You are here

Зейнетке шығу жасын төмендету және әр балаға жәрдемақы төлеу туралы таратылған хабарлама - жалған

фэйк

Әр түрлі хабар таратушы мессенджерлерде 2020 жылғы қаңтардан бастап әр балаға әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы және Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын төмендету туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі уақытта Парламентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейтін Заң жобасы қаралуда. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Жаңа жәрдемақыны тағайындау 2020 жылы өтініш берілген күннен бастап жүргізілетін болады. Құжаттарды қабылдау процесі ешқандай мерзімдермен шектелмеген, яғни көпбалалы отбасының жәрдемақыға құқығы 2020 жылдың ортасында пайда болса, ол балалардың бар екенін және бірге тұру фактісін растайтын құжаттармен және тиісті өтінішпен ХҚКО-ға жүгінеді. Егер бұл деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталса, көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Қазіргі уақытта көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын отбасыларға, тиісінше ол 2018 жылға дейін тағайындалған отбасылар, өтініш беруші мен оның бірге тұратын балалары ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда, жаңа жәрдемақыға көшу автоматты түрде ХҚКО-ға өтініш жасамай жүзеге асырылады. Осы санаттағы отбасының бесінші және одан да көп балалары туған кезде жәрдемақы мөлшерін өзгерту құқығы сақталады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың басқа түрлерін тағайындау жоспарланып отырған жоқ.   

30 қараша, 2019 - 13:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші