You are here

Біржан Нұрымбетов Алматы облысында гранттар мен микрокредиттер беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды

іс-сапар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Алматы облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Талдықорғандағы жұмыспен қамту орталығында болып, онда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Еңбекминінің басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, ЖҚО қызметкерлеріне бизнесті дамыту үшін гранттар мен микрокредиттер беру жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынды.

Министр микрокредиттер мен гранттар алудың нәтижесінде ашылған өз бизнесін табысты дамытып жүрген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын құттықтады.

«Биыл бүкіл елге микрокредиттер беруге 83 миллиард теңге және гранттар үшін 18 миллиард теңге бөлінді. Біздің бағалауымыз бойынша 20 мың адам микрокредит алуы керек, 38 мың адамға грант бергіміз келеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы барлық өңірлерде жүзеге асырылуда, мен оның қатысушыларының жетістіктеріне шын жүректен қуанамын. Алматы облысында биыл 1208 адам микрокредит алды, оның 763-і жеке кәсіптерін ашып, ауылдарда 1146 қосымша жұмыс орнын ашты. 1 687 адам 100 және 200 АЕК-ке дейінгі гранттарға ие болды. Бағдарламаны іске асыру бойынша оң өзгерістер байқалады, бірақ облыста микрокредит беру жоспары 60%-ға, 200 АЕК-ке дейінгі гранттар беру 62%-ға ғана орындалғанын атап өткім келеді. Сондықтан, барлық жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері Мемлекет басшысының отбасылық бизнес, бірінші кезекте көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін бизнес құру туралы тапсырмасын ескере отырып, жұмысты жандандыруы керек», – деді Біржан Нұрымбетов.

Жұмыс сапары барысында ҚР Еңбекмині басшысы «Қамқор» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар және Ақмола облыстарында түсіндірген болатын.

15 қараша, 2019 - 19:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші