You are here

Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбекминінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

Тұңғыш Президенті күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға Министрліктің орталық аппаратының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ саланың ардагерлері қатысты.

Жиналысты ашқан министр Біржан Нұрымбетов Тұңғыш Президенттің Қазақстан мемлекеттілігін құрудағы, Қазақстан қоғамының XXI ғасырда тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі тарихи рөлін атап өтті.

«Тұңғыш Президент – Елбасы саясатының нәтижесінде тәуелсіз жылдары біздің мемлекет әлеуметтік экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жетіп, Қазақстан алдына  аса дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы өр мақсатына нақты қадам басуда. Тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап, Тұңғыш Президент – Елбасы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік үрдістердің қатарынан қалмай келеді. Қоғамдық саяси өмірде біздің мемлекет өзінің жетістіктерімен, терең құрылымдауымен әлемдік қауымдастыққа танымал болып, онда лайықты орынға ие болды», – деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер әкімшілік мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.

Салтанатты жиналыс соңында Министр барша қауымды келе жатқан мемлекеттік мерекемен тағы да құттықтап, келісім мен тұрақтылықты, бақ-береке мен елдің өркендеуі жолында жаңа жеңістерге жетуді тіледі.

29 қараша, 2019 - 16:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші