check

You are here

ЕАЭО-да Еуразиялық электронды еңбек биржасы құрылады

ЕАЭО-да Еуразиялық электронды еңбек биржасы құрылады

2019 жылдың соңына дейін «ЕАЭО мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйелік моделін әзірлеу» жобасын бастауға арналған құжаттар пакетін дайындау жоспарлануда.

Жоғарыда аталған электрондық биржалар еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын дамытуға және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттерінің азаматтарын жұмысқа орналастыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Электрондық құжаттаманы енгізу қажеттілігі жұмыс берушілерді еңбек заңнамасының талаптарын орындауға итермелеп, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек көші-қонының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру туралы бастама көтерген болатын. ЕАЭО мүше мемлекеттерінің Үкімет басшылары электрондық еңбек биржасының жобасын әзірлеуге келісті.

20 қыркүйек, 2019 - 12:11 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші