You are here

Бірнеше айдан соң Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету жүйесі түбегейлі өзгермек. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жәрдемақының орнына, мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек көлемін кеңейту көзделген, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты (АӘК) кәдеге жарайтын болады.

«Егер солтүстік облыстың жұмыс берушісі кемінде оңтүстіктен 3 жылға 5 адамға жұмыс беріп, бар жағдайын жасайтын болса, арнайы келісімшартқа қол қойып, әр маманға 1 миллион теңгеден беру мәселесін қарастырып жатырмыз». Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов газетімізге берген сұхбатында осындай маңызды жағымды жаңалықты жеткізді. Оның айтуынша, 2018-2022 жылдар аралығында еліміздегі көші-қон саласы бір жүйеге келіп, көптеген оң нәтижелі жұмыс атқарылады.

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 42,1 млрд теңге қарастырылса, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларға 0,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 505,3 мың адамды құраса, асыраушысынан айырылған жағдайда 171,5 мың адамды, жасына қарай 3,3 мың адамды байқатуда.

2017 жылдың ақпан айында жергілікті атқарушы органдар 476 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 2063 рұқсат беріп, олар 436,9 млн теңге көлемінде салық төлемін жасады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған рұқсаттама құжаттарды тікелей жергілікті атқарушы органдардан немесе «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезесінен» алуға болады.

1 мамырдан бастап шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін пилоттық режимде адамдар орындарында оқып, кәсіп алуына арналған мобильді оқыту курстары ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қазақстанда нысандарды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі жөнінде төлқұжаттандырудан өткізеді.Бұл туралы, бүгінгі брифинг барысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.

С.Жақыпова айтып өткендей,  Қазақстанда мүгедектер жиі баратын 36 мың 200 нысан бар. Жергілікті атқарушы органдар, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі жөнінде, 28 мың 205 нысанды төлқұжаттандырудан өткізуді көздеген еді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес Қазақстанда 106,5 мың (жылына 21,3 мың) адам, Батыс Қазақстан облысында 4 мың (жыл сайын 800) адам кәсіптік даярлықпен қамтылмақ. Бұл туралы Оралда өткізілген кеңесте ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Бақытжан Биекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қанша жерден қатаң ескертсе де, Қарасай ауданының перзентханасының үстінен шағымданушылар азаяр емес. Арнамыздан көмек сұрап келген Жұлдыз Мамутова аман-есен босанған сәбиінің шетінеуіне педиатрларды айыптап отыр. Ал аурухана басшылығы тексерістің қорытындысы шықпай, ешбір дәрігерді кінәлай алмаймыз дейді.

Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында 9 жүкті әйел лифт ішіне қамалып қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі алматылық Маржан Амановаға сілтеме жасап. Оның айтуынша, әйелдер шамамен 20 минут бойы лифт ішінде байбалам салған.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші