You are here

Сәлеметсізбе , мен Умарова Зияда Раимовна 1956жыл 15 ақпанда туылдым. 1973жылдан  жұмыс бастадым.1974-1978 жылдар аралығында Низами атындағы ТГПИ дың күндізгі бөлімін  бітіріп, 1998 жылдан бастап мектепте мұғалім,  2010 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  болып жұмыс істедім. 2014жыл  15ақпан айынан бастап зейнеткерликке шықдым. Еңбек өтілім 40 жыл.  Зейнет қорым 1млн теңгеден артық, 3жылдық еңбек жалақым  4233123т, әр айдағы жалақым 117586 т  құрайды.  Енді  менің  әр  айдағы зейтен ақым қанша болу керек екендігін анықтап берулеріңізді сұранамын.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе Зияда Раимқызы!

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңына сәйкес зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек стажы мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады.

2014 жылдың 1 қаңтарынан жасына байланысты зейнетақыны тағайындау барысында үзілістерге қарамастан 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жыл қатарынан алынған айлық табысының орташа мөлшері есепке алынады, бірақ оның  көлемі 39 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) аспауы, яғни  72 228 теңге болатын.  

Жасыңызға байланысты зейнетақы 2014 жылдың ақпан айында 24 жыл еңбек стажыңызбен және 2008-2011 жылдары «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамында жұмыс істеген кезендегі 72 228 теңге орташа еңбекақыңыз  есепке алынып тағайындалған (нақты орташа еңбекақыңыз 115 833 теңге болған, бірақ 39 АЕК-пен шектелген).

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі (әйелдерде 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде жиырма жыл еңбек стажы болу керек), бірақ ол зейнетақының есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайыздан аспауға тиіс.

Сіздің жағдайыңызда еңбек стажыңыздың коэффициенті 0,64 пайыз құрайды (20 жыл еңбек стажыңыз үшін– 60 пайыз, 4 жыл жұмыс iстеген үшін – 4 пайыз).

Сонымен,  тағайындалған зейнетақыңыздың мөлшелері 46 226 теңгені (72 228 теңге*0,64 пайыз) құрайды және қолданыстағы заң нормаларына сәйкес есептелген.

  Осы жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдері мөлшерінің арттырылуы жөнінде толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша әлеуметтік қорғау мекемелеріне жолығуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

Сәлеметсіз бе! Менің осы сұрағыма нақты жауап беруіңізді сұраймын. Жұмыс істемейтін 60 жастағы ер адам зейнеткерлікке төмен зейнетақы мөлшерін алмау үшін, қазірден өз зейнетақы шотына ақша салып отыруына болады ма? Жеке тұлға ретінде? 

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

            Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамыздандыру  2013 жылғы 21 маусымдағы  № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі. Осыған орай Заңның 11 бап 1 тармағына сәйкес, зейнетақы төлемдері еркектерге 63 жасқа жету бойынша 1998 жылғы 1 ќаңтарда кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады (төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады). Зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың зейнетақы есебі үшін тапсырған табыс мөлшері және еңбек стажына байланысты тағайындалады.

Заңның 15 бабына сәйкес Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық табыстың 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi.

Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн талап етілетін еңбек өтілінен артық жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 пайызға арттырылады, бiрақ ол зейнетақы төлемдерін есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан аспайды.

16 баптағы көрсетілген Заңнамаға сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.

Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 39 еселенген мөлшерінен аспайды.

         Заңның 27 бабына сәйкес салымшы – жеке тұлғалар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан кезде өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналарын өзінің табысы есебiнен енгiзедi.

          Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға құқылы.

           Жеке және заңды тұлғалар алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары болуы мүмкiн.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

            Есептеу кезiнде төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн ерiктi зейнетақы жарналары есепке алынбайды.

 

орын. А.Баймағанбетова

     Эксперт ГЦВП

Сұрақтың нөмірі: 303827
18 наурыз, 2014 - 11:04 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? 

Мен Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі тұрғынымын. Мен 2013 жылы колледж бітіргенмін. Қазіргі уақытта жұмыс жасаймын.

Осы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы жеке кәсіп ашуға көмек (ақшалай 3 000 000 тг) береді екен. Жеке кәсіппен айналыскым келеді. Жастарға қолдау көп коой. 

енді сұрайын дегенім, мен жұмыс жасап жүрсемде, маған сондай кәсіп ашуға осы бағдарламамен қолдау көрсете алама?? әлде бағдарламаға жұмыссыздар ғана кіре ма? 

 

осыны жақсы түсіндірсеңіз деймін.

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Еңбек құқығы және жұмыспен қамту мәселелері» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

 

Сұрақтың нөмірі: 303299
3 наурыз, 2014 - 17:33 өзгертілді

 

Мен 1960 жылы туылдым. 1978 жылы орта мектепті бітіріп,сол жылы Мед училищеге түстім. 1980 жылы 10 шілдеде тамандап Облыстық Туб Диспансеріне медсестра ретінде қабылдандым. Бүгінгі таңда 21желтоқсан айында 2013 жыл 53 жаска толғанда 20 жылдық стаж жетпейді деп №2 жәрдем ақыны ала алмай отырмын.Қазіргі таңда еңбек стажым 33 жылдан асады.Ерекше зиянды жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдем ақы біздер ала алмаймыз ба?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әйелдер – 53 жасқа толғанда және стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылы ҚР Үкіметі бекітетін № 2 тізімі бойынша өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стажы болса, мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындалады (Негізі: Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі № 414-I Заңы ).

Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

Сондықтан, егер Сіздің еңбек стажыңыз 1 қаңтар 1998 жылға дейін 20 жылға  жетпесе, аталған жәрдемақыны тағайындауға құқықтық негіз жоқ екенін хабарлаймыз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орын: Ергеш Е.    

Сәлеметсіз бе!

Сізге қояр сұрағым: Аудандық туб.болницада сантехник болып жұмыс істейтін, қазіргі жасы 58 - дегі ер адам, ҚР Еңбек заңы бойынша қандай жеңілдіктер мен ерте зейнетке шыға алады және қазіргі кезде қандай да бір  жеңілдіктермен қамтылған?

Жауап күтемін...

Жауап: 

1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды және ауыр өндірістерде еңбек стажы бар азаматтарға әлеуметтік қорғау мақсатында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 1 және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап №2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау көзделген (негіздеме: «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы).

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметі аталған жәрдемақыға азаматтардың құқығын  анықтайтын арнайы Тізім бекітілген (негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы №1930 қаулысы).

Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін ұйымның жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын, арнайы нысандағы анықтамасы тапсырылады.
         Осыған орай, аталған жәрдемақыға құқыңызды анықтау үшін қолыңыздағы құжаттарыңызбен тұрғылықты мекен-жайыңыздағы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне немесе Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласуыңызға кеңес береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орын: Ергеш Е.      

Сұрақтың нөмірі: 303126
27 ақпан, 2014 - 10:33 өзгертілді

Сәлеметсіздерме, мен телеарнадан зейнетақы тағайындалуы жөнінде хабарлама тыңдап едім, маган түсініксіздеу болды.Онда енбек өтілі 40жыл болса,айлық көрсеткіші 200000нан асса 54000 зейнет ақы тағайындалады деген. Бұл жалпы еңбек өтілі ме? әлде 1998жылға дейінгі еңбек өтілі ме?. Егер 1998жылға дейінгі еңбек өтілі болса,мен 8 жасымнан жұмыс жасауым керекпе?.Мен 1968жылдан жұмыс жасаймын. Аты жөнім Қадыров Айтқали.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы төлемінің мөлшеріне әсер ететін  негізгі  өлшемдері болып  1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажы және зейнетақы  есептелетін 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап  кез келген 3 жылдың  орташа айлық табысы болып табылады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін  толық көлемінде тағайындау 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек стажы ер азаматтарға 25 жыл болған  жағдайда (жасы 63-ке толғанда) көзделген.

Зейнетақы мөлшерін есептеуде Заңмен талап етілген 25 жыл еңбек стаж 60 пайызды құрайды, ал толық  еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан  аспауға тиіс.

Яғни, Cіздің еңбек стажыңыз 28 жыл 11 айды құрап, ол 63 пайызға тең. Ал,  орташа еңбекақыңыз (2010-2013 үш жылдан есептелген) 2013 жылы  39 айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі-АЕК) шектеліп (1731 тг * 39 АЕК = 67509 тг.), сол  шыққан 63 пайызға көбейткенде 42 531 теңге көлеміндегі зейнетақыңыз дұрыс тағайындалғанын ескертеміз.

Сіз айтып отырған 54000 теңге мөлшеріндегі ең жоғары зейнетақы биыл зейнеткерлікке шығатын азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек стажы ең жоғары көрсеткіште болса (әйелдер үшін ол 35 жыл, ерлер үшін - 40 жыл болса) және  ол үшін  жалақысы  жоғары  болса  ғана  мүмкін.

Аталған Заңда зейнетақымен қамсыздандыру құқығы барлық азаматтарға бірдей белгіленген.

Азаматтардың зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тапсырған айлық табыстары мен еңбек стажы әр түрлі болады, соның салдарынан зейнетақылардың мөлшері бірдей болуы мүмкін емес.

Бұдан былай, зейнетақыңыз жөнінде тағы да сұрақтарыңыз туындаса, мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі  зейнетақы төлеу орталығына хабарласуыңызға  болады.

 

 

 

 

 

 

Орын. А.Байсабырова

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 303046
4 наурыз, 2014 - 16:54 өзгертілді

Салеметсізбе егер әйел жекеменшікте жұмыс істесе,бірақ пенсионный фонды жүріп тұрса ол дикретке шыққанда жәрдемақы аладыма? жауаптарыңызды асыға күтем.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі - ӘТжб) және ай сайын төленетін бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер (бұдан әрі - ӘТбк) мөлшері Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) жұмыс берушіңіздің ай сайын аударып отырған әлеуметтiк аударымдар (бұдан әрі - ӘА) негізінде айқындалады.

Егер Сіздің жұмыс берушіңіз Қорға ай сайын ӘА аударып отырған болса, онда Сіз ӘТжб және ӘТбк төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімшесіне қажетті құжаттармен өтініш білдіре аласыз.

ӘТжб төлемін тағайындау құқығы жүктiлiгі және босану бойынша еңбекке жарамсыздық парағында жұмыс берушінің көрсеткен  күнінен бастап туындайды.

ӘТжб мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін (бұдан әрі - ОАТ) еңбекке жарамсыздық күндері (бұдан әрі - ЕЖК) санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ОАТ мөлшері ӘТжб құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 12 бөлу арқылы айқындалады.

ЕЖК санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік 30 бөлу арқылы айқындалады.

ӘТбк төлемдерін тағайындау ОАТ мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген ОАТ мөлшері ӘТбк құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 24 бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Сондай ақ Сіздің «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес бала туғанда мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақы алуға құқығыңыз бар. Бұл жәрдемақы әрбір әйелге тағайындалады және оның мөлшері:

-       бірінші, екінші, үшінші балаға - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

-       төртінші және одан кейінгі балаларға - 50 АЕК құрайды.

01.01.2014ж. бастап АЕК - 1852 теңге.

Сұрақтың нөмірі: 303028
3 наурыз, 2014 - 10:11 өзгертілді

Құрметті министр  ханым!

Сізге сұрағым мынау еді.

Аудандық туб.больницада  жұмыс істейтін сантехник,  қандай жеңілдіктермен ерте жаста зейнетке шыға алады? Жеңілдіктері қандай? Қазіргі жасы 58 -де.

Жауап күтемін...

Жауап: 

1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды және ауыр өндірістерде еңбек стажы бар азаматтарға әлеуметтік қорғау мақсатында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 1 және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап №2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау көзделген (негіздеме: «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы).

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметі аталған жәрдемақыға азаматтардың құқығын  анықтайтын арнайы Тізім бекітілген (негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы №1930 қаулысы).

Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін ұйымның жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын, арнайы нысандағы анықтамасы тапсырылады.
         Осыған орай, аталған жәрдемақыға құқыңызды анықтау үшін қолыңыздағы құжаттарыңызбен тұрғылықты мекен-жайыңыздағы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне немесе Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласуыңызға кеңес береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орын: Ергеш Е.      

Сұрақтың нөмірі: 302979
27 ақпан, 2014 - 10:34 өзгертілді

Салеметсиз бе! Мен жумыс жасаганыма 4ай болып декретке кеттим. Менин айлыгым 60000тг. Декретке шыкканда төленетін ақыны қалай есептейді? Маган есептеп бергендери 4айдын ақысын қосып оны 12ге бөлді. Ол дұрыс па? Мен газеттен оқуым бойынша жұмыс жасағанына 6ай немесе одан көп болса сол кезде 12ге бөледі делінген! мен 3ши балаға декретке шықтым! Одан 4,2коэффицентке көбейтеди екен,ал басқа газетте 2ши мен 3ши балаға 4,7коэффицент делінген! Маған дұрыстап есептеп берсеңіз?

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТжб) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (бұдан әрі – науқастық парақ) берілген айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) төленген әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА) негізінде есептеледі.

ӘТжб мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері науқастық парақ берілген айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 12 бөлу арқылы айқындалады. Сіздің атыңызға Қорға ӘА төленген 4 айда алған табысыңыз 12-ге бөлінеді.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті науқастық парақ берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады (науқастық парағы 126 күнге берілсе, онда К - 4,2 (126/30); 140 күнге – 4,7 (140/30)).

Сондай-ақ, бала туылғаннан кейін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне келесі төлемдерді тағайындауға өтініш білдіре аласыз:

1) баланың туылуына орай мемлекеттік бюджет есебінен төленетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы (үшінші балаға – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК).

2) Қор есебінен бала туылған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішіндегі ӘА төленген (осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) орташа айлық табыстың 40% мөлшерінде төленетін баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТбк).

ӘТбк ең төменгі мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен (үшінші балаға 7,5 АЕК) кем болмауға тиіс.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 1АЕК мөлшері 1 852 теңгені құрайды.

 

Орын: Баймагамбетова С.

Сұрақтың нөмірі: 302815
27 ақпан, 2014 - 09:40 өзгертілді

Мен Жулкарова Енлик 26,08,1955ж иин;550826400843.

Жауап: 

Құрметті Жулкарова  Еңлік!

 

  Еңбек  және халықты әлеуметтік  қорғау Министрінің блогына жолдаған арызыңыз бойынша  «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК (бұдан әрі – ЗТМО)  қызметтік тексеріс жүргізу қорытындысына сәйкес, төмендегіні хабарлайды.

         Сіз, Е. Жулкарова,  26.07.1994 жылы туылған қызыңыз,  Солтангельдинова Кундыз Сайлауовнаға,  асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алушы ретінде ЗТМО-ның Алакөл аудандық бөлімшесінде  тіркелгенсіз. 22.10.2012 жылы Алматы облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментінің    03060202009241 нөмірлі  шешімімен     төлем мерзімі      01.09.2012 жылдан 01.09.2013 жылға дейін анықталған болатын.

Жәрдемақы мерзімін  ұзарту үшін  оқу орнынан               2013-2014 жылғы оқу жылы үшін 10.10.2013 жылғы 306 нөмірлі  анықтаманы  ЗТМО Алакөл аудандық бөлімшесіне  тапсырғаныныңыз анықталды.

Алайда, бөлімше маманы Г. К. Жанпеисованың  өз қызметіне салғырт қарағандығы себепті,  жәрдемақы төлемін  ұзартуға макет жобасы  уақытында қалыптастырылмаған.

Аталған кемшіліктерге кінәлі тұлғалардың мәселелері ЗТМО  Алматы облыстық филиалының тәртіптік жаза қолдану жөніндегі комиссиясында қаралып, комиссия ұсынысының  негізінде, 2014 жылдың   14 ақпанындағы № 08-Ө бұйрықпен, маман Г. Жанпеисоваға сөгіс жарияланды.

Қазіргі уақытта , 01.09.2013 жылдан 31.12.2013 жыл аралығында және 01.01.2014 жылдан 31.08.2014 жыл аралығында  төленетін жәрдемақыға шешім шығарылып,   бекітілді.                        

 01.09.2013 жылдан 28.02.2014 жыл  аралығына тиісті жәрдемақы сомасы 2014 жылғы ақпан айының 18  күні жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Аталған кемшіліктер үшін кешірім өтінеміз. 

__________________________________________________________

Орын.: ГЦВП

Сұрақтың нөмірі: 302516
18 ақпан, 2014 - 15:26 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші