check

You are here

«Пилоттық режимде мобильді халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Пилоттық режимде мобильді халықты жұмыспен қамту

орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және қаржыландыру

 қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

««Пилоттық режимде мобильді халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және қаржыландыру  қағидаларын бекіту туралы» «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 3-тармағын 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының - 5.2.1 және 5.3.1- тармақтарына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және мобильді жұмыспен қамту орталықтары қызметінің белсенді форматына көшу болып табылады.

Мақсатқа қол жеткізу үшін мобильді орталықтардың жұмысы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің проактивті нысанын көрсетуге мынадай міндеттерді шешу арқылы бағытталған:

1) Халықты жұмыспен қамту туралы Заңында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары туралы консультациялық қызметтер көрсету;

2) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және басқа да жүгінген адамдарға, сондай-ақ жұмыс берушілерге қажетті жұмыскерлерді іріктеуде еңбек делдалдығын көрсету;

3) «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру;

4) бос жұмыс орындарының жәрмеңкелеріне қатысу, оның ішінде мамандандырылған.

ТіркемеМөлшер
Package icon press-reliz_kaz-rus.zip16.57 KB
7 қазан, 2019 - 11:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші