You are here

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

оқуды аяқтауы;

     7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

 

 

 Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

С-3

154141

208294

С-4

138248

186551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail: kadry_mtszn@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

 

  1. Әдеп жөніндегі уәкіл, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету. Мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ету. Басшылықтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторинг жүргізу және бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлау. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдау және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу. Ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкіліне әдіснамалық басшылықты үйлестіру және жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология, шетел филологиясы), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, қоғаммен байланыс, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілікжүргізу), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  1. Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау істері басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері:  Басқарманың мыналар: әлеуметтік көмек көрсету, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар, басқа да радиациялық апаттар мен авариялар салдарынан зардап шеккен азаматтарды, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын, Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін уақтылы да сапалы қарау, баяндамалар, мақалалар дайындау бойынша  қызметіне, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысына, әлеуметтік көмек көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің іске асырылуын мониторингілеу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты бақылау қызметіне жалпы басшылық ету, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені талдау, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  1. Қаржы департаменті ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері:  Басқарманың ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың даму жоспарларын дайындау, олардың қаралуын және бекітілуін және олардың даму жоспарларының есептерін қамтамасыз ету бойынша қызметіне жалпы басшылық жасау, жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңестерінің отырыстарына ұсынылған материалдарды қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті құзыретті органдарға тоқсан сайынғы есептілікті ұсыну, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) жобаларын дайындау және келісу, бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) орындалуы туралы есептер дайындау, басқарма құзыретіне кіретін жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуін мониторингілеу және талдау, Министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, республикалық бюджет комиссиясының, Үкіметтің отырыстарына ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша, сондай-ақ Парламентте Үкімет есебін қорғау үшін материалдар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) жобаларын және олардың орындалуы туралы есептерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит).

  1. Қаржы департаменті ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметшінің 09.02.2020 ж. дейін жүктілікке және босануға байланысты демалыста болу кезеңіне), С-4 санаты

Функционалдық міндеттері:  Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың даму бағдарламаларын және олардың орындалуы туралы есептерін қарау, келісу және бекітуге дайындау, акционерлік қоғамдардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жылдық қаржылық есептілігін бекітуге дайындау; жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестерінің отырыстарына ұсынылған материалдарды қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау, Министрлікке бағынысты ұйымдарды құру, тарату, қайта ұйымдастыру немесе өзгеше өзгерту мәселелерін қарастыруға қатысу, жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму бағдарламаларын орындауына мониторинг жүргізу және Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі (ЕТБЖ) базасына деректерді енгізу, тиісті мемлекеттік органдарға басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді жасау, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жобаларын дайындау және келісу, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атқарылуы туралы есептерді дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуіне мониторинг жүргізу және талдау, басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспарын және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Республика Президентінің  тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындыларды дайындау, республикалық бюджет комиссиясының, Үкіметтің отырыстарына ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша, сондай-ақ Үкіметтің есебін Парламентте қорғау үшін  материалдар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалар хаттарының, ұсыныстарының, өтініштері мен шағымдарының қаралуын қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) жобаларын және олардың орындалуы туралы есептерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика,  мемлекеттік аудит).

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________

      

 

__________                                ____________________________________
(қолы)                                                                                               (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

24 желтоқсан, 2019 - 17:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші