You are here

"Әлеуметтік көмек" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Мектепте мұғалімдік қызметте істеп жүріп, денсаулығыма байланысты 2017 жылдың тамыз айында І топтағы мүгедектік алып жұмыстан босадым. 2017 жылдың Сәуір айынан бастап тамыз айына дейін больничныйда болдым. Еңбек демалысына (отпускіге) больничный біткен соң шығасың деді директор. Сол кезде леч пасобия төлейміз деді. Енді мүгінгі таңда сылтаулар айтып төленбейді дейді, бұл қаншалықты шындық. Мен қызмет еткен соңғы оқу жылыма леч пасобия алуым керек деп ойлаймын.

Дұрыс және бұрысын айтып бере аласыздар ма?

Жауап: 

Құрметті Ержан Сайлаубекович!

     ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

     Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

     Осыған орай Сіз жұмыстан босатылмай тұрып, еңбек демалысын алған жағдайда аталған жәрдемақы төленуі тиіс болатын, бірақ Сіз еңбек демалысына шықпай, бірден жұмыстан босатылған болсаңыз, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына шыққанда төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақыңыз күйіп кетеді.

     Ақпарат ретінде хабарлаймыз: Кодекстің 96-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Сұрақтың нөмірі: 347072
17 қараша, 2017 - 19:35 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

«Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызметкөрсету орталығы» КММ әкімшілігі Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының 7 тарау, 51 тармағына сай іс-әрекетке қабілетті және іс-әрекертке қабілетсіз қызмет алушыларды туысқандарының өтініші бойынша 1 айдан 3 айға дейін мекеме дәрігерінің қорытындысмен үйге демалысқа жіберіледі және мекеме басшысының бұйрығымен уақытша барлық түрдегі қамқорлықтан шығарылады.

Жауап: 

Құрметті Ақсамал Нұрланқызы!

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызмет алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта оралады(негіз: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы).

Осы орайда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде стационар жағдайларында қызмет алушылар туысқандарының өтініші бойынша белгілі бір мерзімге үйіне демалысқа жіберілген кезде оларды күтіп-бағушы туыстарына жәрдемақыларын беру заң негізінде қарастырылмаған.

Сұрақтың нөмірі: 346750
1 қараша, 2017 - 18:04 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба. Менің есімім Рахымжан Әліби Жайдарұлы. Менің 1925 жылы туылған Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер Мамралиев Рахымжан атам бар . Ол кісі қазыр Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылында (Тараз қаласынан 25 км қашықтықта)  тұрады. Енді үлкен кісі болған соң жан жақты жиындарға шақырулар көп түседі. Ауырып қалған кезінде қалаға ауруханаға жетуіміз қиын. Жолға шығу күннен күнге қиындық туғызуда.

Жауап: 

Құрметті Әліби Жайдарұлы!

Сіздің Ұлы Отан соғысының ардагері атаңызға қатысты көтеріп отырған сұрақтарыңыз жергілікті әкімдіктер тарапынан жүргізілетіндіктен, Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) сұраныс хат жолданған болатын.

Басқарманың мәліметі бойынша автокөлік сатып алуға жергілікті бюджетте арнайы бағдарламаның жоқ болуына байланысты қаражат қарастырылмаған. Алайда, аудандағы «Нұр-Перизат» қоғамдық бірлестігі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қажетті әлеуметтік мекемелерге тасымалдау үшін инватакси қызметін көрсетуге өз келісімін берді.

Сонымен бірге, әр өңірде жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай жеке санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсете алады. Аталған көмекті көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеуді жергілікті жердің атқарушы органдары айқындайды.

Осыған байланысты Сіздің атаңызға ай сайын 80 кВт электр қуатына жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ, атаңыздың тұрып жатқан баспанасының шатырын жөндеуге Басқарма тарапынан демеушілерден көмек сұралған хат жолданған.

 

Сұрақтың нөмірі: 346477
20 қазан, 2017 - 17:47 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба! Мен анамның денсаулығы бойынша жазып отырмын. Ол кісі көп балалы ана (5 ұл, 1 қыз), зейнеткер. ОҚО, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылында тұрады. Анамнан М2 төс обырын анықтап отыр. Алматы қаласындағы онкология институтында диагностикадан өтуге, емдеуге қандай жеңілдіктер беріледі? Ол үшін істеуіміз қажет? Қазақстанда ракты емдеу тегін жүргізіледі деп естіген едім. Осы рас па?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің сайтқа сұрақ қоюыңыз қажет (mz.gov.kz).

Сұрақтың нөмірі: 344727
8 маусым, 2017 - 10:31 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қызым Іргебаева Бақтыгүл 17.07.1993 жылы туылғалы бері науқастығына байланысты Близорукость высокой степени с детства, отслойка сетьчатки обеих глаз диагнозымен есепте тұрады. Қазіргі уақытта І топ мүгедегі. Яғни екі көзі бірдей көрмейтін зағип жандар қатарында. Қызым екі балалы жалғыз басты ана.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

Сіздің өтінішіңізді жан жақты қарап, келесіні  хабарлаймыз.

Қазіргі таңда  Сіздің қызыңыз Бақытгүлге бірінші топ мүгедегі белгіленіп, оңалтудын жеке бағдарламасымен тифлотрость, плейер берілген. Сонымен қатар,   жеке көмекшінің қызметтері көрсетіледі.

 Сонымен қатар, мүгедектерге әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген (негізі: «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  органдар  туралы» Қазақстан  Республикасының   Заңы).

Облыс, қала және аудан  әкімдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен өз  құзыреті  шегінде азаматтардың  жекелеген  санаттарына мүгедектерге материалдық және  әлеуметтік  көмек  көрсетуге құқылы.

Тұрғын ұй мәселесі бойынша жергілікті әкімшілікке өтініш беруіңіз қажет. 

Осыған орай, жергілікті органдарға тікелей кеңес алуға мұмкіндік бар екенін хабарлаймыз.

 

орын. Сәрсембаева К.Ж.

Сұрақтың нөмірі: 344495
7 маусым, 2017 - 17:40 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Алматы қаласы

Әуезов ауданы

10-ы ыкшам ауданы ,7 а үй , 107 пәтер

Үй телефоны :8(727)3032061

Ұялы телефоны : 87018235171

E-mail : rakhimova.1960@mail.ru

 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Ляззат Исадиловна!

 

Сіздің көтеріп отырған сауалыңызды мұқият қарап, төмендегіні хабарлаймыз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқару органдары тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғынжай бередi.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Бұл ретте, тұрғын үй беру және қосымша әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жергілікті атқарушы органдары тарапынан жүргізілетіндігін ескере отырып, Комитет тарапынан Алматы қаласының әкімдігіне Сіздің көтеріп отырған сұрақтарыңыздың шешілуіне ықпал жасау мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолданды.

Сонымен бірге, қазіргі таңда Сізге мемлекет тарапынан қолданыстағы заңнама шеңберінде әлеуметтік жәрдемақы (1 топ мүгедегі ретінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, сонымен қатар еңбек ету қабiлетiнен айрылу бойынша әлеуметтік төлем)тағайындалып, төленуде.

орын.Қалмет М. 

Сұрақтың нөмірі: 344451
30 мамыр, 2017 - 12:28 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Әлеуметтік медициналық мекемеде (әрі қарай ӘММ) арнаулы әлеуметтік қызмет алушысы, 2 топ мүгедегі "Эндопротезирование тазо-бедренных сустав" диагнозы бойынша Тараз қаласының емханасы  порталға тіркеп, жолдама бойынша ақысыз Алматы қаласының №1 ауруханасында ота жасатып келген болатын. 

Сұрақ мынадай осы ота жасатқан қызмет алушыға Тараз және Алматы қалалары арасындағы жол шығындарын кім (ӘММ немесе емхана)  төлейді?

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемі бойынша ақпараттар» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет. 

Сұрақтың нөмірі: 338709
16 тамыз, 2016 - 17:37 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

                       Здравствуйте Уважаемая Тамара Касымовна.

        К Вам обращаются пациенты, врача высшей категории Наталья Анатольевна Одарченко, физиотерапевта, при Центральной клинической больнице медицинского центра  Управления делами Президента РК  (ЦКБ УД ПРК), г. Алматы.

Жауап: 

Здравствуйте!

Представление работников системы здравоохранения к награждению осуществляется согласно постановлению Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан» (далее - Постановление), в соответствии с которым кандидатуры для награждения инициируются их руководителями, которые направляют соответствующие представления в кадровую службу центрального государственного органа.

Вместе с тем, в соответствии с Постановлением представления о награждении ведомственными наградами рассматриваются по случаю празднования государственных, профессиональных, иных праздников и юбилейных дат, по достижении выслуги лет, определенной законодательством Республики Казахстан. Представления о награждении ведомственными наградами вносятся и в исключительных случаях за иные заслуги.

В случае предоставления материалов для награждения Управлением делами Президента Республики Казахстан в соответствии с вышеуказанными Правилами, комиссией Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан по ведомственным наградам будет рассмотрено по случаю празднования профессионального праздника т.е. ко Дню медицинского работника.

исп.эксперт ДУП Майдина Н.

Сұрақтың нөмірі: 334895
16 наурыз, 2016 - 12:27 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Жалпы типтегі интернат-үйінде денсаулығына байланысты қант диабетімен ауыратын арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар бар. Осы аталған арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар арнайы №9 стол бойынша тамақтану қажет.

Алайда Қант диабетімен ауыратын арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға берілетін тамақтың түрлерімен нормалары ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы №1354 қаулысында көрсетілмеген. 

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 332570
18 қараша, 2015 - 16:29 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме, менің 18ге толмаған екі балам бар,өзім жұмыссызбын,куйеум жалдамалы жұмысшы болғандықтан жалақысы төмен, пәтер жалдап тұруға да жағдайымыз жетпейді,сондықтан өзімннің ата -анаммен тұруға мәжбүрміз. Ата-анаммен бірге тұрғандықтан маған 18жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақыны алуға ата-анамның айлық жалақысы әсер етеді ме?

Жауап: 

Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1,05 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті бюджеттердің қаражатынан азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр алуан түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметттерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүружәне тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

орын. эксперт К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 326465
17 сәуір, 2015 - 12:07 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші