check

You are here

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірі Т.Дүйсеноваға                                  Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Садовая көшесі №65 үйдің тұрғыны Ғ.Жеңісбекұлынан  тел: +77011763146

Жауап: 

Құрметті Галымжан Женисбекович!

Егер Сіз әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметке орналысқыныз келсе «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы                          23 шілдедегі N 453 Заңына сәйкес конкурсқа қатыса аласыз.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта, Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мәліметі бойынша деректер қорында, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-на және «Led System Media» ЖШС-не бағдарламашы мамандығы бойынша бос жұмыс орындары бар. Аталған мекемеге жолдама алу үшін және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысу сұрақтары бойынша Е. Брусиловский көшесі, 17/3 үй мекенжайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-не келуіңіз қажет.

орындаған: Жапалбаева А.М

Сұрақтың нөмірі: 317532
30 желтоқсан, 2014 - 16:17 өзгертілді

Сферы деятельности

 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне құқығы бар.

Сонымен бірге, әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.

 

Сәлеметсізбе! Қоғамдық жұмыс түрлеріне бақташы қызметі (мал бағушы) жатама? Қандай Заңнамаға және бапқа сәйкес жататындығын немес жатпайтындығын анықтап беруіңізді сұраймын? 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!  "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар жергілікті бюджеттердің және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.

Сонымен бірге, қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
      1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
      2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
      3) толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкiндiгi;
      4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдалы;
      5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк берiледi.

Сұрақтың нөмірі: 316563
31 желтоқсан, 2014 - 13:02 өзгертілді

Саламатсыздарма!

Мен Астана каласында Мемлекеттiк кызметте немесе Улттык компанияда жумыс iстегiм келедi, сол ушiн кай комитетке, кай органга баруым кажет?кандай кужаттарым болуы керек?

Рахмет

Жауап: 

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметке орналасу ушін kyzmet.kz сайтынан бос лауазымдардын тізімін қарай аласыз. Сонымен қатар, жұмысқа орналасу мақсатында Астана қаласының жұмыспен қамту орталығына барыңыз.

Сұрақтың нөмірі: 315193
5 қараша, 2014 - 10:38 өзгертілді

Саламатсыздар маІ Мен жаңадан кадрлар жөнінде маман болып қызметке орналасқанмын.Менің сұрағым, "Тоңазытқыш қондырғыларының машинисі", "Аппаратура жөндеу және қызмет көрсету радиомеханигі" мамандығы бойынша білім беретін қандай оқу орындары бар және осы мамандықтарды оқыту үшін мамандар таңдау үшін біліктілік анықтамалығын қайдан қарау керек?

Жауап: 

 

Саламтсыз ба? Сіз қойып отырған сауалыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құзыретіне жатпағандықтан, өз өтінішіңізді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі блог-тұғырнамасына келесі мекенжай бойынша жолдауыңызды сұраймыз 

 

 

Орынд. М.К. Кабулов

Тел. 743329

 

 

Сұрақтың нөмірі: 313203
12 қыркүйек, 2014 - 10:17 өзгертілді
Жауап: 

Cәлеметсіз бе? Егер сіздің сауалыңыз жеке жұмыспен қамту агенттігін ашу бойынша болса, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

Бұл ретте, жеке (дара) кәсіпкерлік мәселесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатпайды.

Жеке тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуді салық органдары (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес), заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді әділет органдары (Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес) жүзеге асырады.

Осыған байланысты кәсіпкерлік ашу мәселесі бойынша құзыретті органдарға жүгінуге кеңес береміз.

промо га байланысты киммен байланыса алам?кимге жолыгам?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе? Егер сіздің сауалыңыз жеке жұмыспен қамту агенттігін ашу бойынша болса, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

Бұл ретте, жеке (дара) кәсіпкерлік мәселесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатпайды.

Жеке тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуді салық органдары (Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес), заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді әділет органдары (Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес) жүзеге асырады.

Осыған байланысты кәсіпкерлік ашу мәселесі бойынша құзыретті органдарға жүгінуге кеңес береміз.

Сұрақтың нөмірі: 309964
1 тамыз, 2014 - 15:48 өзгертілді

мен мектепті ДЭЕМ операторы болып жұмыс жасаймын. мамандығым кәсіптік білім беру (есептеу машинасының техник электронщигі). биология кабинетнің зертханашысына ауысқым келеді, аталған мамандықпен зертханашы болып істеуге болама? 

Жауап: 

       Сізге сауалыңызды  осы сайттың «Еңбек құқығы сұрақтары»  әдіснамасы арнасына жолдау қажет.

Сұрақтың нөмірі: 307357
14 мамыр, 2014 - 10:27 өзгертілді

қазыр 52жастамын және жұмыссызбын,ешбір мекеме жұмысқа алмайды,жұмыссыздар қатарында есепте жоқпын,ауыр жұмыстарды істей алмаймын,коречкалар бар көрсетем,жасың келмейді деп алмайды не істеуге болады?

Жауап: 

       Саламатсыз ба.

        Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 7- бабына сәйкес ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.

           Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруына тыйым салынады.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            5 бабына сәйкес мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді. 

Осыған байланысты, Сізге мамандық бойынша жұмысқа орналасуға жәрдем көрсететін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет.

Сонымен қатар жұмысқа орналастыру мақсатында Сіз сол тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру арқылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуыңызға болады.

         Мамандығыңыз бойынша тиісті жұмысты ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган Сізді әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберуі мүмкін.

         Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында (мекенжайы: www.enbek.gov.kz) Сіз жұмыс берушілердің деректерінің негізінде уәкілетті орган ұсынған өңірдің еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарымен таныса аласыз, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіптер (қызметтер) тізбесінен өз мамандығыңыз бойынша жұмыс таңдай аласыз.

        Орын. Жапалбаева А.М. - Жұмыспен қамту департаменті

Сұрақтың нөмірі: 306332
26 мамыр, 2014 - 18:08 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші