You are here

Дүйсенова Тамара Босымбекқызы

Дүйсенова Тамара Қасымқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

1965 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысында туған, ұлты – қазақ, жоғары білімді, 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1988 - 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді; 1992-1993 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999- 2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице – министрі; 2006 – 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 - 2013  жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2013 жылғы 10 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а., 27 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, 2014 жылғы 6 тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, 2017 жылғы 25 қаңтардан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Құрманғалиева Аида Дәденқызы

Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

1970 жылғы 30 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1993 - 1997 жылдары ҚР  Қаржы министрлігінің экономисі. 1997 – 2002 жылдары ҚР  Қаржы министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді.  2002 – 2009 жылдары ҚР  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау және әлеуметтік саланы дамыту департаменттерінің директоры.  2009 -2013 жылдары  ҚР  Денсаулық сақтау вице-министрі. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап 2014 жылғы тамызға дейін – ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2017 жылғы ақпаннан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. Дьюк Университетінде (АҚШ) және Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) оқыды.

Қызметі үшін ҚР Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Құрмет грамотасымен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

Жақыпова Светлана Қабыкенқызы

Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі

С.Қ. Жақыпова, 1968 жылы Қарағанды қаласында туды. 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады. 1984 – 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді; 1986 – 1991 жылдары – Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтының студенті; 1991 – 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып; 1997 – 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы; 1998 – 2001 жылдары  «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің  бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары; 2001 – 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры; 2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры; 2011 – 2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы  болып қызмет атқарды. 2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  вице-министрі болып тағайындалды. 2017 жылғы ақпаннан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы

Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі

Нұрымбетов Б.Б. 1968 жылы Жамбыл облысы Луговой (Т.Рысқұлов) ауданының Абай ауылында туылған, қазақ, білімі жоғары. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «механика және қолданбалы математика» мамандығы, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. ҚСРО әскери күштері қатарында қызмет өтті (1986-1988).

Университетті бітіргеннен кейін Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы (1993-1996); Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (1996); Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі (1997); «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМКК Жамбыл облысы бойынша бөлімшесінің директоры (1997-2008); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (2008-2009); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2009-2012); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2012-2015) қызметтерін атқарған. 2015 жылғы 01 маусымнан бастап Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалған. 2017 жылғы наурыздан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, «Құрмет» орденімен (2013) марапатталған.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші