check

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Саламатсыз ба?Сіздерден сұрайын дегенім 2007 жылдың 17 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 'Мемлекеттік құпиялар туралы' Заңының 12 бабының 36 тармағының негізінде емтихан сұрақтарының жауаптары мемлекеттік құпия қатарына жатқызылауына байланысты 'Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы' РМҚК-ның қызметкерлеріне мемлекеттік құпияны сақтау жүктеліп отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.12.2007 жылғы №1400 қаулысының 14 қосымшасына сәйкес орталық қызметкерлеріне базалық қызмет ақыдан 25% қосымша ақы төлене ме?
Жауап: 

Құрметті Жаннұр! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» РМҚК мамандарына мемлекеттік және қызметтік құпия құжаттармен жұмысы үшін қосымша ақы көзделмеген.

Толық ақпарат алу үшін саулыңызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.

Е ңбекақы төлеу әдіснамасы бөлімінің жетекші маманы Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 208343
22 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Уш ай стаждан откен мезгилимде (15/11/07 ж - 21/02/08 ж) кызметкерлердин кыскарылуына (сокращение) байланысты мекеме басшысы буйрыгына сайкес мени жумыстан босатуда. Зан бойынша мен 'сокращение' негизинде жумыстан босатылсам, маган 'компенсация' толеуи шарт. Сынак мерзиминен енди отуиме байланысты мекеме маган 'компенсация' толемеймиз дегени занды ма? Алде есеп айырысудан (расчет) тыс, маган занга сайкес орташа айлык колеминде 'компенсация' толеуге миндетти ме? Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Темір Аланбаев! Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 36 бабына сәйкес сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.

Осыған орай, Кодексінің 157 бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.

орындаушы Б.С.Жұмағұлов, бас маман-бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 208114
19 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер! Мен, ҚР азаматымын шет елге жұмысқа 1 жылға жіберілдім.Бұл жағдайда менің Қазақстандағы еңбек ақым сақталады ма және зейнет қорына аударылатын төлем қалай іске асады. Осы туралы қай заңды қарасам болады. Алдын ала рахмет.
Жауап: 

Құрметті Нұрлан!

Іс-жүзіндегі заңдылықта шет елдегі табыстан ұсталған жарналарды Қазақстандағы зейнетақы қорына аудару жолдары қарастырылмаған. Ол туралы халықаралық шарттар, заңдар әзірше жоқ.

Бірақ, келешегіңіз үшін өз пайдаңызға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын аудару мүмкіндігіңіз бар екендігін түсіндіреміз.

Аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы №245 Қаулысымен бекітілген «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың Ережесімен» реттелген.

Орын. Жүсіпбекова Гүлзат - жинақтаушы зейнетақы жүйесі бөлімінің бас маманы

Сұрақтың нөмірі: 208074
18 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен казір декреттемін. Мектептен қазан айында декреттік демалыска шыгып босанып отырмын.Сурак менін айлыгымның 40 пайызы сакталама ? Оны кімнен аламыз ? Жауабынызга рахмет.
Жауап: 

Құрметті Тамара!

Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығыңыз бар.

Яғни, сіз бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем – сіздің соңғы 24 айдағы орташа табысыңыздың 40 % мөлшерінде әлеуметтік төлем ала аласыз.

Белгіленген әлеуметтік төлемдерден Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын болады.

Әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-нің тұрғылықты жердегі филиалына өтініш беру қажет.

орын. Қамбаров Талғат Үсенұлы. - Әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы

Сұрақтың нөмірі: 207988
13 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын.03.12.2007 жылдан -06.04.2008 жылға дейін босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі еңбекке жарамсыздық туралы қағаз бойынша демалысқа шықтым. Жұмыс істеген жерге больничный қағазымды 15.12.2007 жылы апардым. бІРАҚ ОЛ ЖЕРДЕ МАҒАН 126 күнге ақшаны ГНЦП төлейтінін айтты. Алматы қаласы ЖЕТІСУ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ОРталығЫНДА МАҒАН АҚША ТӨЛЕУДЕН бас тартты. 01.01.2008 жылдан басталатын қағаздар болса ғана төленеді деді.Менің больничныйымды кім төлейді?
Жауап: 

Құрметті Әсел!

Егер сіз жүктілік және босануға байланысты демалысқа 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейін шықсаңыз, онда жүктілік пен босану жәрдемақысы жұмыс беруші қаражаты есебінен төленеді.

2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдерге жүктілік пен босануға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

орын. Қамбаров Талғат Үсенұлы. - Әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы

Сұрақтың нөмірі: 207989
13 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, Мұратова Жанар мынадай жайды түсінгім келеді. Мемлекеттік қызметкер жұмыс бабында жүріп қайтыс болады, оның артында екі 9 жастағы баласы және жұбйы қалады. Жұбайы жұмыс жасамайды. Енді ол балаларға қандай зейнетақы немесе қандай жәрдемақы төленуі тиіс? Жұмыс орнынан қандай зейнетақы көлемі төленуі тиіс, соны түсінгім келеді.
Жауап: 

Құрметті Жанар! «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне мемлекеттік органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа жалақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл орайда жәрдемақының мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгеннен төмен болмауы керек.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңының 13-бабы).

Бұл жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және ай сайын ақшалай төленіп отырады.

Жәрдемақы мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің санына байланысты тиісі жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін ЕТКД мөлшерінің өзгеруіне қарай анықталады.

2008 жылдың 1 қаңтарынан ЕТКД 10515 теңгені құрайды.

Екі балаға тиесілі жәрдемақы мөлшері 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейін, яғни (10515 х 1,14)=11988 теңгені құрайды.

Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аудандық/қалалық бөлімшесіне тиістіқұжаттарын тапсыруы қажет.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208028
12 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, ЖҰБАНАЗАР Аманжол Жұмабайұлы 1972 жылы 26 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Қопасор елді мекенінде дүниеге келдім. Қазір Шалқар қаласында (аудан орталығы) тұрамын. Туғаннан осы ауданның тұрғынымын. Институт бітіргеннен соң 1995 жылдан бастап Шалқар қаласына жұмыс жасап келемін. 2004 жылдың сәуір айынан бастап Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы №21 Шалқар филиалында жетекші маман болып жұмыс жасаймын. Маған Арал өңіріндегі экологиялық жағдайға сай төленетін үстемақы тиесілі ме? Осы сұраққа жауап беруіңізді сұраймын. Сұрақтың жауабын жазбаша түрде мына мекен-жайға жолдауыңызды сұраймын. Ақтөбе облысыШалқар қаласыТ. Шойғарин көшесі 22 үй, 2 пәтерЭл. почта: azhubanazar@mail.ru
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы! «Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген қосымша еңбекақы Заңда көрсетілген аймақтарда тұратын, жұмыс істейтін және зардап шеккен азаматтар статусы бар азаматтарға төленеді.

Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар статусы аталған Заңның 2-бөлімімен айқындалған.

Заңның 9-бабына сәйкес экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тәртіппен тұрғылықты жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

Осы көрсетілген екі мәселе бойынша құжаттарыңыз болса келесі төлемдер төленуі тиіс.

Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа мынадай аудандар бойынша экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрғаны үшін коэффициенттер түріндегі еңбекақы төлеу белгіленді:

экологиялық апат – 1,5

экологиялық дағдарыс – 1,3

экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ – 1,2.

Көрсетілген коэффициенттер қызметкердің лауазымдық қызмет ақысына (тарифтік ставкасына) қоса есептеледі.

Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап экологиялық қасірет аудандарында тұратын халық ай сайын қосымша еңбекақы алады.

Заңның 22-бабына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде осы Заңда көзделген ережелерді жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттары, ерікті жарналар, қайырымдылық көмек есебінен қаржыландырылады.

Осылайша экологиялық апат салдарынан зардап шеккен қызметкерлерге қосымша еңбекақы төлеу үшін қаражат ұйымның еңбекақы қорын қалыптастыруда көзделеді.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 10-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі.

Сондықтан жоғарыда аталған қосымша еңбекақы төлеу еңбек шартында көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексінің 144-бабының 11) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар табыстарының экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдеріне жеке табыс салығы салынуға тиіс емес.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208056
12 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, ЖҰБАНАЗАР Аманжол Жұмабайұлы 1972 жылы 26 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Қопасор елді мекенінде дүниеге келдім. Қазір Шалқар қаласында (аудан орталығы) тұрамын. Институт бітіргеннен соң 1995 жылдан бастап Шалқар қаласына жұмыс жасап келемін. 2004 жылдың сәуір айынан бастап Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы №21 Шалқар филиалында жетекші маман болып жұмыс жасаймын. Бұл мекеменің басты кеңсесі Астана қаласы, пр. Победы, 60 үйде орналасқан.2004 жылдың сәуір айынан бастап аталған мекемеден жалақыға қосылатын экологиялық төлемдер төленбей келеді. Айтысып жүріп 2007 жылдан бастап төлеткен болдық. Онда да экологиялық төлемдерден салық ұсталып келді. Оған да көндік. Енді міне 2008 жылдың қаңтар айынан бастап экологиялық төлемдерді төлеуді тоқтатып тастады. Астанаға бухгалтерияға телефон соқсам, 'Саған экологиялық төлем тиесілі емес' – дейді. Олар 1992 жылғы 30 маусымдағы №1468-ХІІ Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңының ІІ бөліміндегі 6 бапқа сілтеме жасайды. 'Ал сен 1972 жылы туғансың', - дейді. Ал аталған ҚР Заңының 6 бабында: '1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (он жасқа дейінгі балаларды қоса)', - деп көрсетілген. Сонда қалай болғаны 1972 жыл осы аралыққа кірмей қала ма? Осы сұрақ бойынша тиесілі жауабын беруіңізді сұраймын. Осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы! «Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген қосымша еңбекақы Заңда көрсетілген аймақтарда тұратын, жұмыс істейтін және зардап шеккен азаматтар статусы бар азаматтарға төленеді.

Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар статусы аталған Заңның 2-бөлімімен айқындалған.

Заңның 9-бабына сәйкес экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тәртіппен тұрғылықты жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

Осы көрсетілген екі мәселе бойынша құжаттарыңыз болса келесі төлемдер төленуі тиіс.

Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа мынадай аудандар бойынша экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрғаны үшін коэффициенттер түріндегі еңбекақы төлеу белгіленді:

экологиялық апат – 1,5

экологиялық дағдарыс – 1,3

экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ – 1,2.

Көрсетілген коэффициенттер қызметкердің лауазымдық қызмет ақысына (тарифтік ставкасына) қоса есептеледі.

Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап экологиялық қасірет аудандарында тұратын халық ай сайын қосымша еңбекақы алады.

Заңның 22-бабына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде осы Заңда көзделген ережелерді жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттары, ерікті жарналар, қайырымдылық көмек есебінен қаржыландырылады.

Осылайша экологиялық апат салдарынан зардап шеккен қызметкерлерге қосымша еңбекақы төлеу үшін қаражат ұйымның еңбекақы қорын қалыптастыруда көзделеді.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 10-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі.

Сондықтан жоғарыда аталған қосымша еңбекақы төлеу еңбек шартында көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексінің 144-бабының 11) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар табыстарының экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдеріне жеке табыс салығы салынуға тиіс емес.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208054
10 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында мұғалім болып жұмыс жасаймын.Еңбек өтілім - 13 жыл, категориям ІІ санатты. Апталық жүктемем - 25 сағат. Осының 18 сағаты тарификациядан өтеді, ал 7 сағаты вакант. Қыркүйектен бері өтіп келе жатқан сағат неге вакант болады? Апталық сағат пен жеке сағат төлеуде қандай айырмашылық бар?
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы!

Сіздің қойып отырыған сұрағыңыз біздің Министрліктің қарауына жатпайтынын хабарлаймыз. Аталған сұрақпен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңыз қажет.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 207909
9 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
2008 жылы 2 және 3 дәрежелі мүгедектерге төленетін жәрдем ақы қанша пайзға өспек?
Жауап: 

Құрметті Гүлден!

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі –жәрдемақы) мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен (ЕTКД) есептеледі. (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Заңы»)

Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобы мен ауруының себеп-салдарына байланысты тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін ЕТКД мөлшерінің өзгеруіне қарай анықталады.

2008 жылдың 1 қаңтарынан ЕТКД 10515 теңгені құрайды.

2 топ жалпы ауру мүгедегінің жәрдемақысы (1,06 х 10515)=11146 теңгені, ал 3 топ жалпы ауру мүгедегінің жәрдемақысы (0,74х 10515)=7782 теңгені құрайды.

Бұдан өзге мүгедектердің санаттарына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы көзделген. (негіздеме: Қ азақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңы)

Бұл жәрдемақының мөлшері бюджет туралы заңда көзделген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінен есептеледі. АЕК мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады.

2 және 3 топ мүгедектерінің арнаулы мемлекеттік жәрдемақылары 1636 теңге және 701 теңгені құрайды.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 207904
8 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші