You are here

2019 жылы БЖТ төлеушілер 924 млн теңгеден астам төлем аударды

БЖТ

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңде бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ ) төлеушілер болып табылатын, бейресми жұмыспен қамтылған 297 мың азамат  жалпы сомасы 924,1 млн.теңгеге 562,3 мың төлем жасады.

Төлемдердің жалпы санынан 166,9 мың төлемді елорданың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың тұрғындары 421,5 млн. теңге сомасына, 395.4 мың төлемді 502,6 млн.теңгеге басқа елді мекендердің тұрғындары жүзеге асырды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖТ – бұл бейресми жұмыспен қамтылған адамдарға жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін режим.

БЖТ жылдық жиынтық табысы 1 175 АЕК (2020 жылы – 3 млн 115 мың теңге) аспайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтар үшін енгізілді.

Ол 4 төлемді қамтиды: жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар.

Қала мен ауыл тұрғындарының кірістеріндегі айырмашылықты ескере отырып, қала тұрғындары үшін БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе 2 651 теңгені құрайды, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК - 2020 жылы 1 325,5 теңге.

Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:

- 10 % – жеке табыс салығы;

- 20 % - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;

- 30 % - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналары;

- 40 % - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ төлеу азаматтарға мынадай мүмкіндіктер береді:

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу және МӘМС енгізгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығымен медициналық қызметтер алу;

- жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу. БЖТ төлеушілер өздерінің жинақтарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында толықтыру, еңбек өтіліне байланысты жоғары мөлшерде базалық зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болады;

- еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.

Бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар ЖСН-і арқылы «Қазақстан Халық банкі», «Forte bank», «Сбербанк», «Цеснабанк», «Банк центр кредит», «Каспи банк», «Казпочта» бөлімшелері арқылы, сондай-ақ мобильді банктік қосымшалар арқылы БЖТ төлейді.

 

11 ақпан, 2020 - 10:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші