You are here

Б.Нұрымбетов бизнесті бастау үшін көп балалы отбасыларға микрокредиттер қалай берілетінін айтты

Б.Нұрымбетов бизнесті бастау үшін көп балалы отбасыларға микрокредиттер қалай берілетінін айтты

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша алқа отырысы барысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бейнеконференцбайланыс режимінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне жеке бизнесті бастау үшін көп балалы отбасыларға микрокредиттердің қандай шарттармен берілетінін айтты

Министр Мемлекет басшысының көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізілетінін айтты, онда жеңілдікті шарттармен әр түрлі бизнес түрлеріне кепіл және микрокредиттер берілместен қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру механизмдері көзделген.

«Біз микрокредиттер беру шарттарын қайта қараймыз. Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында көп балалы отбасылардың жобалары үшін микрокредит беру мерзімінің ұлғайтылуы ұсынылады. Кредитті өтеу бойынша қаржылық жүктемені төмендету үшін біз номиналды сыйақы ставкасын (қолданыстағы схема бойынша 6%) төмендетуді ұсынамыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ ол жеткілікті кепіл мүлкі жоқ отбасылар үшін микрокредиттерді кепілдендіру механизмдерін ауыл мен қалаға бөлмей, бірыңғай оператор арқылы тарату жоспарланып отырғанын атап өтті (мысалы, «Даму» КДҚ АҚ).

«Атамекен» ҰКП филиалдарының көп балалы отбасылардың бизнес-жобаларын сүйемелдеу мерзімін ұлғайту ұсынылады (қазір 1 жыл).  Бұл тұрақты өсу траекториясына шығу үшін старт-ап жобаларын бейімдеуге мүмкіндік береді.

«Кепіл мүлкі және жоғары табысы жоқ көпбалалы отбасыларды қолдау мемлекеттік гранттарды ұсыну арқылы, өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 айлық есептік көрсеткіш (505 мың теңге) мөлшерінде көрсетілетін болады. Бұл оларға бастапқы кезеңде «қарапайым бизнеспен» айналысуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР Еңбекминнің басшысы.

Сондай-ақ, Бағдарламаның бюджеттің тиімді шығындалуын арттыруға бағытталған механизмдері қайта қаралады. Бірінші кезекте, оқыту тек жұмыс берушілердің өтінімі бойынша ғана жүргізілетін болады, Бағдарламаның нысаналы бағыты азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге негізделеді.

«8 айдың қорытындысы бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді. 402 мыңнан астам адам Бағдарлама қатысушысы болды.  280 мың адам, оның ішінде 185 мыңы немесе 66 %-ы тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды. Қысқа мерзімді курстарға 32 мыңнан астам адам жіберіліп, оның ішінде 16 мыңы оқуды аяқтады, оқуды аяқтаған 6 мыңнан (42%) астам адам жұмысқа тұрғызылды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 75 мың адамды қамту жоспарланған болса, оның 33 мыңы қамтылды (44%). Бағдарламаға қатысушы 8,5 мыңға жуық адам микрокредиттер, ал 7 мыңнан астам адам гранттар алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 114 мыңнан астам адам орналастырылды. Шамамен 6 мың адам немесе белгіленген жоспардың 62%-ы (9,6 мың адам) қоныс аударды», – деп хабарлады министр. 

Бұл ретте, жекелеген бағыттар бойынша кейбір өңірлерде Бағдарламаның іске асырылу қарқыны төмен екендігін, сондықтан өңірлердің әкімдерінен осы бағыттағы жұмысты күшейтуін атап өтті.

11 қыркүйек, 2019 - 18:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші