check

You are here

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

2018 жылдан бастап төрт балалы отбасы көп балалы деп есептелмей, оларға ай сайынғы төленетін жәрдемақыны негізсіз қысқартып тастады.

Олай дейтінім, Республикамызда 2018 жылға дейін төрт бала туған аналарға ай сайын жәрдемақы беріліп келді. Ал 2018 жылдан бастап төртінші баласын босанған әйелдерге бұл тағайындалмайтын болды. Бүгінгі күні көпшілікті алаңдатқан мәселе және осының салдарынан халықтың мазасын кетіріп отыр. Өйткені көптің көкейінде төрт бала енді көп балалы отбасы емес деген түсінік қалыптасты. 

Жауап: 

Құрметті Зарина Нурбековна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстанда, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Заңына сәйкес, көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы.
Сонымен қатар, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасына ай сайынғы берілетін жәрдемақы енді тағайындалмайды, өйткені осы санаттағы аз қамтылған отбасылар үшін атаулы көмектің жаңа форматы бойынша жүргізіледі.
Ағымдағы жылғы 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өткенін хабарлаймыз. Аталған съезде әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары атап өтілді, олар халықтың аз қамтылған санатының табысын арттыру мен оларды қолдауды, білім беру және денсаулық сақтау саласын дамытуды көздейді.
Көп балалы аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі ұсынылды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталады. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төленетін болады.
Сондай-ақ, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, есепке қою мәселелері және тұрғын үй алудың артықшылықтары жергілікті атқарушы органдар қарауында орналасқан. Осы Заңның 68-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, соның ішінде, көп балалы отбасыларға пайдалануға беріледі.
Осы Заң 118-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бірінші кезекте есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаж, соның ішінде көп балалы отбасыларға беріледі.
Қазіргі уақытта қосымша мынадай мәселелер пысықталуда:
- ірі компаниялар мен кәсіпкерлер есебінен аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін пәтерлер бөлу;
- жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру (ЖТҚ);
- көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйге бастапқы жарнаны субсидиялау;
- көп балалы отбасылар қатарынан аз қамтылған отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй бөлу.

Менің арыз беру себебім, 2018 жылдың 29 маусымында жасым 58-ге толдым. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес 2018 жылдың 29 желтоқсанында 58,5 жасқа толдым. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты зейнеткерлікке шығу жасы 2019 жылы 1 қаңтардан бастап 59 жас деп белгіленген. Менің зейнеткерлікке шығу жасым жылдың соңғы жұмыс күніне келді.

Жауап: 

Құрметті Асия Сайлауовна, сәлеметсіз бе!

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініш Мемлекеттік корпорациясы арқылы қабылданады.
Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен құжаттар зейнетақы жасына толғанға дейін 10 күн қалғанда қабылданады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларының 20 тармағына сәйкес алдын ала, құжаттарды тапсырғанға дейін, Мемлекеттік корпорация консультанттары өтініш берушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қызметтерді көрсету талаптарымен таныстырады, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмек көрсетеді және өтініштердің бланкілін дұрыс толтырылуын тексереді.
Азаматтың жеке түрде арыздануға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол сенімхат арқылы басқа тұлғаларды арыздануға уәкілетті етеді.
Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы (бұдан әрі - Заң) 2-тармағы 18 бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
Қолданыстағы заңнама негізінде әйелдерге 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдері 59 жасқа толғанда тағайындалады (Заңның 11 бабы).
Осыған орай, зейнетақы төлемдерін тағайындауға уақытында Сізден өтініш түспеуіне байланысты, зейнетақы төлемдері 59 жасқа толғанда тағайындалады.

Сұрақтың нөмірі: 358025
24 қаңтар, 2019 - 18:57 өзгертілді

Мен 1999-2011 жылдары Алматы қаласында тіркелген шетелдік команияда жұмыс істедім. Қазір ол комания жойылған. Жұмыс істегенім туралы мәдімет еңбек кітапшамда жазылған, бірақ зейнетақы төлемдері төленбеген, себебі ол кезде зейнетақы төлемдерін жасауға шетелдік компаниялар ерікті болды. Зейнетке шығуыма сол жылдардағы еңбек стажым есептелмей отыр. Қазір кезінде төленбеген зейнетақы төлемдерін жеке тұлға ретінде төлеп, 3 жылғы еңбек стажымды қайта есептетуге бола ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!
1998 жылғы қаңтардан бастап республикамызда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді.
1998 жылдан бастап зейнетақы реформасын жүргізумен байланысты бұрынғы Зейнетақы қорының - Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасу және пайдалану тәртібі өзгерді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге байланысты барлық жұмыс істейтіндерге міндетті зейнетақы жарналарын аударуды көздейтін әр жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) ашылған қызметкердің жеке зейнетақы шотына қызметкердің ай сайынғы табысынан 10 % мөлшерінде МЗЖ жүйелі түрде аударып тұруға міндетті.
Заң нормаларына сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшерін есептеу еңбек өтілі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке алынады) мен 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, зейнеткерлік жасқа толғаннан дейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте орташа айлық табыстың мөлшері БЖЗҚ-на 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылған міндетті зейнетақы жарналарына сәйкес белгіленеді.
Бұдан басқа, азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалады.
2018 жылғы 1 шілдесінен бастап азаматтардың базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленуінің нақты өтілі) белгілеу арқылы өзгертілетінін хабарлаймыз.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болатын болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 %-ы мөлшерінде белгіленеді, одан кейінгі әрбір 1 жыл сайын оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылады, қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болса, 100% ең төмен күнкөріс деңгейіне тең болады.
Заңның 24-бабы 8-тармағына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін міндетті зейнетақы жарналарын толық немесе уақтылы аудармаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс берушінің аудару мерзімін растайтын сот шешімін ұсынуға кеңес береміз.

Маған 12 .12. 2018 жылы кезекті қайта куәләндіру нәтижесінде ІІІ топ мүгедегі (еңбек жарақаты) және кәсіптік еңбек етуін жоғалтуы 55 пайыз болып белгіленді.Сұрақ; осы жағдайымда еңбекке орналаса аламын ба? Егер жұмыс істесем маған берілетін әлеуметтік төлемдер мен сақтандыру компаниясынан кәсіптік еңбек етуін жоғалтуына байланысты төленетін төлем тоқтатылады ма?

Жауап: 

Құрметті Мейрам Құандықұлы!

Сіз медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жолығуыңыз қажет.
Егер жұмысқа орналасқан жағдайда, Сізге мүгедектігі бойынша төленетін кепілдендірілген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер тоқтатылмай төленеді.

Сұрақтың нөмірі: 353454
26 желтоқсан, 2018 - 10:29 өзгертілді

         Сәлеметсізбе!

 Мен, Адилбеков Серікбай Текбаевич,1962ж.т. 2015жылы Жүрегімнен инфаркт алдым. Жүректегі үш қан тамырымда 99% бітеліп тұр екен.Екі жүрек тамырыма  (АКШ) операция жасалды, бір тамырыма СТЕНД қойды. Мемілекет пен медицина осы жағдайымды ескеріп, әділеттілікпен ii -группаға тағайындап бекітті. Қазіргі жағдайым мәз емес, жасанды жүрек тамырларым 99% бітеліп тұр, көп жүруге, отыруға жағдайым келмейді.2015 -2016жж денсаулығыма байланысты тиселі 2группа инвалидность белгіленді. Ауыруым сол өзгермеген болсада 2017жылы негізсіз ііі -группаға ауыстырып жіберді, Мен 

Жауап: 

Құрметті Серікбай Текбаевич!
           Сіздің сұрағыңызды  қарап,  келесіні хабарлаймыз.
   Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауруға байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, диагнозы белгіленген сәттен бастап медициналық ұйымның жіберген жолдамасы (үлгі-088-у) болған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде  қарастырылады (негіз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қантардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидасы).   
 Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның дәрігерлік  консультациялық комиссияның  төрағасы қамтамасыз етеді.
Енбек, әлеуметтік қорғау және қоші-қон комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес 2015 -2017 жыл аралығында Сізге екінші топ мүгедектігі белгіленген. Ал, 2017 жылдың 7 желтоқсан айында, қайта куәландыру барысында медициналық ұйымның ұсынылған құжаттарының негізінде, Сізге үшінші топ мүгедектігі бір жыл мерзіміне белгіленгені анықталды.
           Сонымен қатар,  ағымдағы жылдың желтоқсан айында Сіз медициналық ұйымының 088-у жолдамасы болған кезде,  МӘС бөлімінде куәландырудан өтіп, организмнің  жай-күйі мен  тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі бойынша шешім  шығаратындығын хабарлаймыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 353226
6 желтоқсан, 2018 - 19:38 өзгертілді

Саламатсыздарма, 1 сурак: бала санына байланысты (53 жас) зейнеткерликке шыккан айел кызметкер зейнет жасына жеткенше (58 жас) өз қалауымен басшылықтын руксатынсыз жумыс истеуге кукылы ма?

Жауап: 

Құрметті, Жадыра Назарбекызы!
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодекстің  53-бабының  9-тармағы  бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының  1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.

 

Сұрақтың нөмірі: 353184
8 желтоқсан, 2018 - 18:57 өзгертілді

Саламатсыздар ма! Мен Әбдішәкір Икрамхан Өмірзақұлы 1981 жылы туылғанмын. Шымкент қаласының тұрғынымын. 2011 жылдан бері науқасыма байланысты 2-топ мүгедегімін. Жыл сайын қайта сараптамадан өтудемін. Қабылдап жүрген ем шара әрекеттерден тиісті нәтиже жоқ. Келесі қайта сараптамадан өту мерзімі 2018 жылғы қазан айына жоспарланған. осынған байланысты менің қазан айында болатын қайта сараптамадан өту кезінде  мүгедектікке мерзімсіз уақытқа шығаруға мүмкіншілік бар ма? 

Жауап: 

Құрметті Икрамхан Өмірзақұлы!

 

 

        Сіздің хатыңызды мұқият қарап, төмендегіні хабарлаймыз.

        Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:

1) қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;

2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде белгіленеді.

        Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорының мәліметі бойынша Сізге 2011 – 2012 жылдар аралығында үшінші топ, 2012-2018 жылдар аралығында екінші топ мүгедектігі белгіленген.

        Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, екінші топ мүгедектігін қайта куәландыру мерзімінсіз белгілеу мәселесі кезекті куәландыру барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылады.

 

Сұрақтың нөмірі: 351940
5 қазан, 2018 - 09:39 өзгертілді

Сәлеметсіз бе!

Жауап: 

Рабига Ордабайқызы!
Сіздің әкеңіздің (Тұяқбаев О.) зейнеткерлік іс-қағазыңыздағы құжаттары зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс тағайындалуына және төленуіне байланысты толық тексерілді.
Аз. О. Тұяқбаевқа қолданыстағы зейнетақы заңнамаларына сәйкес зейнетақы 2005 жылдың наурызында жасына байланысты зейнетақы тағайындалған.
Қазіргі уақытта еңбек өтілі қайта қаралып, жалпы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 38 жыл 5 ай 5 күн құрап, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап О. Туяқбаевтың жалпы зейнетақы төлемдерінің мөлшері 63 386 теңгені (жасына байланысты зейнетақы – 35 102 теңге, базалық зейнетақы - 28 284 теңге (ең төменгі күн көріс деңгейінің 100%) құрады және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дұрыс тағайындалды.

Сұрақтың нөмірі: 351198
23 тамыз, 2018 - 16:32 өзгертілді

Мен Сахарбаев Еркебұлан Әлімжанұлы Атырау қаласының тұрғыны баланың туылуына байланысты және күтімі үшін жәрдемақы тағайындауға құжаттарды тапсырдым! Кейін маған баланың туылуыны байланысты жәрдемақы тағайындалғаны туарысында хат келді, бірақ бір жылдық күтімі үшін жәрдемақы әлі күнге дейін тағайындалмады! Менім әйеліме төлем орталығынан қоңырау шалынып, осы жәрдемақы алу үшін сіздің күйеуіңіз 1 жыл декретте отыру керек  деді, осы қанашалықты шындыққа жарасады! Жәнеде заңмен бекітілген бе? Бұл іс заңсыз емес па?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Еркебұлан Әлімжанович!

Әлеуметтік қорғау саласы бойынша, отбасында бала туылған жағдайда төлемдер Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен (екі негізден) қарастырылған.
Осыған орай, екінші балаңыз туылғанда республикалық бюджет есебінен Сізге 91 390 тенге мөлшерінде бала тууына байланысты бiржолғы мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалған.
Сонымен қатар, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыс атқаратын азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушы болғандықтан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы әлеуметтiк төлемі (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) тағайындалады.
Бұл ретте, әлеуметтiк төлемді тағайындау үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның (әлеуметтiк қатердің) басталуы негіз болып табылады.
Әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) болып табылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тапсырылған құжаттарыңыз туралы толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Қорға жолығуды ұсынамыз.

Саламатсызба! 

Менім  әкем Сартаев Жаңабай  1977 жылдан бастап  2009  жылдар аралыгында Шалқар локомотив жөндеу депосы мекемесинде аккумуляторный цехта 32 жыл  жұмыс жасады 2009 жылдан күзет қызметине ауысты  жумыс орнынын зияндылығына  байланысты зейнеткерлікке шығуда жеңілдіктер қарастырыладыма ?

Жауап: 

Құрметті Тәңірберген!
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық кіріс негiзге ала отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық кірістің мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кіріске сәйкес белгiленедi.
Заңның 14 бабына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады. Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.
Бұған қоса, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде азаматтарға мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындалады.
2018 жылғы 1 шілдесінен бастап азаматтардың базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі оның мөлшерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленуінің нақты өтілі) белгілеу арқылы өзгертілетінін хабарлаймыз.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болатын болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 %-ы мөлшерінде белгіленеді, одан кейінгі әрбір 1 жыл сайын оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылып, қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болса, 100 % ең төмен күнкөріс деңгейіне тең болады (2018 жылғы қаңтардан бастап ең төмен күнкөрістің мөлшері 28 284 теңге құрайды).
Сіздің әкеңізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға шағымдануға болады немесе 1414 (1411) нөміріне ақысыз ақпарат пен кеңес беру орталығына хабарласыңыз.

Сұрақтың нөмірі: 350002
15 маусым, 2018 - 10:24 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші