You are here

"Мүгедектерді оңалту" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Мен Абдразакова Айганым көп балалы ана .Қызылорда қаласы Жалағаш ауданы тұрғыны. Менің балам Қуаңбай Нұрдаулет  ( Миопатия Дюшена )диагнозы бойынша науқас. Денсаулығы нашарлағаны соншалық қәзір тамақты өз бетімен іше алмайды. Қызылорда қаласындағы Талсуат ауданындағы Республикалық оңалту орнына жатқызу мүмкін емес болып тұр.Алматы қаласында Ақсай оңалту орнында емделіп келген, бірақ еш нәтиже болмай тұр! Осыған байланысты көмектесеңіздер!

Жауап: 

Құрметті Айганым Амангелдиевна!

 

Сіздің көтеріп отырған сауалыңыз бойынша ұлыңыз Қуаңбай Нұрдаулеттің іс-құжаттарын қарап, төмендегіні хабарлаймыз.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, жүргізілген оңалту-сараптама  диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамабөлімшесі 088/у нысанында көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып, медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі - ОЖБ) әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлейді.

Нұрдәулетке ортопедиялық аяқ киім, міндетті-гигиеналық құралдар (жөргектер), кресло-арба және үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ әзірленіп, аталған оңалту шараларымен ұлыңыз толық қамтамасыз етілген.

Сонымен бірге, тексеру нәтижесінде ұлыңызды мүгедектікке әкеп соқтырған ауруына сәйкес және медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге заңды негіз жоқ екендігі анықталды.

Дегенмен Министрлік тарапынанҚызылорда облысы әкімдігіне Нұрдаулетті Қызылорда қаласындағы облыстық балалар емханасының неврологиялық бөлімшесінде медициналық оңалтуға ықпал жасау мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолданғанын хабарлаймыз(2017 жылғы 13 қаңтардағы 22-5-18/19-и хат).

орындаған: Қалмет М.

Сұрақтың нөмірі: 342717
18 қаңтар, 2017 - 19:44 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсіздерме. Қызылорда қаласынан. Менім екінші топ мүгедек сінілім 7 жаста. 2016жылдың тамыз айында Алматы қаласындағы ғылыми иниститутқа жолдама арқылы барды.

Сұрағым осы Алматы қаласына барып келген жол ақысы, темір жол билетінің  құжаттарын өткізсе ақысы төленеме? Қанша пайызы төленеді берілген жағдайда, құжаттарды қайда өткіземіз  және қала турғыны, ауыл тұрғыны деп бөлінедіме? 

Барып келгеннен кейін құжаттарын қалалық әлеуметтік қамту орталығына барып ұсынғанда Біз тек қала тұрғындарына төлейді ауыл тұрғындарына төленбейді деп құжаттарды қабылдамады.

 

Жауап: 

Құрметті Алия!

 

Протездеуге барумен байланысты шығыстарды төлеу тәртiбi Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларымен реттеледі.

Протездеуге барумен (тапсырыс беру, өлшеп көру, протездердi немесе күрделi ортопедиялық аяқ киiмдi алу үшiн) және протездеу уақытындағы оларды баптап күтумен байланысты шығыстарды өнім беруші мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлейдi.

Жол жүру темiр жолда – қатты плацкарт вагоны тарифi бойынша, су жолдарында - екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда – белгіленген тарифтер бойынша төленеді. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшін ақы төленедi. Өнім берушіге дейiн және керi қарай жол жүру құны ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, кемежай кассасы берген анықтаманың негiзiнде төленедi.

Протездеуге жол жүру ақысын төлеу жылына екi реттен аспайтын сапарға (тұрғылықты жерiнен протездеу пунктiне дейiн және керi қарай жүру бiр сапарға есептеле отырып) жүргізіледi.

Бандажбен қамтамасыз етілу құқығы бар адамдарға жол шығыстары бiр сапарға ғана төленедi.

Протездеуге баратын және ертіп жүрудi қажет ететiн бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға протездеуге бару сапары кезiнде ертiп жүрушінің жолақы шығындары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына, ертіп жүрушінің тiкелей өзiне төлқұжатын көрсеткенде төленедi.

Мүгедектерге бастапқы протездеу кезiнде және мүгедек балаларға тұқылдың қалыптасуына қарай протездердің ауыстырылуына байланысты жол ақысын төлеу жылына екi рет жүргiзіледi.

Бұл ретте, Сіз сіңліңіз туралы толық ақпарат (аты-жөні, нақты мекенжайы) бермегендіктен, көтеріп отырған сұрағыңыз бойынша толық жауап беру мүмкін болмай отыр.

Осыған орай, Сіздің көтеріп отырған мәселеңіз бойынша Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңыз қажет.

 

 

Орынд.: Қалмет М.

Сұрақтың нөмірі: 339646
22 қыркүйек, 2016 - 13:01 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 

Құрметті: Қасымқызы Тамара Дүйсенова !! 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 122-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге міндетті.

Жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды анықтау және өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) (бұдан әрі – ҚР АК)47-тарауымен реттеледі.

ҚР АК 937-бабының 1-тармағына сәйкес азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтейді.

Еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру зардабы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер (17-қосымша)«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен анықталған.

Жоғарыда аталғанды ескере отырып, арнайы автокөлік алу үшін Сізге Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің арнайы автокөлікке мұқтаждығы туралы қорытындысы негізінде жұмыс берушіге жүгіну қажеттілігін хабарлаймыз.

Орынд.: Қалмет М.

Сұрақтың нөмірі: 337892
19 шілде, 2016 - 15:42 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Медициналық ұйымның жолдамасымен МӘС бөліміне бардық. Ол жерде бізге өмірлік 1-ші мүгедектік топқа бірден ауыстыруға болмайды, басында 2 жылға беріледі және 2 жылдан кейін медициналық сараптамадан өтеді, сараптамадан кейін тағы 2 жылға беріліп, бас-аяғы 4 жылдан кейін белгіленеді деп түсіндірді. Осы айтылғандары рас па? 4 жылдың ішінде 2 рет медициналық сараптамадан өтуге тиіспіз ба? 

Жауап: 

                                    Сәлеметсіз бе, Қуаныш Бахытұлы!

 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік: организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде белгіленеді.

орын. Көшкімбекова Р.

Сұрақтың нөмірі: 334618
3 наурыз, 2016 - 18:31 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлемтсіздерме? Менің анам 2012 жылдан бері Рак правой молочной железы. Состояние после 4 курса неадьювантной полихимиотерапии+ радикальной мастэктомии(23.10.2012)+2 курса адьювантной полихимиотерапии + лучевой терапии, S2б T1N1M0  гормонтерапия жалғасуда диагнозыбен Д бақылауда. Алайда, биыл әлеуметтік сараптама мүшелері зейнетақы төлеуді тоқтатып ары қарай берілмейтіндігін айтты. Онколог мамандардың кеңесіне жүгінсем, аталған диагнозбен кем дегенде 5 жыл бақылауда болатындығын айтып өтті. Менің сауалым аталған диагнозбен зейнетақы қанша жылға беріледі?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе Асылзат Баяналиқызы!

Мүгедектiкке душар болған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындалады (негізі: "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы)

Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімшесі бeлгілeгeн мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.

Егер мүгедек адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, бұл тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін қайта басталады

Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі.

Анаңыз туралы  толық мәлімет болмағандықтан осы мәселелер жөнінде жергілікті  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа  жолығуға  кеңес   береміз.

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

Сұрақтың нөмірі: 334444
15 ақпан, 2016 - 15:40 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Ағамның аты-жөні Жанпеисов Жуман Меирханович. Туылған күні 09.04.1976ж. ЖСН 760409301792. Тіркелген мекен-жайы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Шалтай Дурекенов көшесі 18/1.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Қуаныш Бахытұлы!

 

Осыған дейін хабарлағанымыздай қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдарды қайта куәландыру  денсаулық жағдайының нашарлауы кезінде медициналық ұйымның жолдамасымен мүгедектікті белгілеу мерзіміне қарамастан жүргізіледі.

Жамбыл облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің мәліметі бойынша Сіздің ағаңыз Жанпейсов Жуман Меирханұлы 21.01.2007 жылы № 6 медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) бөлімінде кезекті куәландырудан өтіп, 2-ші топ мүгедектігі мерзімінсіз белгіленген.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін Жуман Меирханұлы медициналық ұйымның жолдамасымен мүгедектік тобын ауырлату немесе консультациядан өткізу мақсатында МӘС бөліміне жолданбаған.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, егер ағаңыздың денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда, яғни мүгедектік тобын ауырлатуға көрсетпе болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұратын жеріндегі медициналық ұйым оны МӘС – ке жолдай алатындығын қосымша хабарлаймыз.

Сарапшы: Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 334060
26 қаңтар, 2016 - 17:36 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Сіздің берген жауабыңыздағы, жоғарыдығы айтылған жағдайларға сәйкес, өзіміздің жергілікті емдеуші дәрігерге жолықтық. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жолдама алып бардық. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде бірінші топтағы тұрақты мүгедектер тобына ауысуға рұқсат бермеді. Ағамның денсаулығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта  куәландыруға толықтай келіп тұр. Не себепті рұқсат бермей жатқанын түсінбедім. Көмектесуіңізді сұраймын.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!  

       Сіздің хатыңызда көрсетілген мәліметтер  (аты-жөні, ЖСН)  бойынша ағаңыз Мүгедектердің орталықтандырылған дерек қорында 2-топтағы мүгедек ретінде  тіркелмеген.

         Осыған орай, Сіздің сауалыңызға толық нақты жауап беру үшін ағаңыз Медетбек Қуаныш туралы мәліметтерді толық (жеке куәлігіндегі аты-жөні, тіркелген мекен-жайы)  дұрыс жазуыңызды сұраймыз.

Орындаушы : сарапшы Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 333883
19 қаңтар, 2016 - 19:20 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Алдыңғы  қойылған сұрақтың толық жауабын қашан бересіздер?

Жауап: 
Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдарды денсаулық жағдайының нашарлауы кезінде қайта куәландыру медициналық ұйымның жолдамасымен мүгедектікті белгілеу мерзіміне қарамастан жүргізіледі.

Сонымен қатар, қайта куәландыру мерзімінсіз мынадай жағдайларда:

       - қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;

       - организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаудан кейін белгіленеді.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, егер ағаңыздың денсаулық жағдайы нашарлаған болса, медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жолдама алу мәселесін шешу үшін тұратын жеріндегі емдеуші дәрігерге жолығуыңыз қажет.

 

 

Орынд.: Кемерова А.

 

Сұрақтың нөмірі: 333033
7 желтоқсан, 2015 - 16:44 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Менің ағамның ауыр сырқатқа шалдыққанына 20-дан астам жыл болды. Диагнозы: артериовенозная мальформация медиобазальных отделов левой весочной доли, таламуса, базальных ганглиев слева. Сопутствующий диагноз: артериальная гипертония 1 степени, риск 1. Правосторонний спастический глубокий гемипарез, гемгигипеспезия справа. Эпилептический синдром.1-ші инсультты 2001 жылы алды, ал 2-ші инсультты 2011 жылы алды. 2-ші инсульттан кейін Астана қаласындағы ұлттық нейрохирургиялық орталықта квотамен 2 мәрте операция жасалды.

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдарды денсаулық жағдайының нашарлауы кезінде қайта куәландыру медициналық ұйымның жолдамасымен мүгедектікті белгілеу мерзіміне қарамастан жүргізіледі.

Сонымен қатар, қайта куәландыру мерзімінсіз мынадай жағдайларда:

       - қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;

       - организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаудан кейін белгіленеді.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, егер ағаңыздың денсаулық жағдайы нашарлаған болса, медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жолдама алу мәселесін шешу үшін тұратын жеріндегі емдеуші дәрігерге жолығуыңыз қажет.

 

 

Орынд.: Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 332915
3 желтоқсан, 2015 - 12:36 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен 1991 жылдың 11 наурызында  медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысына сай бөгде адамның көмегін қажет ететін, тұрақты мерзімсіз 1-топтағы мүгедек болып танылғанмын.                      1952 жылдың 15 ақпанында туылғанмын, қазіргі танда жасым 63-тен асып кетті. Ал, ҚР АК-нің 940 бабының 3-тармағының талабына сай 63 жастан асқан ер адамдарға мүгедектік қалған өміріне беріледі.

Сұрақ:

 1991 жылдың 11 наурызында жазылған медициналық-әлеуметтік комиссия сараптама қортындысы   қазіргі таңда сотқа дәлелді құжат есебінде өткізуге жарамдыма ?

Жауап: 

Жауап:

Заңға сәйкес, медициналық ұйымдардың ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, диагнозы белгіленген сәттен бастап медициналық ұйымның жіберген жолдамасы (Ф 088-у) болған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде қайта қарастырылады (негіздеме: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қантарда № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі).

Бүгінгі таңда мүгедектердің орталықтандырылған дерекқоры бойынша Сіздің мүгедектігіңіз туралы мәлімет  анықталмаған.

Сондықтан, Сізге көтеріп отырған сұрағыңыз    бойынша     жергілікті      емханада немесе  әдіснама және бақылау бөлімінде кеңес алуыңызға болатындығын хабарлаймыз.      

 

Бас сарапшы Сәрсембаева К.Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 332357
27 қараша, 2015 - 10:07 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші