You are here

Мен, Астана қаласының тұрғыны Аубакирова Алима Сыдыковна 01.12.1955 жылы дүниеге келдім. Алты баланың анасымын, күміс алқам бар. Осыған байланысты зейнетке ерте шығып ай сайын зейнетақы алып келемін. Былтыр жасыма байланысты зейнеткерлікке шығу керек екенімді ұмытып кетіппін. Мен кеңес одағы кезінде де тәуелсіздік алған жылдарында да жұмыс істедім, зейнетақы қорымда жинақтарым болу керек еді. Енді, соны алуыма қандай құжаттарымды алып қайда тапсыруым керек екенін айтып берсеңіз.  

Жауап: 

Құрметті Әлима Сыдыққызы!

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, 53 жасқа толғанда, жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы (негізі: ҚР-ның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы ).

Сізге көп балалы ана ретінде жасыңызға байланысты зейнетақы 2008 жылдың 9 желтоқсан айында тағайындалған.  

Сол себептен, Сізге зейнетақы төлемі бір-ақ рет тағайындалады және оны 58 жасқа толғанда қайта тағайындау немесе қайта есептеу қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

 

 

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 304727
3 сәуір, 2014 - 11:00 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме? Менің анам Айтпаева Кульназия 10.12.1957 жылы туған,ИИН 571210401797 Он жылдан астам уақыт екінші топ мүгедегі, кәмелеттік жасқа толмаған 1 баласы бар,Биыл яғни, 13 наурыз 2014 жылы мерзімсіз (бессрочно) мүгедек ретінде 2 топ мүгедектігіне өтті. Наурыз айының жәрдемақы небәрі 8400 теңге төленді. Зейнетақы қорындағы қызметкерлер "бізде перерасчет", енді жәрдемақыңызды мамыр айында ғана аласыз деп жауап берді.Сонда 2 ай мүгедек жан қайтып күн көрмек? 22 000 теңге жәрдемақыға қарап отырғанда оның жағдайы мынадай болды.

Жауап: 

ЗТМО Қарағанды облыстық филиалының мәліметі бойынша, жалпы аурулыктыц 2 топ мүгедектігіне байланысты мемлекетік әлеуметік жәрдемакы (бұдан әрі - МӘЖ) және арнаулы мемлекетік жәрдемақы (бұдан әрі - АМЖ) алушы болып табылатын 10.12.1957ж.т. Айтпаева Кулназия 12.03.2012ж. № 0678599 МЭС аныктамаға сәйкес мүгедектігіне байланысты МӘЖ және АМЖ  11.03.2014ж. дейін науырызда төленді.

         К.Айтпаеваның қайта куәландыру туралы 13.03.2014ж. №1119086 анықтаманың көшірмесі ЗТМО облыстық филиалға 2014ж. 17 наурызында жеткізілді.

         Кестеге сәйкес ЗТМО Қарқаралы бөлімшесіне арнайы байланыс аркылы корреспонденция жіберуі апта сайын дүйсенбі күне іске асырылады.

         Мейрамдар және демалыс күндеріне байланысты «Қазпошта» АҚ ҚОФ арнайы жіберу кызмет арқылы келісімшарт бойынша К.Айтпаеваның мүгедектігіне бойынша анықтаманың көшірмесі ЗТМО Қарқаралы бөлімшесіне 26 наурызында жіберілді.

         Мүгедектігі бойынша мемлекетік әлеуметік жәрдемақы және арнаулы мемлекетік жәрдемақы төлемдерін ұзарту электрондық шешімдерін жобалары 2014ж. 31 наурызында жасалынды және К.Айтпаеваның төлемдері Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметік қорғау Департаментінің 2014ж. 01 сәуірдегі шешімімен 13 наурыздан бастап: мүгедектігі бойынша МЭЖ және АМЖ бұрынғы уақыттың қосымша төлемімен МЭЖ және АМЖ мамыр айының қажеттілігіне енгізілді.

  орын. Специалист ГЦВП А.Кенжебаев

            

Сұрақтың нөмірі: 304566
2 сәуір, 2014 - 16:57 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме! Семей полигонының куәлігі бар азаматтар жұмыс істеген кезде ғана өздеріне тиесілі 1,5 және 2 МРП-ны еңбек ақыларына қосып жұмыс берушіден ала алады. Ал жұмыс істемеитін азаматтар осы ақшаны қайдан алады? 

Жауап: 

«Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Заң)  13-бабына сәйкес төтенше, ең жоғары радиациялық қатер аумақтарында тұратын және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдар аймақтар бойынша зейнетақы төлеміне үстемеақы алуда. Ал, жұмыс істеп жүрген азаматтар (радиациялық қатер аймақтарында тұратын) еңбекақысына қосымша еңбекақы және жыл сайын ақысы төленетін қосымша демалыс көзделген.

Жоғарыдағы Заңға сәйкес радиациялық қатер аймақтарынан көшіп кеткен және жұмыс істемейтің азаматтарға 13-бапта көзделген жеңілдіктер қолданылмайды.

 

 

Орын.: Эксперт ККСЗ Сина Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 304541
31 наурыз, 2014 - 16:11 өзгертілді

Мен ОҚО, Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Кенесары №24 үй тұрғыны Насурулаева Атиркул Авезовна 10.02.2014ж күні 58 жаска толдым.Зейнетке шығуға сұраған барлық құжаттарын тапсырдым. Осы күнге дейін Пенсионыйдагы акшамды және бірінші зейнетақымды алған жоқпын. Неге осынша уақыт кешігуде. Сізден өтініш осы мәселені ертерек шешіп беруіңізді сұранамын.

8 72530 21617

8 777 605 88 95

Жауап: 

Құрметті Атыркуль Авезқызы!

 

Зейнеткерлік іс құжаттарыңызға сәйкес жасыңызға байланысты зейнетақы төлемі Сізге 2014 жылдың 10 ақпан айында тағайындалған.  

Ақпан және наурыз айының зейнетақы төлемі Сіздің дербес шотыңызға 2014 жылдың 4 наурызында аударылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

 

 

Сұрақтың нөмірі: 304536
2 сәуір, 2014 - 09:45 өзгертілді

Сәлеметсізбе , мен Умарова Зияда Раимовна 1956жыл 15 ақпанда туылдым. 1973жылдан  жұмыс бастадым.1974-1978 жылдар аралығында Низами атындағы ТГПИ дың күндізгі бөлімін  бітіріп, 1998 жылдан бастап мектепте мұғалім,  2010 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  болып жұмыс істедім. 2014жыл  15ақпан айынан бастап зейнеткерликке шықдым. Еңбек өтілім 40 жыл.  Зейнет қорым 1млн теңгеден артық, 3жылдық еңбек жалақым  4233123т, әр айдағы жалақым 117586 т  құрайды.  Енді  менің  әр  айдағы зейтен ақым қанша болу керек екендігін анықтап берулеріңізді сұранамын.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе Зияда Раимқызы!

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңына сәйкес зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек стажы мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады.

2014 жылдың 1 қаңтарынан жасына байланысты зейнетақыны тағайындау барысында үзілістерге қарамастан 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жыл қатарынан алынған айлық табысының орташа мөлшері есепке алынады, бірақ оның  көлемі 39 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) аспауы, яғни  72 228 теңге болатын.  

Жасыңызға байланысты зейнетақы 2014 жылдың ақпан айында 24 жыл еңбек стажыңызбен және 2008-2011 жылдары «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамында жұмыс істеген кезендегі 72 228 теңге орташа еңбекақыңыз  есепке алынып тағайындалған (нақты орташа еңбекақыңыз 115 833 теңге болған, бірақ 39 АЕК-пен шектелген).

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі (әйелдерде 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде жиырма жыл еңбек стажы болу керек), бірақ ол зейнетақының есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайыздан аспауға тиіс.

Сіздің жағдайыңызда еңбек стажыңыздың коэффициенті 0,64 пайыз құрайды (20 жыл еңбек стажыңыз үшін– 60 пайыз, 4 жыл жұмыс iстеген үшін – 4 пайыз).

Сонымен,  тағайындалған зейнетақыңыздың мөлшелері 46 226 теңгені (72 228 теңге*0,64 пайыз) құрайды және қолданыстағы заң нормаларына сәйкес есептелген.

  Осы жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдері мөлшерінің арттырылуы жөнінде толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша әлеуметтік қорғау мекемелеріне жолығуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

Сәлеметсіз бе! Менің осы сұрағыма нақты жауап беруіңізді сұраймын. Жұмыс істемейтін 60 жастағы ер адам зейнеткерлікке төмен зейнетақы мөлшерін алмау үшін, қазірден өз зейнетақы шотына ақша салып отыруына болады ма? Жеке тұлға ретінде? 

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

            Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамыздандыру  2013 жылғы 21 маусымдағы  № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі. Осыған орай Заңның 11 бап 1 тармағына сәйкес, зейнетақы төлемдері еркектерге 63 жасқа жету бойынша 1998 жылғы 1 ќаңтарда кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады (төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады). Зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың зейнетақы есебі үшін тапсырған табыс мөлшері және еңбек стажына байланысты тағайындалады.

Заңның 15 бабына сәйкес Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық табыстың 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi.

Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн талап етілетін еңбек өтілінен артық жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 пайызға арттырылады, бiрақ ол зейнетақы төлемдерін есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан аспайды.

16 баптағы көрсетілген Заңнамаға сәйкес Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.

Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 39 еселенген мөлшерінен аспайды.

         Заңның 27 бабына сәйкес салымшы – жеке тұлғалар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан кезде өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналарын өзінің табысы есебiнен енгiзедi.

          Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға құқылы.

           Жеке және заңды тұлғалар алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары болуы мүмкiн.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

            Есептеу кезiнде төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн ерiктi зейнетақы жарналары есепке алынбайды.

 

орын. А.Баймағанбетова

     Эксперт ГЦВП

Сұрақтың нөмірі: 303827
18 наурыз, 2014 - 11:04 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? 

Мен Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі тұрғынымын. Мен 2013 жылы колледж бітіргенмін. Қазіргі уақытта жұмыс жасаймын.

Осы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы жеке кәсіп ашуға көмек (ақшалай 3 000 000 тг) береді екен. Жеке кәсіппен айналыскым келеді. Жастарға қолдау көп коой. 

енді сұрайын дегенім, мен жұмыс жасап жүрсемде, маған сондай кәсіп ашуға осы бағдарламамен қолдау көрсете алама?? әлде бағдарламаға жұмыссыздар ғана кіре ма? 

 

осыны жақсы түсіндірсеңіз деймін.

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Еңбек құқығы және жұмыспен қамту мәселелері» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

 

Сұрақтың нөмірі: 303299
3 наурыз, 2014 - 17:33 өзгертілді

 

Мен 1960 жылы туылдым. 1978 жылы орта мектепті бітіріп,сол жылы Мед училищеге түстім. 1980 жылы 10 шілдеде тамандап Облыстық Туб Диспансеріне медсестра ретінде қабылдандым. Бүгінгі таңда 21желтоқсан айында 2013 жыл 53 жаска толғанда 20 жылдық стаж жетпейді деп №2 жәрдем ақыны ала алмай отырмын.Қазіргі таңда еңбек стажым 33 жылдан асады.Ерекше зиянды жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдем ақы біздер ала алмаймыз ба?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әйелдер – 53 жасқа толғанда және стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылы ҚР Үкіметі бекітетін № 2 тізімі бойынша өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стажы болса, мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындалады (Негізі: Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі № 414-I Заңы ).

Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

Сондықтан, егер Сіздің еңбек стажыңыз 1 қаңтар 1998 жылға дейін 20 жылға  жетпесе, аталған жәрдемақыны тағайындауға құқықтық негіз жоқ екенін хабарлаймыз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орын: Ергеш Е.    

Сәлеметсіз бе!

Сізге қояр сұрағым: Аудандық туб.болницада сантехник болып жұмыс істейтін, қазіргі жасы 58 - дегі ер адам, ҚР Еңбек заңы бойынша қандай жеңілдіктер мен ерте зейнетке шыға алады және қазіргі кезде қандай да бір  жеңілдіктермен қамтылған?

Жауап күтемін...

Жауап: 

1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды және ауыр өндірістерде еңбек стажы бар азаматтарға әлеуметтік қорғау мақсатында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 1 және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап №2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау көзделген (негіздеме: «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы).

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметі аталған жәрдемақыға азаматтардың құқығын  анықтайтын арнайы Тізім бекітілген (негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы №1930 қаулысы).

Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін ұйымның жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын, арнайы нысандағы анықтамасы тапсырылады.
         Осыған орай, аталған жәрдемақыға құқыңызды анықтау үшін қолыңыздағы құжаттарыңызбен тұрғылықты мекен-жайыңыздағы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне немесе Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласуыңызға кеңес береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орын: Ергеш Е.      

Сұрақтың нөмірі: 303126
27 ақпан, 2014 - 10:33 өзгертілді

Сәлеметсіздерме, мен телеарнадан зейнетақы тағайындалуы жөнінде хабарлама тыңдап едім, маган түсініксіздеу болды.Онда енбек өтілі 40жыл болса,айлық көрсеткіші 200000нан асса 54000 зейнет ақы тағайындалады деген. Бұл жалпы еңбек өтілі ме? әлде 1998жылға дейінгі еңбек өтілі ме?. Егер 1998жылға дейінгі еңбек өтілі болса,мен 8 жасымнан жұмыс жасауым керекпе?.Мен 1968жылдан жұмыс жасаймын. Аты жөнім Қадыров Айтқали.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы төлемінің мөлшеріне әсер ететін  негізгі  өлшемдері болып  1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажы және зейнетақы  есептелетін 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап  кез келген 3 жылдың  орташа айлық табысы болып табылады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін  толық көлемінде тағайындау 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек стажы ер азаматтарға 25 жыл болған  жағдайда (жасы 63-ке толғанда) көзделген.

Зейнетақы мөлшерін есептеуде Заңмен талап етілген 25 жыл еңбек стаж 60 пайызды құрайды, ал толық  еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан  аспауға тиіс.

Яғни, Cіздің еңбек стажыңыз 28 жыл 11 айды құрап, ол 63 пайызға тең. Ал,  орташа еңбекақыңыз (2010-2013 үш жылдан есептелген) 2013 жылы  39 айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі-АЕК) шектеліп (1731 тг * 39 АЕК = 67509 тг.), сол  шыққан 63 пайызға көбейткенде 42 531 теңге көлеміндегі зейнетақыңыз дұрыс тағайындалғанын ескертеміз.

Сіз айтып отырған 54000 теңге мөлшеріндегі ең жоғары зейнетақы биыл зейнеткерлікке шығатын азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек стажы ең жоғары көрсеткіште болса (әйелдер үшін ол 35 жыл, ерлер үшін - 40 жыл болса) және  ол үшін  жалақысы  жоғары  болса  ғана  мүмкін.

Аталған Заңда зейнетақымен қамсыздандыру құқығы барлық азаматтарға бірдей белгіленген.

Азаматтардың зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тапсырған айлық табыстары мен еңбек стажы әр түрлі болады, соның салдарынан зейнетақылардың мөлшері бірдей болуы мүмкін емес.

Бұдан былай, зейнетақыңыз жөнінде тағы да сұрақтарыңыз туындаса, мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі  зейнетақы төлеу орталығына хабарласуыңызға  болады.

 

 

 

 

 

 

Орын. А.Байсабырова

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 303046
4 наурыз, 2014 - 16:54 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші