check

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Зейнетақыларды есептеу тәртібі қандай?
Жауап: 

Қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаларға сәйкес зейнетақылардың мөлшері еңбек өтілі мен есептелетін орташа табысына тәуелді. Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі және еңбек кітапшасымен расталады. Еңбек кітапшасы жоқ немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың не сот шешімінің негізінде анықталады. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Бірақ, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 пайыз есебiнен жүргiзiледi. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек өтілінен тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 пайызға өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 пайызынан аспауға тиiс.

Сұрақтың нөмірі: 207696
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесі өзгерген жағдайда әлеуметтік төлемдер қалай тағайындалады?
Жауап: 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21- бабы 4-тармағына сәйкес еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем адам әлеуметтiк төлемдер тағайындауға өтiнiш берген күннен бастап, еңбек ету қабiлетiнен айрылды деп белгiленген барлық кезеңге тағайындалады. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген жағдайда әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айрылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады.

Сұрақтың нөмірі: 207697
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сіңірген еңбегі үшін педагогикалық қызметкерлерге зейнетақы тағайындау қарастырыла ма?
Жауап: 

Зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасы шеңберінде және 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Заңына сәйкес жеңілдік зейнетақылар қысқартылған. 1) Осы заңмен азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру ортақ негізде жүзеге асырылады, зейнетақымен қамсыздандыруда тең құқық принципі қабылданды. Зейнетақымен қамсыздандыру реформалау жүйесінің нәтижесінде 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада жүзеге асырылған жарналар мен зейнетақы төлемдерінің арасында өзара тікелей байланыс орнатуға негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді, өз қарттығын қаражатпен қамтамасыз ету әр азаматтың өзінің жеке жауапкершілігінде. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына зейнеткерлік жасты жекелеген санаттарға төмендетуде, соңымен қатар жеңілдік шартпен зейнетақымен қамсыздандыруда тұжырымдамалық енгізулер қарастырылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 207698
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Көп балалы аналардың зейнетке жеңілдік шартпен шығуы заңнамамен қарастырылған ба?
Жауап: 

Әйелдер зейнеткерлікке жеңілдік шарт бойынша көп балалы ана ретінде 53 жаста 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген кезде шығуға құқылы, бірақ 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қажетті өтілі 20 жылды құрауы тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 207699
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мысалы, 2000 жылы ІІ топтағы мүгедек деп танылған азаматың еңбек қабiлетiнен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің тағайындалуына құқығы барма?
Жауап: 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу жүргізілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушының құқығы бар. Мүгедектер 2005 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері (жұмысынан, асыраушысынан айырылу) бойынша қатер басталған кезде әлеуметтік аудармыдарға құқылы.

Сұрақтың нөмірі: 207700
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Өтінемін кім 14 зейнет ақы қорын біледі? Үлкен рахмет!
Жауап: 

Сізге 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жайлы мәліметті ұсынамыз: 1. АҚ «ЖЗҚ «ҰларҮміт» 2. АҚ «АЖЗҚ «Сенім» 3. АҚ «АЖЗҚ «Отан» 4. АҚ «Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ» 5. АҚ «ГРАНТУМ ЖЗҚ» 6. АҚ ЖЗҚ «МЖЗҚ» 7. АҚ «ЖЗҚ «Нефтегаздем» 8. АҚ «ЖЗҚ «Капитал» 9. АҚ ЖЗҚ «Атамекен» 10. АҚ ЖЗҚ «Казахмыс» 11. АҚ «ЖЗҚ «БТА Қазақстан» 12. АҚ «ЖЗҚ «Қорғау» 13. АҚ «Д.А.Қонаев атындағы АЖЗҚ» 14. АҚ «Республика ЖЗҚ»

Сұрақтың нөмірі: 207701
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Зейнеткерлік жасқа толмаған азаматтарға, тұрақты тұруға Ресейге немесе ТМД өзге де мемлекеттеріне қоныс аударған Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы жинақтары қалай төленеді?
Жауап: 

Зейнетақы жинақтарының мақсаты болып кәрілік шақты қамтамасыз ету табылатынын ескерсе, олар Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнеткерлік жасқа толғанда беріледі. Осыған орай заңнама бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін немесе кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы жинақтарын төлеу көзделмейді. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдаланады. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 5-тармақшасы) Осылайша, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету кезінде зейнеткерлік жасқа толмаған азаматтарда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алу құқығы олар шетелдік мемлекеттің азаматтығын немесе азаматтығы жоқ тұлға мәртебесін алғаннан кейін туындайды.

Сұрақтың нөмірі: 207702
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің ауыр халдегі науқас қызым бар, қазіргі уақытта оны күтумен жүрмін, осыған орай жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ, ал қызымның емделуіне ақша қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорында менде біршама зейнетақы қаражатым жиналды. Маған қызымды емдеу үшін осы ақшамды алуға бола ма?
Жауап: 

Зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың негізгі мақсаты –азаматтардың кәрілік шағындағы әлеуметтік қамсыздандыруға деген конституциялық кепілдіктерін іске асыру. Осыған орай, жұмыскердің айлық табысынан ұсталып, азаматтардың жеке зейнетақы шоттарында жинақталатын міндетті зейнетақы жарналары – ол кәрілікті қамсыздандыру мақсатында жинақталатын қаражат. Осыған байланысты, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың оларды алуға мынадай жағдайларда құқығы бар: ер адамдар 63 толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда; төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: ер адамдар – жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде; әйелдер - жалы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа толғанда; 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы). Сонымен қатар, жеке азаматтар санаттарына, атап айтқанда, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, егер олардың мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын жалпыға ортақ зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төлеу көзделеді. Жоғарыда айтылғанның негізінде, Қазақстан Республикасы азаматтарының жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын зейнетақымен қамсыздандырудан басқа мақсаттарға алуы қолданыстағы зейнетақы заңнамасында көзделмейді.

Сұрақтың нөмірі: 207703
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшінің қызметтеріне ақы қалай төленеді?
Жауап: 

Ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшінің қызметтеріне ақыны аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сағатына: ымдау тілі маманына – ең төменгі жалақы мөлшерінің он бес пайызы есебінде, бірақ жылына отыз сағаттан асырылмай; жеке көмекшіге – мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның бір сағаттағы жалақысы мөлшері есебін негізге ала отырып, бірақ күніне 8 сағаттан асырмай төлейді. Жеке көмекшінің жүктеме нормасын мүгедектің нақты қажеттілігіне қарай аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен белгіленеді, бірақ күніне 8 сағаттан аспау керек. Ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеу тек қызметтер көрсетуге арналған шарт жасалғаннан кейін қызмет көрсету күнінен бастап жүзеге асырылады.

Сұрақтың нөмірі: 207705
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Мысалы, 2000 жылы ІІ топтағы мүгедек деп танылған азаматың еңбек қабiлетiнен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің тағайындалуына құқығы барма?
Жауап: 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу жүргізілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушының құқығы бар. Мүгедектер 2005 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері (жұмысынан, асыраушысынан айырылу) бойынша қатер басталған кезде әлеуметтік аудармыдарға құқылы.

Сұрақтың нөмірі: 207706
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші