You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе, Жартылай мемлекеттік балапан бағдарламасымен жұмыс жасайтын ЖШС балабақшадағы тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, шаруашылық меңгерушісі (завхоз)  еңбек өтелін қалай есептеуге болады?

1. Тәрбиешіге мектепте атқарған еңбек өтелі есептеледіме?

2. Тәрбиеші көмекшісі басқа мемлекетте әр түрлі салада қызмет атқарған еңбек өтелі есептеледіме?

3. Шаруашылық меңгерушісі (Завхоз) жалпы еңбек өтелін аламызба?

4.Екі топқа арналған балабақшаның меңгерушісі әдіскер қызметіни қосымша ақымен ала алама?

Жауап: 

Сіздің сұрауыңызда көрсетілген лауазымдарға жұмыс стажын есептегенде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6340 болып енгізілді) Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiмен пайдалану қажет.
Көрсетілген ережеге сәйкес мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамын тиісті ұйымның басшысы бекітеді.
Осы мәселені еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссияға қарау ішн енгізу жөн.

Сұрақтың нөмірі: 360053
8 мамыр, 2019 - 20:29 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілетті органдар бекіткен үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
Аталған Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдайға тап болғанда ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдарға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсету бойынша жеткілікті өкілеттілік берілгендігін хабарлаймыз.
Осы орайда, тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу қажет екендігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360052
30 сәуір, 2019 - 20:36 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Сапаргуль Абдуразаковна!

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының 10-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, жақын туыс болатын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Бұл ретте, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 4-тармағына сәйкес АӘК алуға үміткер адам немесе отбасы АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Осыған орай Сізге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуге тұру қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ма! Мен  Тараз қаласының тұрғыны, үйленгем, 3 балам бар /балдарымның туылған жылдары -2013,2015,2017/. Қазіргі таңда жұмыс жасамаймын, бала күтіміне байланысты демалыста үйде отырған анамын. Бүгінгі күні отбасымызда тек жолдасым жұмыс атқарады. Жолдасымның айлығы 170 мыңды құрайды /осы жылдың ақпан айынан бастап, бұған дейін 80-120 мың теңге болған/. Осы ақшадан 90 мыңын айсайын үй алуға алынған несиені жауып отырмыз. Қалған 80 мың 3 баланың шығындары мен коммунальдік шығындарға әрең жетеді.

Жауап: 

Құрметті Майя Қуанышқызы!

Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Сіз ұсынған ақпаратқа сәйкес отбасыңызда жан басына шаққандағы табыс 34 000 теңгені (170 000 / 5 = 34 000 теңге) құрап, АӘК критерийінен жоғары болғандықтан АӘК тағайындалынбайды.
Бала күтімі бойынша демалыстан қайта жұмысқа шығуға қатысты
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 100-бабының 3 және
4-тармақтарына сәйкес бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Егерде бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті.
Сонымен қатар, Кодекстің 54-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасындағы жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған негіз бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады және тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өткізіледі.
Сондықтан, егер жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзатын болса, онда жұмыскер еңбек құқығын қорғау үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орғанға шағымдану қажет (Жамбыл облысының Еңбек инспекциясы басқармасының мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, тел: (7262)55-53-71.
Еңбек инспекциясы түскен арыз негізінде мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, бұзушылық анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдайтын болады.

Сұрақтың нөмірі: 360047
4 мамыр, 2019 - 21:16 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ассалаумағаликум, құрметты мырзалар ханымдар .Меным атым Нұрмұхамет Қалибай ұлы.жасым 35де .Алты баланың әкесымын.жолдасым бар.есымы Бағила Махаббат қызы.

Жауап: 

Құрметті Нұрмұхамет!

Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады. Бұл көмек «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар, астанада белгіленген кедейлік шегінен (күнкөріс деңгейінің 70 %) аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беруі көзделген.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Жаңа тәртіпке сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткерлерге тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне бекітілген нұсқа бойынша өтінішпен және бірдейлендіру үшін жеке куәлікпен жолығу қажет.
Орталық атқарушы уәкілетті органмен айқындалатын тізіміне сәйкес қажетті құжаттарды жинау тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығымен, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен мемлекеттік органдардың және (немесе) мекемелердің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.

Сұрақтың нөмірі: 360040
26 сәуір, 2019 - 19:21 өзгертілді

Саламатсыздар ма? Мен 4 баланың анасымын енді бала күту демалысына шықтым. Күйеуміз екеуміз ажырасып кеткенбіз . Алементтен бас тартқанмын, өйткені өзім айлық тапқандықтан. Өзім квартира да тұрамын. Баспанам, көлігім жоқ. Бала күту үшін 1 жасқа дейінгі 60000 басқа кірісім жоқ. Мен әлеуметтік көмек ала аламын ба? Барсам шықпайды айлығыңыз асып кетеді дейді. Ал мен қазір бала күту демалысына шықтым айлыгым жоқ десем де болмайды. Нақты  жауап күтемін.

Жауап: 

Құрметті Индира Турашевна!

Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады. Бұл көмек «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар, астанада белгіленген кедейлік шегінен (күнкөріс деңгейінің 70 %) аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беруі көзделген.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi, оның ішінде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақыларды да толық есептеу көзделген.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Одан басқа, табысы аз отбасылар үшін тұрғын үй көмегі қарастырылған. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер мен бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға кеткен шығындар шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артық болған отбасыларға тағайындалады. Тұрғын үй көмегінің көлемі мен көрсетілу тәртібі жергілікті өкілді органдармен анықталады.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар қиын өмірлік жағдайға түскен азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсете алады.
Осыған орай, АӘК алу үшін жергілікті жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына, тұрғын үй көмегімен бір реттік әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінуді ұсынамыз

Сұрақтың нөмірі: 360039
26 сәуір, 2019 - 18:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Атаулы алеуметтик комекке кужат откизе алмай журмин.Мамандарга барсам пропискаларын болек болуы керек дейди.Уйимиз жеримиз болмаса кайдан прописка болады.Тусинбеймин.Жаз болса Алматыда квартирадан квартирага кошип журемиз.Куйеуим ар турли жалдамалы жумыстар жасайды.Занга суйенсек бари онай,ал туратын жеримизде мекемеге барсак киындатып жибереди.Алде бари отирикпе.Халыкка деген комектериниз кайда калды.

Жауап: 

Құрметті Ару Кенесқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның және отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерден сұралады немеме қағаз түрінде ұсынылады (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Бұдан басқа, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі(негіз: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы).
Бұл ретте, тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй алу, тұрғын үй алуға кезекке тұру және т.б. мәселелері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі.
Осыған орай, тұрғын үй мәселесі және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша әкімдікке және Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Нигора Дилмуратовна!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының 4-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi ескеріледі, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс, кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан түсетiн табыс және т.б.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне – белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жүгіну керек.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Сапаргуль Абдуразаковна!

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының 10-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, жақын туыс болатын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Бұл ретте, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 4-тармағына сәйкес АӘК алуға үміткер адам немесе отбасы АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Осыған орай Сізге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуге тұру қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

Ешқандай өкіметтен көмек алмаймын. Үйім, мал-мүлігім жоқ. 1 штатта, 8 сағаттық жұмыс жасаймын, (58000тг) айлығым пәтерақыдан, коммуналдық төлемдерден артылмайдыалақы. Жолдасым қара жұмыс жасайды, айлық табысы ең көбі 30000 тг. Үй кезегінде бармын, бірақ өте алыс. Ай сайын төлейтін несиеміз де бар... 

Жауап: 

Құрметті Айжан!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға жергілікті атқарушы орган өмірдің қиын жағдайына түскендерге әлеуметтік көмек көрсетеді.
Баспана алуға қатысты
Министрлік әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің қызметі Қазақстан Республикасы «Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысы негізінде жүзеге асырылады, яғни тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Министрліктің құзіретіне кірмейді.
Тұрғын үй қатынастарын реттеу мен басшылық жасау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретінде.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғындарына тұрғын үй, нақты осы елді мекенде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтарға кезекке тұру тәртібі бойынша және барлық құжаттарды тапсырған сәттен бастап, белгіленген тізімдерге сәйкес жергілікті атқарушы органдармен беріледі.
Осыған байланысты, қосымша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында және тұрғын үймен қамту бойынша Сіз құзырлы органға хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359993
24 сәуір, 2019 - 19:48 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші