You are here

Саламатсыздарма? Менің қояр сұрағым қыркүйек айында егіз босанған едім. Жөргекпұлға құжат тапсырғанымда үлкен қызымның барын ескертпеппін сол себепті жоргекпұл 1және 2бала есебінен түсіп жатыр. Осыны қайта перерасчет жасап 2және 3бала есебінен түсіртуге болады ма? Сол туралы нақты және тез арада билгім келеді.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе! 

Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін негізгі құжаттардың бірі болып отбасының құрамы туралы мәлімет болып табылады. Қажетті құжаттарды дұрыс тапсырмағандықтан, Сізге тағайындалған төлемақы қайта қарауға жатпайды.

Алайда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 20 бабының 5 тармағына сәйкес Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

Заң бойынша уәкілетті орган Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау аумақтық жергілікті департаменті болып табылады.

 

Сұрақтың нөмірі: 301608
30 қаңтар, 2014 - 17:05 өзгертілді

Мен, 2013 жылдың ақпан айының 24 -күні 4 балаға босандым. Балам 6 айға толғанда жұмысқа шықтым. Мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын. Енді  жұмысқа шығуыма байланысты балаға мемлекет тарапынан  1 жасқа толғанша төленетін  жәрдем ақы төленбей отыр. Жұмыс істейтін  аналарға төленбейді дейді. Осы қаншалықты дұрыс ?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-2 бабы 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем (бұдан әрі - ӘТбк) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Қордан төленетін ӘТбк алуға құқығы бар қатысушыға тағайындалады. ӘТбк алуға құқық баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап туындайды.

Егер бала туылған айдың алдындағы соңғы 24 айда Сіздің атыңызға Қорға әлеуметтік аударымдар төленсе (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан), онда Сіздің баланың күтіміне байланысты Қордан ӘТбк алуға мүмкіндігіңіз бар.

ӘТбк баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн тағайындалады.

Қордан төленетін ӘТбк тоқтату тәуекелдері Заңның 23-2 бабының 7 тармақшасында қарастырылған, олардың ішінде жұмысқа шығу тәуекелі жоқ.

Сондықтан, Қордан төленетін ӘТбк тоқтату туралы ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне барып, біле аласыз.

 

 

Исп.: ГЦВП

Сұрақтың нөмірі: 301520
10 ақпан, 2014 - 10:09 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме?  Менің анам 2014 жылдың 1 сәуірінде зейнеткерлікке шығады. Egov-сайтынан міндетті зейнетақы жарналары  аудармаларының анықтамасын алдым. Онда 2 жыл мерзімі аралығындағы зейнетақы жарналарының аудармалары көрінбейді. Ол жөнінде мекеме бухгалтерлері хабардар. Бір жерде 1975 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап отыр. 1998-2001 жылдардың төлемдерін қазіргі уақытпен аудара алады ма?  Сонымен қатар, анам 3 топ мүгедегі, қазіргі таңда мүгедектігіне әлеуметтік төлем алып отыр.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

Қазіргі таңда анаңыз 3 топ мүгедектігіне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк   жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) алушысы болып табылады.

Зейнеткерлік жасқа толған уақытта, ол кісінің  таңдауы бойынша, жасына байланысты зейнетақы немесе аталған жәрдемақы алуға құқығы бар. Екі төлемнің қатар төленуі қолданыстағы заңнамалармен көзделмеген.

Егер зейнетақы төлемінің мөлшері жәрдемақы мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда зейнетақы мөлшері осы санаттағы мүгедектерге белгіленген мүгедектік жәрдемақы мөлшеріне жеткізілуі тиіс (негізі: ҚР  1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк   әлеуметтiк   жәрдемақылар туралы» Заңы).

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемінде тағайындау 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек стажы әйелдер үшін 20 жыл болған  жағдайда (жасы 58-ге толғанда, ал көп балалы аналар үшін -53-ке толғанда) көзделген.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап  үзілістерге қарамастан, қатарынан  кез келген 3 жыл жұмыстың орташа  айлық табысының  мөлшері  болып  табылады. Толық  еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 пайызға өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан аспауға тиiс  (негізі: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы) (бұдан әрі – Заң).

Айта кететін жайт, зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт, жоғарғы және орташа арнаулы оқу орындары есепке алынады.

Оған қоса, 1998 жылғы 1-ші қантардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді және де  биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген отыз тоғыз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен  (бұдан әрі - АЕК)  аспауға   тиiс,   яғни   орташа   табыс   72 228  теңгені    (1 852 тг. х 39 АЕК) құрайды.

Жоғарыда аталған Заңның 28 бабының 7-ші тармағына сәйкес, мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.

Осы себептен, Сіз айтып отырған 2 жылдың зейнетақы жарнамаларының аудармалары жөнінде салық органдарына жолығуыңызға болады.

Анаңыз туралы  толық  мәлімет болмағандықтан осы мәселелер жөнінде жергілікті  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа  жолығуға  кеңес   береміз.

 

 

 

Орын. А.Байсабырова

Сұрақтың нөмірі: 301488
4 ақпан, 2014 - 14:40 өзгертілді

Сәлеметсіздер! Мен сіздерге 7 қаңтарда жазып едім, толығырақ мәлімет керек деп жауап беріпсіздер. Мен Қаңғаев Есенжар Әбдікәрімұлы 1949 жылы 16 қаңтарда туғанмын. ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы МТС 1а-1 тұрамын.  Жеке куәлігімнің нөмері 021687936 16.06.2008 жылы ҚРӘМ берілген, ЖСН (ИИН) 490116301039. 2012 жылы 16 қаңтарда зейнетке шықтым. Еңбек өтілімнің барлығы 33 жылдан артық, бірақ соңғы жылдары жеке кәсіпкерде жұмыс істедім. Ал қазіргі уақытта алып жүрген зейнет ақым 19066+9330=28396 тг құрайды яғни қанша жыл жұмыс істесемде ең төменгі зейнет ақы мөлшері тағайындалған.

Жауап: 

Құрметті Есенжар Әбдікәрімұлы!

Азаматтарға зейнетақы тағайындау жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі (негізі: “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР Заңы).

Бұл ретте, негізгі көрсеткіштер азаматтардың зейнетақы есебі үшін тапсырған табыс мөлшері  мен еңбек өтілі болып табылады.  Және бір айта кететін жайт еңбек өтілі 1998 жылға дейін ғана алынады.

Талдау көрсеткендей, Сізге зейнетақы төлемі орташа жалақыңыз 17 014 теңгемен және 27 жыл еңбек өтіліңіз есебінен тағайындалған. Бүгінгі күні, зейнетақыңыздың төмендігіне, тапсырған орташа жалақыңыздың мөлшері әсер етіп отыр.

Сонымен қатар, тағайындалған зейнетақыңызға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жыл сайын арттырулар жүргізіліп отырған.

            Исп: Елдесов А.

Сұрақтың нөмірі: 301313
24 қаңтар, 2014 - 10:26 өзгертілді

Саламатсыздарма? менің білейін деген сауалым Біз 2013 жылы Қазақстан Республикасына Қытайдан көшіп келгенбіз,қызір ШҚО Жарма ауданы Қаратөбе ауылында тұрамыз, анамыз 56 жаста, 6 баланың анасы , кәзіргі құжаты ҚР ықтияр хаты, осы кісі зейнет ақы жасына толып зейнет ақы алып жатыр, және осы кісіге күміс алқа алуға болама? және көп балалы аналарға арналған әлеуметтік көмектер барма?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңына сәйкес көп балалы аналарға, оның ішінде  алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте "Күмiс алқа" алқасымен марапатталады.

"Күмiс алқамен" марапатталған  көп балалы аналарға - 6 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде Республикалық бюджет есебінен  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

Аталған санаттағы көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін.

Сондай-ақ,  марапаттауға ұсыну жергілікті атқару органдарының құзыретіне жатады, осыған байланысты, марапаттау туралы мәселе бойынша жергілікті әкімдікке хабарласуыңыз қажет.  

 

 

Омирбекова А.Р.

 

Сұрақтың нөмірі: 301031
27 қаңтар, 2014 - 10:04 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме,менің әкем Ижазов Бахтораз Темирович 1996 жылдың 25 шілдесінен бастап әскери қызметте болып 13.07.2013 жылы әскери қызметтің шектеулі жасына жетуіне байланысты запаска шығарылды.ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жыл 21 маусымындағы №105-V заңының 65 бабының 1 тармағына 2 тармақшасына сәйкес 2013 жылдың 14 шілдесінен бастап 35400 молшерінде зейнетақы тағайындалды және де осы кезге дейінгі жинаған зейнетақы қоры төленбеді .Жалпы еңбек стажы 1984 жылдан басталады,соның ішінде 1987-89 жж.СА қатарында болған.Осы тағайындалған зейнетақы мөлшері әкемді қанағаттандырмай

Жауап: 

Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамыздандыру  2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 66-бабы бойынша әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.

         Сондықтан Сізге толық жауап алу үшін осы сұрағыңыз бойынша қосымша уәкілетті әскери сызығына лайықты мемлекеттік органнына хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 300512
23 қаңтар, 2014 - 10:48 өзгертілді

Менің сіздерге сұрақ қою себебім, мен 2012 жылы 16 қаңтарда зейнетке шықтым. Еңбек өтілімнің барлығы 33 жылдан артық, бірақ соңғы жылдары жеке кәсіпкерде жұмыс істедім. Ал қазіргі уақытта алып жүрген зейнет ақым 19066+9330=28396 тг құрайды яғни қанша жыл жқмыс істесемде ең төменгі зейнет ақы мөлшері тағайындалған. Ұзақ жылғы үздіксіз істеген еңбегім бағаланбай қалғаны ма? Маған тағайындалған зейнат ақымды қайта қарап беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

Қойылған сұрақтарға нақты жауап беру үшін Сіздің аты-жөңіңіз қажет. Сонымен бірге, мәлімет алу үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі  мемлекеттік орталықтың жергілікті филиалыңа отініш жазуға болады.

Сұрақтың нөмірі: 300339
21 қаңтар, 2014 - 20:22 өзгертілді

Сәлеметсіздерме ? Менің сіздерге қояр сауалым : Балам бір жасқа толмай жұмысқа шықсам ,бала күтіміне төленетін жәрдемақы тоқтатыла ма?.Жұмысқа шыққаныңды зейнетақы төлеу орталығына хабарлау міндетті ме? Балам 7 айдан асты. Енді бір айдан соң жұмысқа шықсам ,қалған 4 айының жәрдемақысы төленбей тоқтатыла ма ? Баламның туған уақыты:5 мамыр 2013 жыл Рахмет

Жауап: 

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңның 11 бабына сәйкес осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін:

 1) баланың қайтыс болуы;

 2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі негіз болып табылады.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем баланың тууы туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзiмге дейiн тағайындалады.

Бiр жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған айға қоса төленедi.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңның 12 бабына сәйкес әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша қор міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін хабардар етуге міндетті.
 

орын.Ж. Қалияқасова 

Сұрақтың нөмірі: 298929
20 желтоқсан, 2013 - 19:07 өзгертілді

Мен 2013 жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін денсаулығыма байланысты еңбекке жарамсыздық парағын өткіздім. Айлық жалақым 96 000 теңге. Жұмысқа жарамсыздық күнге маған қанша ақша төленуі тиіс?

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Еңбеқақы төлеу әдіснамасы» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 298874
12 желтоқсан, 2013 - 16:45 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме?  Жүкті әйел 30 апталық мед. анықтамасын алғаннан кейін, собезге қанша уақытқа дейін кешіктірмей тапсыруы қажет?, менің естуім бойынша неше апта кеш апарсан, сонша апта ақысынан қияды собез,-  деп  естідім, сол рас па?

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш жасау мерзімі құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс (құқық - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап туындайды).

Жүктiлiкке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтінішпен бірге тиісті құжаттарды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтын жергілікті болімшесінде, тапсыру қажет.

Сұрақтың нөмірі: 298544
14 желтоқсан, 2013 - 16:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші