған кезеңнен 2017 жылғы сәуір айынан бастап 2018 жылғы наурыз айлары арасында әлеуметтік аударымдар болған жағдайда әлеуметтік төлем уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде тағайындалады.
Сонымен қатар, 2018 жылғы қаңтар айынан бастап 2018 жылғы наурыз айлары арасында әлеуметтік аударымдар болмағанына байланысты Сіздің әлеуметтік төлемге құқығыңыз жоқ.

Сәлеметсіз бе?

Бала санымен яғни 53 жастан зейнеткерлікке шыққан қызметкер жұмыс орнында 1 жылға еңбек келісім шарты негізінде жұмысын жалғастыруда, осы қызметкер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Аблай Мусакулович!

   Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес  жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден зейнеткерлік жасқа келген тұлғалар, атап айтқанда 2018 жылғы қаңтардан бастап әйелдер 58,5 жасқа толғанда, мүгедектігі мерзімсіз белгіленген 1 және 2-топтағы мүгедектер босатылады.

   53 жаста зейнетке шыққан әйелдер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуіне жатады.

 

Сұрақтың нөмірі: 348596
5 наурыз, 2018 - 12:19 өзгертілді

Құрметті Тамара Дүйсенова,

Жауап: 

Сәлеметсіз бе Гүлнар Түшейқызы!

   Қолданыстағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру  туралы»  ҚР Заңына сәйкес зейнетақы мөлшерін есептеу еңбек өтілі мен жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.

   Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.

   Зейнетақы ісіңіздегі құжаттар бойынша Сізге көп балалы ана ретінде жеңілдікпен жасыңызға байланысты зейнетақы 23 жыл 7 ай еңбек өтіліңізге сәйкес, бірақ орташа жалақысыз, 2005 жылғы маусымда кепілдендірілген ең төменгі мөлшерде тағайындалған.

   Бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап кәмелеттік  жасқа толғанға дейін табысы немесе еңбек өтілі туралы құжаттарды қосымша ұсынған кезде, зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта қарастырылуға мүмкін.

    2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі оның мөлшерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленуінің нақты өтілі) белгілеу арқылы өзгертілетінін қосымша хабарлаймыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 348035
1 ақпан, 2018 - 19:58 өзгертілді

Сәлеметсіз бе! Мен 2017жылдың 01 шілдесінде 2-ші баламды босандым. Босанғанға дейін жұмыс жасаған болатынмын. Қәзір балама алатын зейнетақым 15 412 тг. құрайды. Босанғанға дейінгі соңғы 24 айдағы айлық көрсеткішім 1 008 475тг, орташа айлық көрсеткішім (1 008 475 / 24= 42 019тг.) құрайды. Ендігі сұрағым, маған осы орташа айлық көрсеткішімнің 40 % неге қосылмайды? әлде есептелуі дұрыс па? Менің түсінбеген тұстарым бар ма? Осыны толықтай түсіндіріп есептеп беруіңізді сұраймын. Алдын ала рақмет!!!

Жауап: 

Құрметті Разия Рашитқызы!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем (бұдан әрі – ӘТбк) мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады.

ӘТбк табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 24 бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Бұл ретте, ӘТбк ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:

ӘТбк = ОАТ х ТАК, мұндағы:

ӘТбк – бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;

ОАТ – ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК – табысты ауыстыру коэффициенті.

Әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауын ескере отырып (екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш немесе 15 452 теңге), Сізге «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан ӘТбк 17 169 теңге сомасында тағайындалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлем сомасынан Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.

2017 жылдың 29 мамырында мемлекеттік әлеуметтік сараптамадан (қайта өту) өттім.Арада 7 жүмыс күні өтті,egov.kz сайты арқылы күнделікті қарап отырмын,маған осы уақытқа дейін Әлеуметтік жәрдемақы,арнаулы мемлекеттік жәрдемақы,жалпы еңбек ету қабылетінен айырулына (УОТ) байланысты тиісті әлеуметтік төлемақы сомасы тағайындалған жоқ.Сақтандыру компаниясы осы аталған құжаттардың жоқтығын желеу етіп ,тиісті төлемдерді тоқтатып тастайды ма деп алаңдаймын.1411 тел.арқылы сұрағанымда әлі бізге тиісті құжаттар түскен жоқ-деді

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, құрметті Мейрам!

 

Медициналық-әлеуметтік сараптамадан қайта өткен анықтамаңыздың негізінде Сізге анықтамада белгіленген мерзімге, яғни  2017 жылдың 16 мамырынан 2018 жылдың 29 мамырына дейінгі аралыққа мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалды.

Сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем де осы аралыққа тағайындалып, ағымдағы жылдың шілде айының қажеттілігіне қосылғанын, сонымен қатар, Сізге тиісті төлемдердің тоқтатылмайтындығын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 344732
12 маусым, 2017 - 14:41 өзгертілді

Сәлеметсіз бе! Менің әйелім Ермұханова Күлшат Сарықызы (ЖСН 640413400074) 5бала туып өсіріп,жасы 53 ке толуы себепті зейнетақы тағайындалды.Атырау қаласындағы №2 ХҚКО барып зейнетақы мөлшерін білу үшін сұрағанымызда ,зейнет кітапшасын көрсетіп,анда бәрі жазулы-деп қысқа жауап берді.Ол жердегі жазуды біз емес,жазған өзі де түсінбейтініне сенімдімін.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, құрметті Мейрам!

 

Қолданыстағы зейнетақы заңнамалары нормаларына сәйкес зейнеткерлердің зейнетақысын есептеуде негізгі көрсеткіштер азаматтардың зейнетақы есебі үшін негізгі көрсеткіштер еңбек өтілі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін) мен тапсырған табыс мөлшері (1995 жылғы 1 қаңтардан бастап) болып табылады.

Зейнетақы төлемдері толық емес көлемде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады және мөлшері толық көлемдегі зейнетақы төлемінен ұсынылған еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.

К.С. Ермұханованың зейнеткерлік іс-құжаттарын талдау нәтижесінде, зейнетақы заңнамасына (5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге) сәйкес, 2017 жылғы 13 сәуірден бастап зейнетақы төлемі 13 жыл 2 ай еңбек өтіліңіз және 36 172,50 теңге мөлшеріндегі орташа табысыңыздың есебінен толық емес көлемде зейнетақы төлемі тағайындалды.

Әлеуметтік төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 31 333 теңгені (зейнетақы төлемі –18 531 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 12 802 теңге ) құрайды, сәуір және мамыр айының зейнетақы мөлшерлері ағымдағы жылдың мамыр айының қажеттілігіне қосылды.

Осымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясына Атырау қаласындағы №2 ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы хат жолданды.

 

 

орын.  М.Исмагулова

Сұрақтың нөмірі: 344097
20 сәуір, 2017 - 17:35 өзгертілді

Құрметті Тамара Дүйсенова!

Жауап: 

Салеметсіз бе!

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, зейнетақы тағайындау кезінде ұсынатын еңбек өтілі мен (еңбек өтілі тек қана 1998 жылы 1 қаңтарға дейін есепке алынады) 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табысын негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Зейнетақы мөлшерлерін қайта қарау үшін Сіз тек зейнетақыны тағайындауда бұрын ұсынылған құжаттарыңызды толықтыратын еңбек өтілі мен табысы туралы құжаттарды тапсырған жағдайда ғана мүмкін.

Осыған орай, зейнетақыңызды қайта қарау үшiн, 1998 жылдан бастап еңбек өтіліңізді және зейнеткерлік жасыңызға толғаннан кейін жұмыс істеген кезеңдегі табыс туралы мәліметтерді алуға құқық негіздер жоқ.

Айта кететін жайт, 2018 жылғы шілде айынан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін ескере отырып, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін болады.

Мысалы, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 50 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде берілуі қарастырылып отыр.

орын. Кокушева Ж.

Сұрақтың нөмірі: 343576
27 ақпан, 2017 - 15:51 өзгертілді

Саламатсызба! Мен сізден өтініп сұрайтыным, менің  зейнетақым өте аз, қазір жасым 65 те, 43 мың теңге аламын. Мен 5 баламен пенсияға шыққанмын, мен 60 жасқа келгенше медбике қызметін атқардым 38 жыл жұмыс өтілім бар, Осыны ескере келе менің жұмыс өтілім және 60 келгенше тапқан жалақым зейнетақыма қосылады ма екен?!

Қызылорда қаласының тұрғыны Сақтағанова Қалдыгүлден!

Жауап: 

Салеметсіз бе!

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, зейнетақы тағайындау кезінде ұсынатын еңбек өтілі мен (еңбек өтілі тек қана 1998 жылы 1 қаңтарға дейін есепке алынады) 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табысын негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Зейнетақы мөлшерлерін қайта қарау үшін Сіз тек зейнетақыны тағайындауда бұрын ұсынылған құжаттарыңызды толықтыратын еңбек өтілі мен табысы туралы құжаттарды тапсырған жағдайда ғана мүмкін.

Осыған орай, зейнетақыңызды қайта қарау үшiн, 1998 жылдан бастап еңбек өтіліңізді және зейнеткерлік жасыңызға толғаннан кейін жұмыс істеген кезеңдегі табыс туралы мәліметтерді алуға құқық негіздер жоқ.

Айта кететін жайт, 2018 жылғы шілде айынан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін ескере отырып, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін болады.

Мысалы, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 50 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде берілуі қарастырылып отыр.

орын. Кокушева Ж.

Сұрақтың нөмірі: 343522
27 ақпан, 2017 - 15:52 өзгертілді

Салеметсіздерме. Мен Кызылорда қаласының тұрғынымын. Жүктілік пен босануға жумысқа жарамсыздық парағын беру тәртібі жайында сұрағым.

Мен екі жұмыс орнында жұмыс жасаймын қазіргі таңда 30 апта жүктілік мерзімім. Тұрғылықты мекен жайым бойынша емханадан еңбекке жарамсыздық парағы екі жұмыс орнына бөлек бөлек берілеме немесе бір еңбекке жарамсыздық парағына екі жұмыс орнының атауы жазыладыма?

Жауап: 

Құрметті , АлияСайлаубайқызы!

 

         Сіздің өтінішіңізді мұқият қарап, келесіні хабарлаймыз.

         Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем(әрі қарай – әлеуметтік төлем) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.

         Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бір жұмыс орны бойынша беріледі, адамның басқа жұмыс орындарына медициналық ұйым басшысы бекіткен және медициналық ұйымның мөрі қойылған еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмелері беріледі.

         Қазіргі таңда, Сізге 2017 жылғы 1 ақпаннан бастап 2017 жылғы 6 маусымға дейінгі кезеңге әлеуметтік төлем тағайындалған. Аталған төлем ақпан айында қаржыландырылады.

         Исполнитель: Шенеева А.М.,

Сұрақтың нөмірі: 343255
9 ақпан, 2017 - 19:16 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші