You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сәлеметсіздер ме? Мен ауруханаға 15.05.2015 жылы программист қызметіне, қызметін ауыстырған А.Қ.... атты адамның орына жұмысқа қабылданамын. Бірақ бұйрықта "уақытша" деген сөз жоқ, және келісім шартта да "уақытша" деген сөздер жоқ. Уақыт өте келе 15.05.2016 жылы мен жалақысы сақталатын еңбек демалысын аламын. Бастықтын шақыртып алуымен және менің келісімімен 16.05.2016 жылы жұмысқа қайта шақыртылып, айлығым да еңбек демалысымның жалақысы да төленеді.

Жауап: 

Жауапсыз

25 маусым, 2017 - 00:18 өзгертілді

Сәлеметсіздерме! Менің сіздерге қояр сауалым.Мектепте 8 жылдан бері мұғаліммін. Қазан айында декреттік демалыстан жұмысқа оралдым, маусым айының 15інен бастап отпускке шықтым. Маған отпускной неше күнге төленуі тиіс.34 күнге ме әлде толық 48 күнге төлеуі керекпе? 

Жауап: 

Жауапсыз

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! Келесі сұраққа жауап беруіңізді сұраймын.

              Еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты, жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан босатқысы келсе, бірақ аяқталу күнінде жұмыскер іссапарда болса, еңбек шарты қалай тоқтатылады және жазбаша хабарлама қай күні табыс етілуі тиіс?

Жауап: 

Жауапсыз

Сәлеметсіз бе! Менің қойғым келген сұрағым мектепте жұмыс жасап жүріп 05.01.2017 жылы жұмыстан шықты, мектептен расчетный алмады. Сол күні 05.01.2017 жылы аудандық ауруханаға жұмысқа қайта қабылданды. Енді жұмысқа жаңадан қабылданған медбикелерге 2017 жылдың еңбекдемалысы толық 42 күнге шығады ма немесе нақты жұмыс жасаған күніне 21 күнге шығады ма? 21 күннің есебі /42күн / 12 айға = 3,5 орташа күн * 6 жұмыс жасаған айы = 21 күн/. Алдын ала үлкен рахмет!

Жауап: 

Жауапсыз

9 маусым, 2017 - 11:45 өзгертілді

2017 жылдың 29 мамырында мемлекеттік әлеуметтік сараптамадан (қайта өту) өттім.Арада 7 жүмыс күні өтті,egov.kz сайты арқылы күнделікті қарап отырмын,маған осы уақытқа дейін Әлеуметтік жәрдемақы,арнаулы мемлекеттік жәрдемақы,жалпы еңбек ету қабылетінен айырулына (УОТ) байланысты тиісті әлеуметтік төлемақы сомасы тағайындалған жоқ.Сақтандыру компаниясы осы аталған құжаттардың жоқтығын желеу етіп ,тиісті төлемдерді тоқтатып тастайды ма деп алаңдаймын.1411 тел.арқылы сұрағанымда әлі бізге тиісті құжаттар түскен жоқ-деді

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, құрметті Мейрам!

 

Медициналық-әлеуметтік сараптамадан қайта өткен анықтамаңыздың негізінде Сізге анықтамада белгіленген мерзімге, яғни  2017 жылдың 16 мамырынан 2018 жылдың 29 мамырына дейінгі аралыққа мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалды.

Сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем де осы аралыққа тағайындалып, ағымдағы жылдың шілде айының қажеттілігіне қосылғанын, сонымен қатар, Сізге тиісті төлемдердің тоқтатылмайтындығын хабарлаймыз.

Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым төмендегідей.

1-ші. Үйден оқытатын жүктеме сағаты үшін мұғалімдерге (Деңгейлі біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертифика алған Кембридж бойынша) қосымша ақы төленеме?

Жауап: 

Бірінші сұрағыңыз бойынша. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

Қаулыға сәйкес педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық айлықақылар (ЛА) (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.

Сондай-ақ, «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығының 9-тармағына сәйкес педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысы тарифтік ставканы (лауазымдық жалақыны) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді.

Сонымен бірге, білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар Қаулыға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген, оның ішінде деңгейлі біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының:
бірінші (ілгері) деңгейдегі ЛА-дан 100 %; екінші (негізгі) деңгейдегі ЛА-дан 70 %; үшінші (базалық) деңгейдегі мұғалімдеріне ЛА-дан 30 % мөлшерінде қосымша ақы көзделген.

Бұл ретте, көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен асырылмай белгіленеді. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін төленеді.

Осыған орай, аталған сұрағыңыз бойынша нақты және ресми ақпарат алу үшін білім саласындағы уәкілетті орган – ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңіз қажет.

Екінші сұрағыңыз бойынша.

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.

Сонымен бірге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

Кодекске сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.

Кодексітң 91-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;

4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында (алдын ала) толық көлемде немесе нақты жұмыс істеген күндеріне қарай үйлесімді есептеліп, еңбек демалысының бір бөлігі берілуі мүмкін.

Ермаханова А.К. – Еңбекақы төлеу басқармасының сарапшысы

9 маусым, 2017 - 10:04 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба! Мен анамның денсаулығы бойынша жазып отырмын. Ол кісі көп балалы ана (5 ұл, 1 қыз), зейнеткер. ОҚО, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылында тұрады. Анамнан М2 төс обырын анықтап отыр. Алматы қаласындағы онкология институтында диагностикадан өтуге, емдеуге қандай жеңілдіктер беріледі? Ол үшін істеуіміз қажет? Қазақстанда ракты емдеу тегін жүргізіледі деп естіген едім. Осы рас па?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе,!

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің сайтқа сұрақ қоюыңыз қажет (mz.gov.kz).

Саламатсыз, мемлекеттік мекемеде бас маман еңбекке декреттік демалысқа дейінгі мерзімге жарамсыз парағымен 6 ай  больничныйға жіберілді. еңбекке жарамсыз парағы 29 қыркүйек 2017 жылы жабылады. осы мерзімге 6 айға жеке келісім шарт негізінде осы қызметкердің орнына  іс жүргізуші (техникалық қызметкер) алуға болады ма?

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнің 30-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес еңбек шартын уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына жасалуы мүмкін.

Осыған орай, жұмыс беруші бас маманның жұмыс орнына (лауазымына)  уақытша іс жүргізушімен (техникалық қызметкермен) еңбек шартын жасасуына болады.

Сонымен қатар, Кодекстің 51-бабының 4-тармағына сәйкес уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнi болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Еңбек құқығы мәселелері» («Вопросы трудового права») бөліміне жазуыңызға болады, себебі  «Еңбекақы төлеу әдіснамасы»  бөлімі еңбекақы төлеу, ақылы еңбек демалысы, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы және т.б. бойынша түсініктемелерге және  оларды дұрыс есептеу әдіснамасына арналған.

 

 

 

Тұңғышбаева Б. Т. – Еңбек басқармасының сарапшысы

Ермаханова А.К. – Еңбекақы төлеу басқармасының сарапшысы

16 маусым, 2017 - 17:46 өзгертілді

1. қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру тәртібінде басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау шығыстарының орнын толтыру қарастырылған. Ал ауданнан қалаға оқуға жіберілген жағдайда тұрғын үйді жалдау шығыстары төлене ма, бірақ та өңірлік комиссия арқылы мобильдік оқу орталықтары құрылмаған болса?

2. жазғы каникул мерзімде жасы 15 жастағы студент қоғамдық жұмысқа бара алама?

Жауап: 

Жауапсыз

30 мамыр, 2017 - 10:12 өзгертілді

Саламатсыздар. Менің қояр  сұрағым балабақшадағы тәрбиеші  2016 жылдың Мамыр айында еңбек демалысына шығып 2016 ж Шілде айында жұмысқа түсті 6 ай жұмыс істеген соң  2016 жылдың желтоқсан айын аяқтап жүктілігіне байланысты демалысқа кетті. 2017 жылдың Мамыр айында еңбек демалысынына  42 күнге шықанда  сенбі, жексенбі күндерін алып тастап 30 күнге есептелінеді ме әлде 42 күнді 12 айға бөліп 3,5*6ай=21 күнге төленедіме. 

Жауап: 

Жауапсыз

19 мамыр, 2017 - 11:17 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Министр Т.Дүйсенованың халық алдында есеп беру кездесуі 21.06.2017 ж.
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Әр адамға қамқорлық
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші