You are here

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 69 кәсіпорында 2,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 342 млн. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 33 нұсқама беріліп, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 331 млн теңге төленді.     

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 442 тексеру жүргізді. 866 ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 28,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

12 ақпан, 2020 - 10:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші