check

You are here

Қазақстанда табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталады

Қазақстанда табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталады

Қазақстанның барлық өңірлерінде аз қамтылған, көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» атты жобасы іске қосылады.

Бұл жобаны жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен оның тікелей авторы Айжани Нұрланова жүзеге асырады. Жалпы үйлестіруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асыратын болады.

20 қыркүйекте Алматы әкімдігі мен "Менің кәсібім" жобасының авторы Айжани Нұрланова арасында алғашқы тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда. Алдағы уақытта осындай меморандумдар барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен жасалатын болады.

Жоба аясында жоба авторы мұқтаж азаматтарға қажетті мүкәммал, құрал-жабдықтар мен материалдарды ұсыну арқылы үй бизнесін жүргізуге көмек көрсетіледі.

Ұқсас жобаны пилоттық режимде Маңғыстау облысында Айжани Нұрланова сәтті жүзеге асырды, онда 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерлік жүргізудің негізгі дағдыларына оқытылып, жеке ісін ашты.

 

19 қыркүйек, 2019 - 12:19 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші