check

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сұрақ тақырыбы: 

Маган 21000 тг алеуметтик комек бериледима?

Жауап: 

Құрметті Алтынкул Сагидуллаевна!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін отбасының барлық табысын есепке алу қажет екендігін және Сіз ұсынған ақпаратта табыс көздері көрсетілмегендігін ескере отырып атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.

Сұрақтың нөмірі: 359992
24 сәуір, 2019 - 20:42 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? Мен 2016 жылдың қыркүйегінен бастап мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасаймын.  2018 жыл 1 маусымда отпускке шықтым. Содан шілденің 27 нен бастап жұмысқа қайта шықтым. Тамыз,қыркүйек, қазан, қараша айының 14 күні декретке кеттім. Маған жұмыс істеген күндеріме отпуска мен лич.пособия түседі ма? 

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Сонымен бірге, Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Осыған орай, қызметкерге жұмыс істеген уақыты үшін жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін немесе одан кейін болмаса баланың күтіміне байланысты демалыс аяқталғаннан кейін жұмыс берушінің келісімімен жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берілуі мүмкін. Яғни, сауықтыруға арналған жәрдемақы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Сұрақтың нөмірі: 359982
23 сәуір, 2019 - 20:06 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе.сұрағым: -атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанда неге баланың бір жасқа дейінгі жәрдем ақысы есептеледі?ол уйге кіріп отырган еңбекақы болып есептелмеуі керек,

Біз декреттік демалысқа 3 жылға деп шығамыз ,бала күтімі деп жасқа дейін тағайындалады,неге бала күтіміне 3жылға тағайындалмайды олай болса?

Осы көп балалы деп (21000тенге)жәрдемақыны 1сәуірден басталған неге құжаттарды 3-6ай сайын өткізу керек,бұрынғы 10500тенге сиякты 18жаска дейін бір өткізіп қоймасқа?

Жауап: 

Құрметті Гулжанат!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс, соның ішінде бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақы;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс (жергілікті атқарушы органдар шешімімен).
Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз болып екі түрге бөлінеді:
- шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап алты айға тағайындайды және ай сайын төленеді;
- шартты ақшалай көмекті уәкілетті орган әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзіміне (он екі айға) өтініш жасалған айдан бастап тағайындайды және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе бір рет төленеді.
Бұл ретте, көтерілген сауалыңыз бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкіміне жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359960
15 мамыр, 2019 - 19:11 өзгертілді

Салематсыздарма, мен кітапханашы болып қызмет атқарамын. 2005 жылдан бері колледжда. Жалқы қазір алып жүргенім таза қолға алатыным 65 мың теңге ұстағанан қалғаны. 1 - ші маусымнан бастап қаншаға менің жалақым өседі екен? Қандай коифицентпен.

Жауап: 

2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын 30%-ға дейін арттыруды тапсырды.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта аталған тапсырма бойынша «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірлену үстінде.
Сонымен бірге, қызметкерлердің жалақысын арттыру орта есеппен 30%-ға дейін сараланып жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, егер Сіздің ұйымыңыз жеке ұйым (ЖШС, АҚ, шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК және т.б.) болып табылса, олардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі дара айқындалатындығын атап өтеміз.

Сұрақтың нөмірі: 359950
23 сәуір, 2019 - 20:04 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен жалгыз басты анамын 3айлык балам бар куйеуим жок загс те жокпыз каз ата анаммен турамын барлыгымыз уй жалдап турамыз мен алеуметтик комекке тапсыра аламынба?

Жауап: 

Құрметті Динара!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Материалдық игіліктердің тізімі, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтың болуы (аулалық учаскесі, мал жіне құс) өтініш берушімен АӘК-ке құжаттарды тапсырған кезде көрсетіледі, бұл ретте осы мәліметтердің дұрыстығын анықтау учаскелік комиссияның құзыретіне кіреді.
«Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №29 бұйрығының 2 тармағына сәйкес учаскелік комиссия – бұл атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша қосымша мәліметті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажеттігін ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 359945
24 сәуір, 2019 - 20:40 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Менин 4балам бар 4шиси жакында босанды 19.03.2019айелiм 3ши топтагы мугедик осыган кандай комек карастырылган? 

Жауап: 

Құрметті Алиреза!

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналар үшін) және бала туғанда берілетін жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Екі және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленеді.

2019 жылы бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері төрт және одан да көп балаға – 159 075 теңгені құрайды.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын адамдарға республикалық бюджеттен тағайындалады. Бір жасқа толмаған екі және одан да көп балаға күтімді жүзеге асырған жағдайда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы әр балаға тағайындалады және оның көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгеге дейін белгіленген. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бір жасқа толық толғанға дейін тағайындалады.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады.

Бұл көмекті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар, астанада белгіленген кедейлік шегінен (күнкөріс деңгейінің 70 %) аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың алуына құқығы бар.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелерінің жиынтық табыстары ескерiледi.

Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.

Бұл ретте, Сізге аталған жәрдемақыларды тағайындау тәртібі бойынша қосымша мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтарына немесе ауылдық округ әкіміне жолығуға болатынын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359932
11 маусым, 2019 - 19:04 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн, менің білгім келгені. Бізде жұмыста қысқарту жүріп жатыр. Қысқартауға ілігіп жатқан жұмысшылраға, жұмыс беруші Еңбек кодекісінің 133 бабымен кетіп жатыр. Арыз жаздырып өз еркімен кетіп жатыр. Мен егер қысқартуға түсер кезде сол 133 бабына келсім бермесем. Өз еркімен кетуге. Міндетті түрде қысқартумен кетсем қалай болад? Жұмыс беруші эканомикалық жағдайдың нашарлауына байланысты деп айтады. Бірақ акт ондай ештеңе толтырмайды. Жоғары соттың нормативтік қаулысы 6 қазан 2017 жылғы бойынша 13 бабы бойынша. Егер компанияның эконимакалық жағдайы нашарлаған болса.

Жауап: 

Сәлеметсізбе, Талғат! Жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексімен белгіленген талаптарды (қызметкерлер штаты немесе саны қысқартылатыны туралы бір ай бұрын алдын-ала ескерту, жұмыстан айырылуға қатысты өтемақы төлеу, заңнамамен белгіленген қызметкерлерді қысқартуға салынатын тыйымды ұстану) сақтай отырып, экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайда өз қызметкерлерінің санын қысқартуға, сонымен қатар қызметкерлердің еңбек жағдайларын (соның ішінде еңбекақы төлеу жағдайларын) өзгертуге құқылы. Аталған негіздеме бойынша еңбек шартының бұзылуы жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүргізілетіндіктен, жұмыскерлер оларды жұмыстан босату туралы арыздар жазбауға тиіс. Себебі мұндай жағдайда олар еңбек заңнамасымен жұмыстан қысқартылатын жұмыскерлер үшін көзделген жұмыстан айырылуы жәрдемақысын алу құқығына айырылады. Бұл ретте, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 2) (қызметкрелер санын немесе шатын қысқарту) және 4) тармақшаларында (аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі) көзделген негіздемелер бойынша бұзуға болмайды. Жұмыс берушіңіз тарапынан аталған нормалар сақталмаған жағдайда Сіздерге жұмыс берушінің әрекеттеріне жергілікті еңбек инспекциясы органына жазбаша шағымдану қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359920
2 мамыр, 2019 - 19:44 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сəлеметсіздер ме. Менің есімім Енсебаева Ғалия. Үш кəмелетке толмаған баланың анасымын. Қазіргі уақытта декреттік демалыстамын. Жолдасым жалдамалы  жұмыс жасайды. Үлкен балам мектеп алды даярлық тобында білім алады. Атаулы Əлеуметтік көмекке құжаттар тапсыру барлық жергілікті жерлерде басталғалы мен де құжат тапсыруға бардым. Бізде ШҚО, Зайсан қаласындағы құжатты қабылдап отырған адамдар: "Үйіңде автомат стиральная машинаң бар ма? Телевизорың қандай? Тамақ пісіретін пешің бар ма? Бар болса қандай? Үйіңе қонақ қаншалықты жиі келеді?" деген сұрақтар қойып, құжатқа енгізіп отыр екен.

Жауап: 

Құрметті Ғалия Сайранбекқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету критерийінен аспаған адамдардың АӘК алуға құқығы бар.
Осыған орай, «Кедейлік шегі мөлшерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрнінің
2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына сәйкес АӘК критерийі
2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының әр мүшесіне 20 789 теңге көлемінде анықталған.
Сондай-ақ, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 320 бұйрығының 6-тармағына сәйкес адам жеке басы куәлігін ұсынумен арқылы өтініш береді. Барлық қажетті құжаттарды жинау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұрау салу арқылы жүзеге асырылады.
Бұған қоса, қазіргі уақытта «Е-халық» ақпараттық жүйесінде әр отбасының әлеуметтік картасын толтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған орай, сізге қойылған қосымша сұрақтар аталған әлеуметтік картаны толтыру мақсатында болуы мүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 359912
24 сәуір, 2019 - 20:46 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Замира Туркпенбаевна!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін отбасының жеке баспанасының бар болуы есептелмейді, тек барлық табыс көздері мен отбасы мүшелерінің саны ескеріледі.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тұрғылықты жеріңіз бойынша ауыл әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Уважаемый Канат Турсынбекулы!

Адресная социальная помощь (далее – АСП) назначается гражданам со среднедушевым доходом, не превышающим критерием оказания АСП на каждого члена семьи в размер 70% от величины прожиточного минимума или 20 789 тенге.
Для подачи заявления на назначение АСП рекомендуем Вам обратиться в Центр занятости населения по месту жительства, а в случае отсутствия Центра занятости по месту жительства – к акиму поселка, села, сельского округа.
При себе необходимо иметь документ, удостоверяющий личность для идентификации личности.

Сұрақтың нөмірі: 359905
24 сәуір, 2019 - 20:52 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші