You are here

Сәлеметсізбе!  Мен бес балалы анамын. Үлкені 23те, екіншісі студент, кейінгілері 9 жас, 5жас және 1 жаста. Екі жылдан бері зейнетақы төлеу орталығынан құжат тапсырып көп балалы ананың кітапшасын және соған сәйкес жәрдемақымды ала-алмай жүрмін. Осыған көмектесуіңізді сұраймын. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тулегенова Гүлжан  

Жауап: 

Сіздің жеке іс-құжатыңыз  бойынша қандай-да ақпарат алып, білу үшін жазған мәліметіңіз жеткіліксіз. Яғни, толық және жеке куәлігіңіз бойынша толтыруды сұраймыз (Тегініз, Есіміңіз, Әкеніздің есімі, туған күн, ай, жылыңыз).

         Тиісті мәлеметті Сізден алғаннан кейін, өтінішіңіздін қаралу нәтижесі қосымша хабарланатын болады (немесе, Сіздің сауалыңыз бойынша жергілікті әлеуметтік қорғау саласының мекемелеріне хабарласуыңызға болады).

 

 

Сұрақтың нөмірі: 298240
14 желтоқсан, 2013 - 16:01 өзгертілді

Саламатсыздарма!

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Гаухар!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына 2013 жылғы 17 ақпаннан бастап күшіне енген өзгертулерге сәйкес, жүктілігіне және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі - ӘТжб) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (бұдан әрі – науқастық парақ) берілген айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) төленген әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА) негізінде есептеледі.

ӘТжб мөлшері Қорға ӘА төленген жүктілік бойынша демалыс берілген күнге дейінгі соңғы 12 ай ішіндегі орташа айлық табыс мөлшерін науқастық парақта көрсетілген күндер санына сәйкес анықталатын коэффициентке көбейту жолымен анықталады.

Еңбекке жарамсыз күндер санының коэффициенті науқастық парағы берілген күндер санын 30 күнтізбелік күнге бөлу жолымен анықталады (науқастық парағы 126 күнге берілсе, К – 4,2; 140 күнге – 4,7).

Орташа айлық табыс мөлшері науқастық парақта берілген айдың алдындағы соңғы 12 күнтізбелік айда (осы кезеңде ӘА үзілісінің болуына тәуелсіз) ӘА төленген табыс сомасын 12-ге бөлу жолымен анықталады.

Айта кетерлік жәйт, егер Сіздің жұмыс орындарыңыздағы ішкі құжаттармен, еңбек немесе ұжымдық шарттармен көзделсе, онда жұмыс беруші Сізге ӘТжб сомасын шегергендегі орташа жалақыңызды сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлейді.

ӘТжб мөлшеріне қатысты мәлімет құпия ақпарат болып табылады. Сондықтан нақты және толық ақпарат алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне немесе Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет.

Сондай-ақ, бала туылғаннан кейін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне келесі төлемдерді тағайындауға өтініш білдіре аласыз:

  1. баланың туылуына орай мемлекеттік бюджет есебінен төленетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы;
  2. Қор есебінен бала туылғанға дейінгі (осы кезеңде ӘА үзілісінің болуына тәуелсіз) соңғы 24 ай ішіндегі ӘА төленген орташа айлық табыстың 40% мөлшерінде төленетін баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем.

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 1АЕК мөлшері 1 731 теңгені құрайды.

орын. АО "ГФСС"

Сәлеметсізбе? Мен  мектепте мұғалім болып істеймін, Мен бесінші нәресеге жүктімін. Сүйінші пұл қанша шығады және жұмыс істейтін адамға жасына дейінгі жәрдемақысының төлемі қанша болады? 

Жауап: 

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына  байланысты  тағайындалатын  біржолғы  мемлекеттік  жәрдемақы, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі (әрі қарай - Заң).

Заңның 4 бабына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

Бала туғанда берілетін жәрдемақы;

1. Бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК-1 731тг. құрайды), төртінші және одан кейінгі балаларға 50 АЕК.

2. бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын жағдайда (жұмыс істемейтін) бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

  бірінші балаға – 5,5 АЕК

  екінші балаға - 6,5 АЕК

  үшінші балаға – 7,5 АЕК

  төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,5 АЕК.

Баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайда (жұмыс істейтін) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес тағайындалатын бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 айдағы Қорға түскен әлеуметтік аударымдардың негізінде есептеліп (әлеуметтік аударымдарды төлеудегі үзілістерге қарамастан), орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Орын: А.Елдесов

 

Сұрақтың нөмірі: 297623
22 қараша, 2013 - 10:44 өзгертілді

Сәлеметсізбе? менің қояр сұрағым. Үшінші  нәрестеге бір айлық сүйінші пұл қанша? және жасына дейінгі төленетін жәрдемақы ақшасы қанша төленеді. Үшінші нәрестені босанатын әйел жұмыссыз.    

Жауап: 

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына  байланысты  тағайындалатын  біржолғы  мемлекеттік  жәрдемақы, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі (әрі қарай - Заң).

Заңның 4 бабына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

Бала туғанда берілетін жәрдемақы;

1. Бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК-1 731тг. құрайды), төртінші және одан кейінгі балаларға 50 АЕК.

2. бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын жағдайда (жұмыс істемейтін) бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

  бірінші балаға – 5,5 АЕК

  екінші балаға - 6,5 АЕК

  үшінші балаға – 7,5 АЕК

  төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,5 АЕК.

Орын:А.Елдесов

Сұрақтың нөмірі: 297622
22 қараша, 2013 - 10:45 өзгертілді

Саламатсыздарма! Мен 01.11.2013 жылдан бастан декреттік демалысқа шықтым. Айлық табысым 12 айға - 1481322 тенге, әлеуметтік аударым  - 46807 тенге, табысты ауыстыру коэффициенті - 4,20 осындай көрсеткішпен мен декретнойыма қанша аламын. Өтініш есептеп беріңіздерші. Алдын ала рахмет!

Жауап: 

Сәлеметсіз бе! 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктілік пен босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері соңғы 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА)(осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

Сіздің жағдайыңызда 2012 жылдың қараша айы мен 2013 жылдың қазан айлары аралығындағы 12 айға төленген ӘА есепке алынатынын ескертеміз. ӘТжб мөлшері ӘА есептеу объектісі ретінде есепке алынған орташа айлық табыс (бұдан әрі - ОАТ) мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ОАТ мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндер санының коэффициенті науқастық парағы берілген күндер санын 30 күнтізбелік күнге бөлу жолымен анықталады (науқастық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К – 4,2).

Сондай ақ Заңның 26 бабына сәйкес ӘТжб сомасынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және бірыңғай зейнетақы қорына аударылады.

ӘТжб мөлшеріне қатысты мәлімет құпия ақпарат болып табылады. Сондықтан нақты және толық ақпарат алу үшін Сіз тұрғылықты жер бойынша Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау аумақтық жергілікті департаментіне немесе Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет.

орын. АО"ГФСС"

Сұрақтың нөмірі: 297537
30 қараша, 2013 - 13:40 өзгертілді

Саламатсызба мен 2007 жылдың қазан айында мектепке жұмысқа мұғалім болып орналастым. 2008 жылдың қаңтар айында декретке шықтым. 2008  жылдың 1 қаңтарынан бастап бала босануына байланысты декреттік ақшаны зейнетақы төлеу орталығынан алатын болып бекітілді.

Жауап: 

2008 жылғы 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін ана мен баланы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-1 бабына сәйкес жүктілігі және босануына төленетін әлеуметтiк төлемдер Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің (бұдан әрі - МӘСЖ) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады.

Жүктілігі және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТжб) сіздің атыңызға ай сайын жұмыс берушіңіздің аударған нақты әлеуметтік аударымдары (бұдан әрі - ӘА) сомасы негізінде есептеледі.

Сізге ӘТжб Заңның 2013 жылғы 17 ақпанға дейінгі нұсқасы негізінде тағайындалған.

Ол кезеңде, ӘТжб мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда алынған орташа айлық табысты 4,2 коэффициентіне, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалатын болатын.

Кірістің орташа айлық мөлшері, әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға ӘА түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда ӘА жүргізілген кірістер сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалатын.

МӘСЖ қатысушыға ӘА он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық (бұдан әрі- ОАТ) мөлшері ӘА жүргізілген табыс сомасын Қорға ӘА түскен айдың санына бөлу жолымен анықталатын.

Егер Сіздің жұмыс берушіңіз 2007 жылдың қазанынан бастап Қорға Сіз үшін ӘА аударған болса, онда 3 ай бойы Қорға түскен ӘА сомасы арқылы орташа айлық табысыңыз анықталып ӘТжб тағайындалған.

Әлеуметтiк қатер сізге 2008 жылдың қаңтар айында туындағандықтан ӘТжб көлемі Заңның 23-1 бабының 4-ші тармағына сәйкес Сізге ӘА он екі айға жетпейтін мерзімге аударылғандықтан, ОАТ мөлшері ӘА жүргізілген табыс сомасын Қорға ӘА түскен айдың санына бөлу жолымен анықталған. Яғни нақты ӘА жүргізілген айлар,  қазан, қараша, желтоқсан айлары үшін аударылған ӘА негізінде тағайындалған болатын.

ӘТжб денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында (бұдан әрі – науқастық парақ) көрсетiлген бүкіл кезеңге тағайындалды.

ӘТжб мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың ОАТ еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалған.

Алайда 2013ж. 17 ақпанында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР  Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сондықтан бүгінгі таңда ӘТжб есептеу механизмі өзгерді.

ҚР Заңына сәйкес Қордан жүктілік пен босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір рет төленетін ӘТжб мөлшері соңғы 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы ӘА (осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

ӘТжб мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың ОАТ еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндер санының коэффициенті науқастық парағы берілген күндер санын 30 күнтізбелік күнге бөлу жолымен анықталады (науқастық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К – 4,2).

орын. АО "ГФСС"

Сұрақтың нөмірі: 297536
30 қараша, 2013 - 13:41 өзгертілді

Көп балалы туралы анықтама немесе кітапшаны қайдан қалай алу, қандай құжаттар тапсыру керек. Оның қолданылуы? Төрт бала үшін төлем төлене ме

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көп балалы отбасыларға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі-жәрдемақы) алуға құқығы бар.

Көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы 3,9 айлық есептік көрсеткіш немесе 6 876 теңге мөлшерін құрап отыр.

Аталмыш жәрдемақыны алу үшін төмендегі құжаттар тізімін тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлем жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі-орталық) бөлімшелеріне тапсыру қажет:

  1. арнайы үлгідегі өтініш (орталық бөлімшесінен беріледі);
  2. жеке басын куәландыратын құжат;

            3) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;

  4) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшін, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) - балалардың туу туралы куәліктері, отбасының құрамы туралы анықтама, сонымен қатар жыл сайын берілетін балалардың оқу фактісі туралы оқу орындарының анықтамалары;
             5) Балалардың туу туралы куәліктері;

 6) Неке туралы куәлік (қажет болған жағдайда);

 7) Өтініш берушінің атына банктен жеке шот нөмірі;

Жәрдемақы заңнамамен белгіленген мерзімде тағайындалғаннан кейін, орталық бөлімшесінен арнайы үлгідегі кітапша беріледі.

Аталған кітапшаны талап етілген жағдайларда көрсетуіңізге болады.

Орын: Елдесов А.

салеметсиздерме менің кітапханашы болып жұмыска киргениме 9ай (негізі баска жерде бир жыл жумыс жасадым) казирги кезде жуктилигиме 30апта. билгим келгени бірінші отпускной толенеме әлде декреттік толемақы ала аламба.және де жалакым 30мын декретныйымды есептеп бере аласыздарма. алдын - ала рахмет Айзат

Жауап: 

2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы ҚР Заңына сай жүктілігіне және босануына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады.

Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлем (бұдан әрі- әлеуметтік төлем) алу үшін негізгі құжаттардың бірі – жүктілігі және босануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағы және жұмыс орнынан әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы белгіленген үлгідегі анықтама болып табылады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексінің» 193 бабына сәйкес  әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - жетпіс) күнге дейін өтініші және белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағы негізінде демалыс беріледі.

Бұл ретте, демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі деп көрсетілген.

Орын:А.Елдесов

Сұрақтың нөмірі: 297278
21 қараша, 2013 - 10:07 өзгертілді

5 баласы бар еді. 5-ші баласы 4 жасында қатерлі ісік ауруымен қайтыс болған. Анасының жасы 53 толып отыр, сол кісі 53 жаспен жеңілдікпен зейнеткерлік демалыска шыга алады ма?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы» Заңына  сәйкес 5 және одан да көп бала туып (асырап алған балаларды қоса есептегенде), оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда, еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда  жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы.

Осыған байланысты, анасының бесінші баласы сегіз жасқа дейін келмеуне байланысты, жасына байланысты жеңілдікпен зейнетақы тағайындауға құқықтық негіз жоқ.

орын. Ж.Кокушева

Сұрақтың нөмірі: 296732
13 қараша, 2013 - 16:21 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме ! Менің қояйын деген сұрағым маған 35 жылдық стажыма байланысты зейнетақымды өлшеп беріңіздерші.

Жауап: 

Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы барлық азаматтарға бірдей белгіленген, осыған орай барлық адамдар жалпыға бірдей негізде қамтамасыз етіледі. Зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады (негізі: «Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңы (бұдан әрі - Заң)).

 Заңға сәйкес, зейнетақы мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі

Заңының 11-бабы бойынша, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлiк жасқа толған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар азаматтарға - еңбек өтіліне барабар мөлшерде53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақыға құқығы бар.

Мұнда әйелге жеңілдік беретін шарт 5 баланы туып (асырап алған), сегiз жасқа дейiн тәрбиелеуі. Бұл ретте аталған зейнетақы төлемі  жалпы зейнеткерлік жастан 5 жыл ерте тағайындалған.

Осыған орай, зейнетақы төлемі бір-ақ рет тағайындалады және оны 58 жасқа толғанда қайта тағайындау немесе қайта есептеу қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

орын. Ж. Дәулетханова

Сұрақтың нөмірі: 296721
12 қараша, 2013 - 09:21 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші