You are here

Мүгедектер құқығын қорғаушылар онлайн таңдалады

Үйлестіру кеңесі

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар шеңберінде жұмысының ашықтығын арттыру мақсатында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы республикалық кеңес құрамын жаңарту туралы шешім қабылданды. Үйлестіру кеңесінің жаңа мүшелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру арқылы таңдалады.

Үйлестіру кеңесі 2014 жылы құрылып, құрамы 6 жыл бойы жаңартылмаған.

Бүгінгі күні Үйлестіру кеңесіне 26 адам кіреді. Олардың арасында саңыраулар, зағиптар, сал ауруына шалдыққан азаматтар, жастар мүгедектер қоғамының, мүгедек әйелдердің, жоғары білімді мүгедектер бірлестіктерінің өкілдері бар.

Үйлестіру кеңесін жаңарту бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте мүмкіндіктері шектеулі белсенді азаматтардың барынша қатысуымен өңірлік кеңестер құрылатын болады. Әрбір облыста құрамына кемінде 20 адам кіреді. Өңірлік үйлестіру кеңестерінен республикалық кеңестің құрамына 1 өкілден таңдап алынады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатарынан Үйлестіру кеңесі мүшелеріне қосымша таңдап алудың жаңалығы онлайн дауыс беру арқылы болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында ақпан айының соңында әлеуетті үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталады. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін Үкімет қаулысына өзгерістер енгізіледі.

Айта кетейік, Үйлестіру кеңесінің мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру, олардың тіршілік әрекеті мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.      Республикалық Үйлестіру кеңесінің отырысы жылына 2 рет өтеді. Онда өте маңызды мәселелер көтеріледі. Соңғы отырыста айтылған ұсыныстар Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарға 2025 жылға дейін енгізілді.

10 ақпан, 2020 - 11:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші