check

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сұрақ тақырыбы: 
Азамат мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы болып табылады. Ол зейнеткерлік жасқа келді. Ол мүгедектігі бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы ма ?
Жауап: 

Белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн. Зейнеткерлік жасқа жеткенде зейнетақы төлемдерін немесе мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алғанына қарамастан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (3000 теңге) жүзеге асырылады («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республиканың Заңы).

Сұрақтың нөмірі: 207707
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен ымдау тілі маманының немесе жеке көмекшінің арасындағы қатынастар қалай жүзеге асырылады?
Жауап: 

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен ымдау тілі маманының немесе жеке көмекшінің арасындағы қатынастар қызметтер көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрі – шарт) ресімделеді. Шартта ымдау тілінің мамандары мен жеке көмекшілердің қызметтеріне ақы төлеудің шарттары, оның ішінде жол жүру мен өзге де шығыстар, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі келісіледі.

Сұрақтың нөмірі: 207708
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Еңбек мигранттарына Әлеуметтік жеке код тағайындала ма?
Жауап: 

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағы және 35-бабы). Қазақстан Республикасына азаматтығын өзгертуге байланысты емес еңбек миграциясымен келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын жері болуы тиіс. («Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы). Осыған орай, еңбек мигранттары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар болып есептелмейді. Әлеуметтік жеке код – ол зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын азаматтарға, сондай-ақ (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын) тұлғаларға берілетін тұрақты код және де ол Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген және зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға жатпайтын еңбек мигранттарына тағайындалмайды.

Сұрақтың нөмірі: 207709
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтері қандай санаттағы мүгедектерге көрсетіледі?
Жауап: 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) жеке көмекшінің қызметі жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге, ымдау тілі мамандарының қызметтері есту бойынша мүгедектерге көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 74 қаулысымен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне сәйкес (бұдан әрі - Ереже), мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі мамандарының, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдерге сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтері мүгедектердің өмір сүру әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу нәтижесі ескеріліп, тек шынайы мұқтаж мүгедектерге ұсынылады.

Сұрақтың нөмірі: 207710
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Әлеуметтік аударымды төлеуші жиі кезде әлеуметтік аударымды бір төлем тапсырмасымен бірнеше айға есептеуді жүзеге асырады? Бұл әлеуметтік аударымдар сомасы қайтаруға жатады ма?
Жауап: 

Жоқ, әлеуметтік аударымдарды бұлай төлеу қазіргі кезде бір айға деп есептеледі. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 маусымдағы 2004 жылғы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінің 24-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу стажына есепке алынған кезеңге есептелген, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

Сұрақтың нөмірі: 207711
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Зейнетақы жинақтарын алған кезде неге табыс салығы алынады? Бұл ақша қайда жұмсалады?
Жауап: 

Жауап: Міндетті зейнетақы жарналары жұмыс беруші есептеген табыстан ұсталынып отырады және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару кезінде оларға салық салынбайды. «Салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 146-бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері салық төлем көзіне салынатын табысқа жатады, осыған орай оларды төлеу кезінде зейнетақы жинақтарына салық салынады. Жеке табыс салығы бюджетке аударылады.

Сұрақтың нөмірі: 207712
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар қай кезден бастап тағайындалады?
Жауап: 

Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiгi белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш берген күнге дейiн әрi кеткенде 3 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады (Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы).

Сұрақтың нөмірі: 207673
13 желтоқсан, 2007 - 00:00 өзгертілді
Азамат мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы болып табылады. Ол зейнеткерлік жасқа келді. Ол мүгедектігі бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы ма ?
Жауап: 

Белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн. Зейнеткерлік жасқа жеткенде зейнетақы төлемдерін немесе мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алғанына қарамастан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (3000 теңге) жүзеге асырылады («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республиканың Заңы).

Сұрақтың нөмірі: 207669
6 желтоқсан, 2007 - 00:00 өзгертілді
Отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде жәрдемақы 0,66 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. Егер отбасының еңбекке жарамсыз алты мүшесі болса жәрдемақы 0,66*6=3,96 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындала ма?
Жауап: 

Отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде жәрдемақы 0,66 ең төмен күнкөріс деңгейі; екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,41 ең төмен күнкөріс деңгейі; төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,50 ең төмен күнкөріс деңгейі; бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,55 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелері болған кезде әрбір мүшесіне арналған жәрдемақының мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі («Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республиканың Заңы )

Сұрақтың нөмірі: 207664
3 желтоқсан, 2007 - 00:00 өзгертілді
Саламатсызба.Менің қоятын сұрағым мынадай. Мен 1999-2003 жылдары ОҚМУның ПЕДАГОГИКА бойынша 'ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА' мамандығын бітіріп диплом алып осы мамандық бойынша мектепке жұмысқа кірдім, 2007 жыл сентябрде мамандығым бойынша аттестациядан өтіб физика-информатика пәні бойынша 2-категория алдым, бірақ қазіргі кунге дейін жұмыс ақы тек информатикадан 2- категория бойынша , физика общий категория бойынша төленіб жатыр. осы дұрыспа? Осы туралы айтсаңыздар,,,,,,,,, Рахмет
Жауап: 

Құрметті Fahrid! Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі.

Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес біліктілік деңгейі жоғары екінші санаттағы мұғалімдерге біліктілік санаты үшін қосымша ақы БЛЖ-дан 20 % мөлшерінде көзделген.

Аталған қосымша ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орталық мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тағайындалады.

Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 « Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы»бұйрығымен айқындалады.

Қосымша ақпарат алу үшін сауалыңызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.

Қаржы

Департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 207665
3 желтоқсан, 2007 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші