You are here

"Мүгедектерді оңалту" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Қызым 2008 жылы туылды.2009жылдың 14 қыркүйегінен бастап науқастығына байланысты бала жастан мүгедектік алды. Дерттемесі: Ганглионейробластома передне верхн.средостени. 2010жылы ақпан айында ота жасалды. 6ай сайын тексеруден өтіп тұрамық. Енді 3ай сайын өтесіңдер деп отыр. Қазіргі таңдағы дерттемесі: Ганглионейробластома,энурез,касаглазие,оң жақ шаб жарығы, сол жақ шаб жарығна 2013 жылы мамыр айында ота жасаттық.Сіздерден сұрарым, мүгедектік мерзімі бітті, 5жыл өтті деп ұзартпай отыр. Осы дұрыспа?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

         Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің (бұдан әрі – МӘС) сараптамалық қорытындысы медициналық айғақтар негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесінің кешенді бағасына орай шығарылады.

        Сонымен қатар, куәландырылған адам МӘС бөлімінің сараптамалық қортындысымен келіспеген жағдайда, куәландырылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына МӘС әдіснама және бақылау бөліміне шағымдануға болады.

       Сіздің қызыңыздың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы туралы ақпараттар болмағандықтан, МӘС бөлімінің сараптамалық шешімінің дұрыстығын тексеру мүмкін болмай отыр.

       Осыған орай, Сізге толық жан-жақты ақпарат алу үшін  тұратын мекеніңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті департаментінің МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жолығуыңыз қажет.

        

ЕӘҚКҚК сарапшысы: Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 316836
24 қараша, 2014 - 18:41 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсиздерме,  бала жасына  дейінгі төленетін  жардемді  мен осы күнге жұмыс істей тұра  үкімет  бекіткен сомманы ғана алғам, жұмыс жасайтын азаматшалардың  айлық жалақысы есепке алынып  соның  пайызы  төленетінін естимеппин, біздің ауданда    құжат тапсырғанда  оны айтпайды  сол заңды  анығын білгім келеді, Жане де  қазір  естігенім  анасы жұмыс істемесе   әкесінің  атына туырлап сол кісінің  айлық  жалақысын да ескеріп  соның атынан дайындауға болад дейди, осының  қаншалықты рас екенин билгим келед, Рахмет алдын-ала

Жауап: 

«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың жәрдемақы алуға құқығы бар:

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы;               

2) бала күтiмiне берілетін жәрдемақы, егер бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiн жүзеге асыратын адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылмайтын жағдайда.

 Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және ай сайынғы бала күтіміне берілетін жәрдемақы – тиiстi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгеруi ескерiле отырып төленедi. 

Жоғарыдағы  Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде төленеді:

1) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы:

    бiрiншi, екiншi, үшiншi балаға – 31,40 айлық есептiк көрсеткiш;

    төртiншi және одан кейiнгi балаларға – 52,35 айлық есептiк көрсеткiш;

2) бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы:

    бiрiншi балаға - 5,76 айлық есептiк көрсеткiш;

    екiншi балаға - 6,81 айлық есептiк көрсеткiш;

    үшiншi балаға - 7,85 айлық есептiк көрсеткiш;

    төртiншi және одан кейiнгi балаларға - 8,90 айлық есептiк көрсеткiш;

Айлық есептiк көрсеткiш 2014 жылға 1852 теңге мөлшерінде белгіленген.

Егер бала күтiмiн жүзеге асыратын адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болып табылса, «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңының 23-2-бабына сәйкес Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

 Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде туындайды. Бұл ретте, әлеуметтік қатер – бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады.   

Сонымен қатар хабарлайтынымыз 1411 тегін бірыңғай шағын нөміріне қоңырау шалып, Сіз өзіңіз мүдделі:

• Еңбек қатынастары;

• Халықты жұмыспен қамту;

• Зейнетақымен қамсыздандыру;

• әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде кеңес ала аласыз.

Сіз, Қазақстан Республикасының барлық телефон нөмірлерінен және барлық ұялы байланыс операторларынан қоңырау шала аласыз. Қоңырау  - тегін.

 

 

 

 

 

                   Ж. Қалияқасова 

     тел.55-21-00, 10477

Сұрақтың нөмірі: 315798
5 қараша, 2014 - 10:24 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен Қызылорда қалалық № 3 емханаға қаралушы 35 апталық жүктілік жағдайдағы жас анамын. 30-31 апталық мерзімде 23 сентябрь мен 2 қазан аралығында ерте босану қауіптілігі бар деген диагноз бойынша жолдамамен Қалалық перзентқананың  босанғанға дейінгі  бөлімінде 10 күн жатқан болатынмын. Бүгінгі таңда , яғни 2014 жылдың 15 қазаны күні  Қызылорда қалалық № 3 емхананың дәрігері Дегенбаева Р.Т. қайтадан "беременность 34-35 неделя  ложные схватки до 37 нд." деген диагнозбен Қалалық перзентқананың  босанғанға дейінгі  бөліміне жолдама берді.

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 315646
30 қазан, 2014 - 16:24 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе!  Мен  ұмытпасам ағымдағы жылдың   тамыз айының  ішінде  сіздерге асүйлік гарнитур мен газ пеші жөнінде  жазған  болатынмын.  " Сіздің  көтеріп отырған сұрағыңыз жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне жататындықтан, өтінішіңіз  Маңғыстау облысының әкімдігіне жолданды. ( 2014 жылдағы  5 тамыздагы .№ 13 - 5 - 1 - 3 / 2552 - и хат ),  нәтижесі туралы Сізге хабарлау сұралды " деп жауап берген едіңіздер.  Содан  бергі  уақытта, маған менің бұл сұрағымның нәтижесін айтқан ешкім болмады.

Жауап: 

Жауап:

         Сәламатсыз ба құрметті Айнұр!

Сіздің көтеріп отырған сұрағыңыз бойынша Сізге Маңғыстау облысы әкімдігіне (8 (7292) 31-53-65, 31-42-15) хабарласуыңыз қажет.

 

 

орын. Ирахметов Самат

Сұрақтың нөмірі: 314028
16 қазан, 2014 - 19:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма

Менім 2 сұрағым болып тұр мүмкіндігінше көмек көрсетіп, дұрыс әрі нақты нұсқау берулеріңізді сұранамын.

1. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде жұмыс жасайтын Емдік дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, Емдік массаж жасау жөніндегі мейірбикесі және Физиотерапия кабинетінің мейірбикесі 1 күнде канша адам кабылдап 1 күндік нагрузкасы канша. Бұл туралы кандай нормативтік құжаттамада каралған.

2. Ауысыммен жасайтын кызметкерлерге күндізгі ауысымды 1 сағаттық үзіліс карастырылған, ал түнгі ауысымға үзіліс қараған ба? Қаралса қалай есептейміз.

Жауап: 

1.типовые штаты и штатные нормативы организаций здравоохранения регламентированы приказом Министра здравоохранения РК от 7 апреля 2010 года №238 «Об утверждении типовых штатов и штатных нормативов организаций здравоохранения».

        «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 регламенттелген бұйрығымен үлгі штаттар және штаттық нормативтер.

        2. Можно ли несколько раз  вставать на учет?

        Положение о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих акушерско-гинекологическую помощь,  регламентировано в приказе  Министерства здравоохранения Республики  Казахстан  от 27 августа         2012 года № 593.

В соответствии с действующим приказом  беременная становится на учет до 12 недель для своевременного обследования по месту жительства.

В поликлинике заводится  индивидуальная карта  беременной и родильницы по форме №111/у и обменно-уведомительная карта беременной форма № 113/у.

 Форма №111/у хранится в кабинете врача акушера-гинеколога в картотеке. Форма № 113/у выдается беременной при первом посещении и находится у нее на руках в течение всей беременности для предъявления по месту наблюдения и в другие медицинские организации.

В связи с этим, при перемене места жительства необходимо при себе иметь обменно-уведомительную карту беременной форма № 113/у, предъявить врачу акушер-гинекологу для продолжения наблюдения. Первично новая индивидуальная  карта не заводится, форма № 113/у является продолжением.

 

 

Исп А. Сералиева, тел 74-34-36

Департамент организации медицинской помощи

 

Сұрақтың нөмірі: 313599
3 қазан, 2014 - 11:56 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Менің  18 жасқа дейінгі 4 балам бар, кішісі 3-ке толмаған, жолдасым өзін-өзі жұмыспен қамтып,қосымша кіріс табады, жұмыссыз есебінде ресми тіркелмеген.Маған 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алуыма болады ма?

Жауап: 

Жауабы:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көп балалы отбасыларға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. Көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшері 1 сәуір 2014 жылдан бастап 4,16 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен қатар, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1,05 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті бюджеттердің қаражатынан азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр алуан түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметттерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру және тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

Орын: Е. Ергеш

Сұрақтың нөмірі: 313535
9 қыркүйек, 2014 - 16:13 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме! Мен Хабиденова Гүлімжан ИНН:860303400795 Мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын.Қазір декреттік демалысқа шығып отырмын.2012 жылдың 17 желтоқсанында төртінші балалы болып декретте болған едім.2013жылдың 10 сәуірінен бастап жұмысқа шықтым. Алдағы уақытта босанып балалы болған жағдайда балам жасқа толғанша  маған жұмыс орнымнан 40% мөлшерде ақша төлене ме? Себебі жұмыс жасаған уақытым 24 ай болмай отыр.Өзімнің еңбек өтілім 4 жыл.Жауаптарыңызды күтем.

Жауап: 

Жауабы: Сәләмәтсіз ба, Гүлімжан!

 

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына  байланысты  тағайындалатын  біржолғы  мемлекеттік  жәрдемақы, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі.

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері

1. 1 сәуір 2014 жылдан бастап бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы – 31,40 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға 52,35 АЕК.

2. бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын жағдайда (жұмыс істемейтін) бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші балаға – 5,76 АЕК, екінші балаға - 6,81 АЕК, үшінші балаға – 7,85 АЕК,  төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК.

Баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайда (жұмыс істейтін) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес тағайындалатын бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 айдағы Қорға түскен әлеуметтік аударымдардың негізінде есептеліп (әлеуметтік аударымдарды төлеудегі үзілістерге қарамастан), орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті бюджеттердің қаражатынан азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр алуан түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметтерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру және тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

Орынд.: Қ. Суханова

74 35 42

Сұрақтың нөмірі: 312924
5 қыркүйек, 2014 - 10:02 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қостанай облысының «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі мына төмендегі сұрақтар бойынша түсінік беруді сұрайды:

Жауап: 

Жауап:

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау үшін табыс мөлшерін анықтау сауалы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу» Ережесімен реттеледі.

Ереженің 19 тармағына сәйкес жиынтық табысты есептеу кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.

Осыған орай, Ереженің 21 тармағына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтініште көрсетілген мөлшерінде есептеледі.

 

 

С. Ирахметов

Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысымен бекітілген "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  9 тармағының 5 тармақшасында қызмет алушыдан медициналық карта талап етілген. Алайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысымен бекітілген  Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартынының 12 тармағында қызмет алушыдан медициналық карта талап етілмеген.

Жауап: 

Жауап:

 

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне осы қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта кіреді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес қызмет көрсету үшін уәкілетті органмен үйде қызмет көрсету ұйымына медициналық картаның  ұсынылуы қарастырылмаған.

Алайда, бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады (негіздеме: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» № 213 Заңы).

Осыған байланысты, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет медициналық картаны ұсыну негізінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысына ескертулер мен ұсыныстар еңгізу бойынша Жобасы әзірленген, оның ішінде үйде қызмет көрсету ұйымына қызмет алушыларды қабылдау жүргізілетін құжаттар тізбесінде медициналық карта қарастырылған.

 

 

Орын. Ш.Олжабаева

74-33-50

 

 

Сұрақтың нөмірі: 312443
27 тамыз, 2014 - 09:59 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен 2014 жылдың 6 маусымы күні іссапар кезінде қолымды сындырып, дене жарақатын алдым. Операция жасалып, сүйек ішіне темір қойды. Мен жұмыс істейтін бөлім өндірістік жарақат алғанымды мойындап, акт түзген болатын. Еңбекке жарамсыз кезімде екі ай бойы мекеме жалақымды төледі.

Жауап: 

       Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 159-бабына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 қаулысымен бекітілген ереженің 13-тармағына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен айқындалған жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

     Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау тәртібі және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы  № 1339 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес айкындалады (бұдан әрі - Ереже).

      Ереженің 5-тармағына сәйкес жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.

        Ереженің 7-тармағына сәйкес нақты қызметкердің айлық жәрдемақысының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

      Бұл ретте, Ереженің 6-тармағына сәйкес айлық жәрдемақының мөлшері Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауға тиіс.             

         Ереженің 9-тармағына сәйкес Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға жәрдемақы еңбек қабілетін жоғалтқан алғашқы күннен бастап орташа айлық жалақының бір жүз пайызы мөлшерінде төленеді.

     Сонымен бірге, қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық басталған алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін орташа жалақының бір жүз пайызы мөлшерінде төлейді.

        Өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдану.

    Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы еңбек жарақаты немесе кәсіби науқастануы салдарынан болған кезде жәрдемақы қызметкердің өндірістегі жазатайым оқиға немесе денсаулығына өзге де зақым келуі туралы акті болған кезде тағайындалады.

      Бұл ретте, Кодекстің 159-бабына сәйкес жұмыс берушiлер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерiне қосымша төлемдер белгiлеуге құқылы.

       Орташа күндік жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен айқындалады.

      Осы Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар және жоғарыда аталған қаулы (№1339) Министрліктің веб-сайты «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылған.

    Сонымен қатар, Кодекстің 311-бабына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, келтiрiлген зиянды өтеу  Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзiледi.

    Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 936-938-баптарымен реттеледі.

 

       А. Алтынбекова  – Еңбекке ақы төлеу басқармасының  сарапшысы

Сұрақтың нөмірі: 312375
18 тамыз, 2014 - 16:58 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші