check

You are here

2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқан өткізу жөніндегі Жол картасы

2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқанын өткізу туралы
ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқанын өткізетіндіктерін жариялады.

«Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқанын өткізудің негізгі міндеттерінің қатарында:

  • еңбек жағдайын жақсарту;
  • өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту;
  • «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқаны аясында ақпараттық кампаниялар өткізу.

Ақпараттық-түсіндіру кампанияларының мақсаты кәсіпорындардың, компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың жұмыс берушілері мен жұмыскерлерінің назарын жұмыс орындарында сау әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруға аудару.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 23 пайызға тарта жұмыскерлер өз қызметтерін зиянды еңбек жағдайында атқаруда.

Ұйымдарда жыл сайын екі мыңнан аса жазатайым оқиғаларға жол беріледі, оның ішінде үш жүзі адам өлімімен аяқталады.

Бір мыңдай жұмыскер жыл сайын алған жарақаттары мен өндірістік аурулар салдарынан мүгедек болып қалады.

Министрлік әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқанын өткізу бойынша Жол картасын әзірледі.

Жол картасы республикалық және өңірлік деңгейде келесі іс-шаралардың өтуін қарастырады:

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде ұлттық шолуды дайындау;

- 2019-2023 жж. арналған өндірістік жарақаттану мен зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс орындарын азайту бойынша Кешенді жол картасын қабылдау;

- «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқанына арналған іс-шараларды ҚР Еңбекминінің интернет-ресурсына, ҚР КФ, «Атамекен» ҰКП, БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жариялау;

- кәсіби тәуекелдері жоғарғы деңгейлі салаларда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту;

- кәсіби тәуекелдері жоғарғы деңгейлі өңірлер мен кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдау;

- «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» конкурсын ұйымдастыру; 

- «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы», «Үздік техникалық еңбек инспекторы» конкурсын ұйымдастыру;

- өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек шиеленістерін реттеу  мәселелері бойынша өңіраралық кеңестер өткізу;

- БАҚ-да, республиканың өндірістік ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша анықтамалар, буклеттер, брошюралар, видео-роликтер дайындау;

- «Бірге еңбекті қорғау саласындағы алдын алу мәдениетін көтереміз» республикалық акциясын өткізу;

- республика кәсіпорындарын «Vizion Zero» (жарақаттануға төзбеушілік) Әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық ассациациясы Бағдарламасына қосылуы жөнінде ақпараттық кампаниялар өткізу;

- өңірлерде еңбекті қорғау, кәсіби аурулардың алдын алу бойынша айлықтар өткізу;

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауды қоғамдық бақылауды күшейту;

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша минималды стандарттарды сақтау мәселесі бойынша кәсіпорындарға бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу.  

Біз барлық жұмыс берушілерді және еңбек ұжымдарын «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық науқаны аясында өткізіліп жатырған шараларға қосылуға шақырамыз.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon kauipsiz_enbek_qaz.doc120 KB
PDF icon dk_2019-23_kaz.pdf273.52 KB
26 қыркүйек, 2019 - 16:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші